Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Бокстан олимпиадалық даярлау орталығы», «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы», «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы», «Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын құру туралы
Осы редакция 2013 жылғы 5 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Спорт резервін және ұлттық құрама командаларды сапалы даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің «Бокстан олимпиадалық даярлау орталығы», «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы», «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы», «Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары (бұдан әрі - кәсіпорындар) құрылсын. 2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органы болып белгіленсін. 3. Спорт саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметті, оның ішінде ресми халықаралық жарыстарға қатысу үшін спорт резерві мен ұлттық құрама командаларды даярлауды жүзеге асыру кәсіпорындар қызметінің негізгі мәні болып белгіленсін. 4. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) кәсіпорындардың жарғыларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге ұсынуды; 2) кәсіпорындардың әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін; 3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін. 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін: 1) «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде: «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт комитеті» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 519-8, 519-9, 519-10, 519-11-жолдармен толықтырылсын:
519-8 "Бокстан олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Алматы қаласы
519-9 «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Алматы қаласы
519-10 «Велосипед спортынан олимпиадалық Алматы облысы даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік Талдықорған қазыналық кәсіпорны қаласы
519-11 "Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Алматы қаласы 2) «Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 сәуірдегі № 329 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 15, 145-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт комитетінің қарауындағы ұйымдардың тізбесіндегі «2. Мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 15-4, 15-5, 15-6, 15-7-жолдармен толықтырылсын: «15-4. «Бокстан олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; 15-5. «Күрес түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; 15-6. «Велосипед спортынан олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны; 15-7. «Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны». 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
|