«Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1518 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 21 тамыздағы № 614 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 қарашадағы № 1518 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 1, 19-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 1) 1-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын: «7-1) корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның нысаны мен оны жасау қағидалары (140.00-нысан); 2) көрсетілген қаулымен бекітілген корпоративтік табыс салығы бойынша (100.00-нысан) салық есептілігін жасау қағидаларында: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «1. Осы Корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін (декларацияны) жасау қағидалары (100.00-нысан) (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленген және корпоративтік табыс салығын есептеуге (бұдан әрі - КТС) арналған корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігі нысанын (декларация) (бұдан әрі - декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны: мемлекеттік мекемелерді; Салық кодексінің 134-бабының 2-тармағында көрсетілген табыстар бойынша Салық кодексінің 134-бабы 1-тармағының тиісті шарттарына сай келетін коммерциялық емес ұйымдарды; Салық кодексінің 135-бабының шарттарына сай келетін әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымдарды; Салық кодексінің 135-1-бабы 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген және Салық кодексінің 134-бабы 2-тармағында көрсетілген табыстар бойынша Салық кодексінің 134-бабы 1-тармағының тиісті шарттарына сай келетін дербес білім беру ұйымдарын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|