«Тыңайтқыштардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы
Осы редакция 2013 жылғы 19 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған «Тыңайтқыштардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті бекітілсін. 2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он екі ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 491 қаулысымен бекітілген
«Тыңайтқыштардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті
1. Қолданылу аясы
1. Осы «Тыңайтқыштардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент) минералды, органикалық-минералды, органикалық тыңайтқыштарға және топырақ жақсартушы заттарға (бұдан әрі - тыңайтқыштар), сондай-ақ, олардың тіршілік циклы үдерістеріне қолданылады. 2. Осы Техникалық регламент қолданылатын тыңайтқыштардың тізбесі және Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық қызметі тауар номенклатурасының (бұдан әрі - ҚР СЭҚ ТН) сыныптамасы бойынша олардың кодтары осы Техникалық регламентке қосымшада көрсетілген. 3. Тыңайтқыштармен байланысты қатерлер мынадай қауіпті факторларға негізделеді: минералды тыңайтқыштар үшін: 1) жанғыштығы; 2) тотықтырғыштық әсері; 3) коррозиялық әсері; 4) уыттылығы; 5) көзді зақымдауы; 6) теріні жеуі; 7) көз бен теріні тітіркендіруі; 8) қоршаған сулы орта және топырақ үшін қауіптілігі; 9) қоршаған ауа ортасы және топырақ үшін қауіптілігі; 10) радиоактивті сәуле шығаруы (фосфорлы тыңайтқыштар және топырақ жақсартушы заттар үшін); органикалық және органикалық минералды тыңайтқыштар үшін: 1) бактериологиялық; 2) паразитологиялық; 3) энтомологиялық.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|