Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң түзеу мекемелерi «Еңбек-Астана» республикалық мемлекеттік кәсiпорнының «Еңбек-Көкшетау» еншiлес мемлекеттік кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы (2004.28.10. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң түзеу мекемелерi «Еңбек-Астана» республикалық мемлекеттік кәсiпорнының «Еңбек-Көкшетау» еншiлес мемлекеттік кәсiпорны оны Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң түзеу мекемелерi «Еңбек-Көкшетау» республикалық мемлекеттік кәсiпорны етiп қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Құрылатын кәсiпорынның мемлекеттік басқару органы болып Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінің Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi белгiленсiн. 3. Құрылатын кәсiпорын қызметiнiң мәнi мен мақсаты қылмыстық-атқару жүйесi саласындағы өндiрiстiк қызметті түзеу мекемелерiндегі бас бостандығынан айыруға сотталғандарды еңбекке тарта отырып жүзеге асыру деп белгiленсiн. 4. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi заңнамада белгіленген тәртiппен: 1) құрылатын кәсiпорын жарғысының бекітілуiн және әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай толықтырулар енгізiлсiн: 1) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтілген Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде: «Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі» деген бөлiмiнiң «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi» деген бөлiмшесi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 106-22-жолмен толықтырылсын: «106-22. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі Көкшетау қаласы Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң түзеу мекемелерi «Еңбек-Көкшетау» республикалық мемлекеттік кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында)»; 2) ҚР Үкіметінің 28.10.04 ж. № 1120 қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасының
|