Қазақстан Республикасының Президенті
Осы редакция 2013 жылғы 1 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Осы Жарлыққа түсініктемені қараңыз
Қазақстан Республикасының экономикасын ұзақ мерзімді кезеңде әртараптандыруды қамтамасыз ету және бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында қаулы етемін: 1. Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін. ҚР Президентінің 2012.27.08. № 371 Жарлығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі: 1) бір ай мерзімде Қазақстанды индустрияландырудың 2010-2014 жылдарға арналған картасын және өндірістік қуаттарды ұтымды орналастырудың 2015 жылға дейінгі схемасын әзірлесін және бекітсін; 2) бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Үкіметінің Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін; 3) Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жоспарлау жүйесiнiң одан әрi жұмыс iстеуiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығында айқындалған мерзімде және тәртіппен Бағдарламаны іске асыру мониторингінің нәтижелерін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсынады. 3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын. 4. Осы Жарлықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын. 5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінежүктелсін. 6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|