Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жекелеген ұйымдарын қайта ұйымдастыру туралы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мыналар: 1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары мен олардың еншілес мемлекеттік кәсіпорындары оның жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - 1-қоғам) қосылу жолымен; 2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ мемлекеттік агротехникалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны оның жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - 2-қоғам) етіп қайта құрылу жолымен; 3) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің республикалық мемлекеттік кәсіпорындары олардың жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер (бұдан әрі - серіктестіктер) етіп қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын. 2. Мыналардың қызметінің негізгі мәні: 1) 1-қоғамның: агроөнеркәсіптік кешен саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу; өндіріске ғылыми-техникалық әзірлемелер енгізу; ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің жоғары өнімді тұқымдарын, ауыл шаруашылығы малдарының асыл тұқымды өнімдерін өндіру және тарату; 2) 2-қоғамның: агроөнеркәсіптік кешен саласында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау, кадрлардың біліктігін арттыру және қайта даярлау; агроөнеркәсіптік кешен саласында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізу; өндіріске ғылыми-техникалық әзірлемелер енгізу болып белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) 1, 2-қоғамдардың және серіктестіктердің жарғыларын бекітсін; 2) 1, 2-қоғамдардың және серіктестіктердің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне 1, 2-қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін және серіктестіктердің мемлекеттік қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқықтарын берсін; 4) республикалық микроорганизмдер коллекциясының және аса қауіпті індеттер қоздырғыштарының депозитарийі функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті мүлік Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Ветеринария ғылыми-зерттеу институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорны теңгерімінен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ветеринариядағы мониторинг, референция, зертханалық диагностика және әдіснама ұлттық орталығы» мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне беруді қамтамасыз етсін; 5) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 мамырдағы № 409 қаулысына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамына қайта қосылу жолымен қайта ұйымдастырылатын республикалық мемлекеттік кәсіпорындары мен олардың еншілес кәсіпорындарының тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Оңтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны. 3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны. 4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны. 5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығын механикаландыру ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны. 6. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны. 7. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Орман шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны. 8. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Агроөнеркәсіп кешені экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны. 9. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Солтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны. 10. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны. 11. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Ө.Ө. Оспанов атындағы топырақтану және агрохимия зерттеу орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны. 12. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Павлодар ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорны. 13. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «А.И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Астық және оның қайта өңдеу өнімдері ғылыми-зерттеу институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорны. 14. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Оңтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Арал өңірі агроэкология және ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорны. 15. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Оңтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорны. 16. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Оңтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорны. 17. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Өсімдіктерді қорғау ғылыми-зерттеу институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорны. 18. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Картоп және көкөніс шаруашылығы зерттеу орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны. 19. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Шығыс Қазақстан ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорны. 20. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Қой шаруашылығы зерттеу орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны. 21. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Ветеринария ғылыми-зерттеу институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорны. 22. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Солтүстік Қазақстан мал шаруашылығы және ветеринария ғылыми-зерттеу институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорны. 23. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ауыл шаруашылығын механикаландыру ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Ауыл шаруашылығы техникасын пайдалану және жөндеу зерттеу орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны. 24. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ауыл шаруашылығын механикаландыру ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру тың ғылыми-зерттеу институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорны. 25. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі «Қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Ет және сүт өнеркәсібі зерттеу орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 мамырдағы № 409 қаулысына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріне қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылатын республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 22 мамырдағы № 409 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі» деген бөлімде: реттік нөмірлері 41-1, 44-7, 44-8, 44-9, 44-10, 44-11, 44-12, 44-13, 44-14, 44-15, 44-16, 44-35, 44-36, 44-38, 44-39, 44-43, 44-46, 44-48, 44-57, 44-59, 44-60, 44-69, 44-73, 44-85, 44-104, 44-104-а жолдар алынып тасталсын. 2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде: «Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 21-92, 21-93-жолдармен толықтырылсын: «21-92. «ҚазАгроИнновация» АҚ 21-93. «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ»; «Алматы облысы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 38-4-жолмен толықтырылсын: «38-4. «Қаскелең тәжірибе шаруашылығы» ЖШС»; «Ақтөбе облысы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 133-4-жолмен толықтырылсын: «133-4. «Ақтөбе ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС»; «Жамбыл облысы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 180-4-жолмен толықтырылсын: «180-4. «Мерке» тәжірибе шаруашылығы» ЖШС»; «Батыс Қазақстан облысы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 194-4-жолмен толықтырылсын: «194-4. «Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС»; «Қарағанды облысы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 214-15-жолмен толықтырылсын: «214-15. «Қарағанды өсімдік шаруашылығы және селекция ғылыми-зерттеу институты» ЖШС»; «Қызылорда облысы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 218-4-жолмен толықтырылсын: «218-4. «Түгіскен» тәжірибе шаруашылығы» ЖШС»; «Қостанай облысы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 229-6, 229-7, 229-8, 229-9-жолдармен толықтырылсын: «229-6. «Арқалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС 229-7. «Заречное» тәжірибе шаруашылығы» ЖШС 229-8. «Қарабалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС 229-9 «Қазақ тұлпары» ЖШС»; «Солтүстік Қазақстан облысы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 280-5, 280-6-жолдармен толықтырылсын: «280-5. «Кондратов тәжірибе көрсететін орман питомнигі» ЖШС 280-6. «Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС»; «Оңтүстік Қазақстан облысы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 298, 299, 300-жолдармен толықтырылсын: «298. «Қарабау» элиталы тұқым шаруашылығы» ЖШС 299. «Ақдала» тәжірибе шаруашылығы» ЖШС 300. «Красноводопад ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС». 3. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында: көрсетілген қаулыға қосымшада: «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне» деген бөлім: мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 205-15, 205-16, 205-17, 205-18, 205-19, 205-20, 205-21, 205-22, 205-23, 205-24, 205-25, 205-26, 205-27, 205-28, 205-29, 205-30, 205-31-жолдармен толықтырылсын: «205-15. «ҚазАгроИнновация» АҚ 205-16. «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ 205-17. «Арқалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС 205-18. «Қарабау» элиталы тұқым шаруашылығы» ЖШС 205-19. «Түгіскен» тәжірибе шаруашылығы» ЖШС 205-20. «Мерке» тәжірибе шаруашылығы» ЖШС 205-21. «Ақдала» тәжірибе шаруашылығы» ЖШС 205-22. «Кондратов тәжірибе көрсететін орман питомнигі» ЖШС 205-23. «Красноводопад ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС 205-24. «Қаскелең тәжірибе шаруашылығы» ЖШС 205-25. «Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС 205-26. «Заречное» тәжірибе шаруашылығы» ЖШС 205-27. «Ақтөбе ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС 205-28. «Қарабалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС 205-29. «Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС 205-30. «Қазақ тұлпары» ЖШС 205-31. «Қарағанды өсімдік шаруашылығы және селекция ғылыми-зерттеу институты» ЖШС». 4. «Жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 6 шілдедегі № 1021 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 25, 339-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік жоғары оқу орындарының тізбесінде: реттік нөмірі 33-жол алынып тасталсын. 5. «Республикалық микроорганизмдер коллекциясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 шілдедегі № 850 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 25, 267-құжат): 2-тармақтың үшінші абзацындағы «және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің»«Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны» деген сөздер алынып тасталсын; 3-тармақтың бірінші абзацындағы «Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны» деген сөздер «Ветеринариядағы мониторинг, референция, зертханалық диагностика және әдіснама ұлттық орталығы» мемлекеттік мекемесі» деген сөздермен ауыстырылсын. 6. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде: «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген 1-бөлімнің реттік нөмірлері 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 13, 14, 16, 17, 20, 23, 25, 33, 35, 36, 42, 44, 46, 49, 50, 53-жолдары алынып тасталсын; «Акционерлік қоғамдар» деген 2-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 66-2, 66-3-жолдармен толықтырылсын: «66-2. «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамы 66-3. «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» акционерлік қоғамы»; мынадай мазмұндағы 4-бөліммен толықтырылсын: «4. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер 89. «Арқалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 90. «Қарабау» элиталы тұқым шаруашылығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 91. «Түгіскен» тәжірибе шаруашылығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 92. «Мерке» тәжірибе шаруашылығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 93. «Ақдала» тәжірибе шаруашылығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 94. «Кондратов тәжірибе көрсететін орман питомнигі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 95. «Красноводопад ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 96. «Қаскелең тәжірибе шаруашылығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 97. «Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 98. «Заречное» тәжірибе шаруашылығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 99. «Ақтөбе ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100. «Қарабалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 101. «Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 102. «Қазақ тұлпары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 103. «Қарағанды өсімдік шаруашылығы және селекция ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі».
|