Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігінің «Денсаулық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта атау туралы (2004.28.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметi қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау iсi жөніндегi агенттiгiнiң «Денсаулық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң «Медициналық қызметтiң сапасын талдау және бағалау ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) деп қайта аталсын. 2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі Кәсiпорны мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн. 3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Кәсіпорынның әдiлет органдарында мемлекеттік қайта тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы қаулыдан өзге де шараларды қабылдасын. 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы ?кіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесiнде: «Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі» деген бөлiмде: реттiк нөмiрi 9-66-жол мынадай редакцияда жазылсын: «9-66. «Медициналық қызметтiң сапасын талдау және бағалау ұлттық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Астана қаласы»; 2) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1117 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
|