Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің «Сәулет-қала құрылысы қызметін лицензиялайтын мемлекеттік орталық (Мемқұрылыслицензия)»республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 06.10.04 ж. № 1029 қаулысымен тақырыбы өзгерді (бұр. ред. қара)
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері жөніндегі комитетінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Сәулет-қала құрылысы қызметін лицензиялайтын мемлекеттік орталық (Мемқұрылыслицензия)»республикалық мемлекеттік кәсіпорны және оның еншілес кәсіпорындары жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен «Құрылысконсалтинг» ұлттық орталығы» жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) етіп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) Қоғамның жарғысын бекітсін; 2) Қоғамның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; ҚР Үкіметінің 06.10.04 ж. № 1029 қаулысымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 3) оның жарғылық капиталының 51 пайызы мөлшерiндегi Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетiнiң бiр бөлiгiн сатуды жүзеге асыру; 4) осы қаулыны іске асыру жөнінде өзге де шараларды қабылдасын. 3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 қаңтардағы № 127 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар 1. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитеті» бөлімінде: реттік нөмірі 49-жол алынып тасталсын. 2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): көрсетілген қаулыға 2-қосымшада: «Астана қаласы» бөлімі: мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-26-жолмен толықтырылсын: «21-26. «Құрылысконсалтинг» ұлттық орталық» ЖАҚ». 3. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына: көрсетілген қаулыға Иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесі: мынадай мазмұндағы бөліммен және реттік нөмірі 264-жолмен толықтырылсын: «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитетіне»; «264. «Құрылысконсалтинг» ұлттық орталығы» ЖАҚ». 4. ҚР Үкіметінің 2006.16.06. № 557 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
|