Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2007 жылғы 18 қазандағы № 964 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі» деген бөлімде: реттік нөмірі 470-151-жол алынып тасталсын; «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті» деген бөлімде: реттік нөмірлері 470-187 және 470-202-жолдар алынып тасталсын; «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігі» деген бөлім алынып тасталсын. 2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестердің тізбесінде: «Астана қаласы» деген бөлімде: реттік нөмірлері 21-39, 21-78 және 21-80-жолдар алынып тасталсын; «Алматы қаласы» деген бөлімде: реттік нөмірлері 92, 123-26 және 123-74-жолдар алынып тасталсын. 3. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында: көрсетілген қаулыға қосымшада: «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті» деген бөлімде: реттік нөмірі 222-37-жол алынып тасталсын; «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетіне» деген бөлімде: реттік нөмірі 224-19-жол алынып тасталсын; «Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігіне» деген бөлімде: реттік нөмірлері 275 және 278-1-жолдар алынып тасталсын. 4. «Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 7, 73-құжат): 1-тармақтың бірінші абзацы «ҚазАгро» ұлттық холдингі» деген сөздерден кейін «, «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» деген сөздермен толықтырылсын. 5. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарауындағы ұйымдардың тізбесінде: «1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімде: реттік нөмірі 44-жол алынып тасталсын; «3. Акционерлік қоғамдар» деген бөлімде: мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 5-жолмен толықтырылсын: «5. «Самғау» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі». 6. «Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 28 қаңтардағы № 50 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 ақпандағы № 117 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттері «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» акционерлік қоғамына берілетін ұлттық компаниялардың тізбесінде: реттік нөмірі 2-жол алынып тасталсын.
|