«Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы»
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Республиканың су ресурстарының басқару құрылымдарын қаржы-экономикалық сауықтыру және оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мына республикалық мемлекеттік кәсіпорындар: 1) «Оңтүстіксушар», оған «Бадам су қоймасын пайдалану жөніндегі басқарма», «Арыс-Түркістан каналын пайдалану жөніндегі басқарма»,» Қызылқұм су шаруашылығы жүйелері басқармасы», «37-мамандандырылған жылжымалы механикаландырылған колонна», «11-мамандандырылған жылжымалы механикаландырылған колонна», «79-мамандандырылған жылжымалы механикаландырылған колонна» республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын қосу жолымен; 2) «Бартоғай су қоймасы мен Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналын пайдалану жөніндегі басқарма», оған «41-мамандандырылған жылжымалы механикаландырылған колонна (41-ЖМК)»республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қосу жолымен; 3) «Қостанайсушар», оған «Қостанай бірлесіп пайдаланылатын су қоймалары басқармасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қосу жолымен; 4) «Союзцелинвод тресі», оған «Көкшетау ауылдық топтық су құбырлары басқармасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қосу жолымен; 5) «Шығыссушар», оған «Жөндеу-құрылыс» басқармасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қосу жолымен; 6) «Павлодарсушар», оған «Беловод ауылдық топтық су құбырларын пайдалану басқармасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. «Батыссушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Каменск су құбыры» еншілес мемлекеттік кәсіпорнын құруға рұқсат етілсін. 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 4. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: реттік нөмірлері 124, 127, 128, 131, 133, 136-141-жолдар алынып тасталсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
|