Осы редакция 2013 жылғы 12 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 1 қарашадағы № 1392 қаулысымен бекітілген
«Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызмет стандарты
1. «Тұрақты жер пайдалану құқығына актілерді ресімдеу және беру» мемлекеттік қызметін (бұрын әрі - мемлекеттік қызмет) жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жер учаскесіне тұрақты жер пайдалану құқығына акті дайындайтын, осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелері (бұдан әрі - уәкілетті орган) осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (бұдан әрі - мамандандырылған кәсіпорындар) қатысуымен және мекенжайлары осы стандарттың 3-қосымшасында көрсетілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалдары (бұдан әрі - орталық) арқылы көрсетеді. Мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында алыс орналасқан елді мекендердің тұрғындарына мемлекеттік қызметтерді мобильді орталық арқылы көрсетуге жол беріледі. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 34 және 43-баптары және «Ақпараттандыру туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 29-бабының негізінде көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет жөніндегі ақпарат: 1) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінің www.auzr.kz интернет-ресурсында; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|