16-шы Халықаралық Қаржылық Есептілік Стандарты (IAS 16) Мақсаты 1. Осы Стандарттың мақсаты қаржылық есептілігін пайдаланушылар ұйымының жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтарға инвестициялары және ондай инвестициялардағы өзгерістер туралы ақпарат алуы үшін жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар есебінің тәртібін анықтау болып табылады. Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар есебінің негізгі мәселелері активтерді тану, олардың қаржылық жағдай туралы есептік құнын және осыларға байланысты танылуы тиісті амортизациялық аударымдар мен құнсызданудан болған залалдарды анықтау болып табылады. Қолдану аясы 2. Осы стандарт басқа Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарты басқа есепке алу тәртібін талап ететін немесе рұқсат ететін жағдайларды қоспағанда, жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтарды есепке алу үшін қолданылуы тиіс. 3. Осы Стандарт төмендегілерге қатысы жоқ: (a) 5 Сатуға арналган ұзақ мерзімді активтер және тоқтатылған қызмет ХҚЕС-ына (IFRS) сәйкес сатуға арналу ретінде топтастырылған жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтарға; (b) ауылшаруашылық қызметімен байланысты биологиялық активтерге (41 Ауылшаруашылығы ХҚЕС-ын (IAS) қараңыз); (c) минералдық ресурстарды барлау және бағалау жөніндегі активтерді тануға және бағалауға (6 Минералдық ресурстарды барлау мен багалау ХҚЕС-ын (IFRS) қараңыз); және (d) мұнай, табиғи газ және соған ұқсас қалпына келтірілмейтін ресурстар сияқты минералдық ресурстар босалқыларын пайдалану құқықтарына. Алайда осы Стандарт (b) - (d) тармақтарында келтірілген активтерді әзірлеу және қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтарға қатысты қолданылады. 4. Басқа Стандарттар осы Стандартта көзделгеннен өзгеше тәсілдеме негізінде жылжымайтын мүлік, ғимараттар мен жабдықтардың сол немесе басқа баптарын тануды талап етуі мүмкін. Мысалы, Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|