«Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң Қазақ ақпарат агенттiгi (ҚазААГ)»республикалық қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы (2003.26.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақ ақпарат агенттiгiн одан әрi дамыту, қазiргi заманғы менеджмент пен маркетинг негiзiнде оның бәсекелестiк қабiлетiн арттыру және инвестицияларды тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді: 1. «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң Қазақ ақпарат агенттiгi (ҚазААГ)»республикалық қазыналық кәсiпорны жарғылық капиталына мемлекеттiң жүз пайыз қатысуымен «Қазақ ақпарат агенттiгi (Қазақпарат)»ұлттық компаниясы ашық акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қоғам) етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігімен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) Қоғамның жарғысын бекiткен кезде ақпарат сипатындағы хабарламалар мен материалдарды жинау, өңдеу және тарату оның қызметiнiң негiзгi мәнi деп белгiлесiн; 2) Қоғамның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 3) осы қаулыны iске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын. ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 1180 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) «Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): осы қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде: «Астана қаласы» деген бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-29-жолмен толықтырылсын: «21-29 «Қазақ ақпарат агенттiгi (Қазақпарат)» ұлттық компаниясы ААҚ»; 2) «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына: көрсетiлген қаулыға қосымшада: «Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі» деген бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 224-17-жолмен толықтырылсын: «224-17 «Қазақ ақпарат агенттiгi (Қазақпарат)» ұлттық компаниясы ААҚ»; 3) «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 499 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 16, 163-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде: «Бұқаралық ақпарат құралдарының ұйымдары» деген бөлiміндегі реттiк нөмiрi 28-жол мынадай редакцияда жазылсын: «28. «Қазақ ақпарат агенттiгi (Қазақпарат)»ұлттық компаниясы ААҚ»; 4) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде: «Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі» деген бөлiміндегі реттiк нөмiрi 409-жол алынып тасталсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
|