Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Отын-энергетика саласына арналған техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық кәсіптік орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Мемлекет басшысының «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Павлодар облысының Екібастұз қаласында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Отын-энергетика саласына арналған техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық кәсіптік орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) құрылсын. 2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі кәсіпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін. 3. Кәсіпорын қызметінің негізгі мәні білім беру саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін. 4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынуды; 2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін; 3) Отын-энергетика саласына арналған техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық кәсіптік орталығын салуды; 4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін. 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін: 1) «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 470-184-9-жолмен толықтырылсын:
"470-184-9 "Отын-энергетика саласына арналған Павлодар техникалық және қызмет көрсету еңбегі облысы кадрларын даярлау және қайта Екібастұз даярлау жөніндегі өңіраралық кәсіптік қаласы орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны ";
2) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: «1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 77-9-жолмен толықтырылсын: «77-9. «Отын-энергетика саласына арналған техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық кәсіптік орталық». 6. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
|