«Жалын» республикалық әдеби-көркем журналы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнын құру туралы (2003.26.11. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Әдеби дәстүрлерді сақтау әрi дамыту, олардың сабақтастығын қамтамасыз ету және жас авторлардың шығармашылық әлеуетiн ашу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң «Жалын» республикалық әдеби-көркем журналы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын. 2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Кәсiпорынды мемлекеттік басқарудың уәкiлеттi органы болып белгiленсiн. 3. «Жалын» әдеби-көркем журналын шығару үшін Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi өндірiстiк-шаруашылық қызметтi жүзеге асыру, оның iшiнде барлық қажеттi ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық жағдайлар жасау болып белгiленсiн. 4. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі заңнамада белгiленген тәртіппен бiр ай мерзімде: 1) Кәсiпорын жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендіру комитетiне бекiтуге енгiзсiн; 2) Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсін; 3) осы қаулыны iске асыру үшін қажеттi өзге де шаралар қабылдасын. ҚР Үкіметінің 26.11.03 ж. № 1180 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір қаулыларына мынадай толықтырулар енгiзiлсiн: 1) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде: «Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігi» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 415-жолмен толықтырылсын: «415. «Жалын» республикалық әдеби-көркем журналы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны Алматы қаласы»; 2) «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 499 туралы қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 16, 163-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде: «Бұқаралық ақпарат құралдарының ұйымдары» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 45-2-жолмен толықтырылсын: «45-2. «Жалын» республикалық әдеби-көркем журналы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорны». 6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енеді. Қазақстан Республикасының
|