Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын айқындау жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы (2015.05.11. берілген өзгерістермен)
ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы 9 маусымдағы № 89 бұйрығымен күші жойылды
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 4-бабы 11) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын айқындау жөніндегі нұсқаулық бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Құқықтық қамтамасыз ету басқармасына (Ә.Т. Жуанышпаева) заңнамамен белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етілсін. 3. Агенттіктің Конфессияаралық қатынастар департаментіне (Б.К. Кулекеев) осы бұйрық күшіне енгеннен кейін оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етілсін және Агенттіктің интернет-ресурсына енгізілсін, сондай-ақ Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері мен қарасты мекемелерін, жергілікті атқарушы органдарын ақпараттандырылсын. 4. Осы бұйрықтың орындалуына бақылау жасау Агенттік Төрағасының орынбасары М.А. Әзілхановқа жүктелсін. 5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күннен соң күшіне енеді.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|