Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгінiң жекелеген мәселелерi
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң «С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетi» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсіпорын) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағына берілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн. 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) Кәсiпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетiне бекiтуге ұсынсын; 2) Кәсiпорынның әдiлет органдарында мемлекеттік қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсiн: 1) «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде: «Қазақстан Республикасының Білiм және ғылым министрлігі» деген бөлiмде реттiк нөмiрi 470-183-жол алынып тасталсын; «Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 41-1-жолмен толықтырылсын:
«41-1 »С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университетi» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында) Астана қаласы»;
2) «Қазақстан Республикасы Білiм және ғылым министрлігінің мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде: «Республикалық мемлекеттік кәсiпорындар» деген 1-бөлiмде реттiк нөмiрi 18-жол алынып тасталсын; 3) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «С.Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 тамыздағы № 829 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 29, 386-құжат): 3-тармақ алынып тасталсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.
|