|
|
|
Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Осы редакция 2013 жылғы 18 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына және «2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын өтеу бойынша субсидиялау қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., 44, 401-құжат): көрсетiлген қаулымен бекiтiлген жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiнде: реттік нөмірі 268-жолдың 2-бағаны мынадай редакцияда жазылсын: «Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын өтеу бойынша субсидиялау»; 2) «Ауыл шаруашылығы саласында мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту туралы және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң тiзiлiмiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 745 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1108 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 973-құжат): 1-тармақтың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «16) «Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын өтеу бойынша субсидиялау» мемлекеттiк қызмет стандарты;»; көрсетiлген қаулымен бекiтiлген «Ауыл шаруашылығын қолдауға берiлетiн кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау» мемлекеттiк қызмет стандартында: атауы мынадай редакцияда жазылсын: «Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын өтеу бойынша субсидиялау» мемлекеттiк қызмет стандарты»; 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) бағдарлама - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет бағдарламасы;»; 3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «3) қарыз алушы - меншік нысанына қарамастан, шаруа (фермер) қожалықтарын қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен, азық-түлік тауарларын өндірумен айналысатын жеке, заңды тұлға, меншік құқығында сервистік дайындау орталығы бар заңды тұлға және ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, сақтау, тасымалдау және өткізу жөнінде қызметтер көрсететін селолық тұтыну кооперативі;»; 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «5) кредиттік келісім - қаржы институты мен қарыз алушы арасында жасалған қарыз (қаржы лизингі) шарты;»; 11-тармақтың алтыншы бөлігі 3) тармақшасының екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын: «Бағдарлама бойынша қаржы институттарын айқындау»; «Қаржы институттарын айқындау өткiзілгенге дейiн ашылмасын» деген сөздер көрсетiледi.»; көрсетілген стандартқа 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшалар осы қаулыға 1, 2, 3, 4 және 5-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 ақпандағы № 129 қаулысымен бекітілген
Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын өтеу бойынша субсидиялау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын өтеу бойынша субсидиялау қағидалары (бұданәрі - Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 11-бабына және «2013 - 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 23 қарашадағы Заңының 14-бабына сәйкес әзірленген және қарыз алушылардың кредиттер (лизинг) бойынша проценттік ставкаларды төлеуге жұмсалған шығындарының бір бөлігін өтеуге 213 «Қайта өңдеу өндірісін даму» бағдарламасының (бұдан әрі - бағдарлама) 100 «Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған несие (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын өтеу» кіші бағдарламасы шеңберінде 2013 - 2015 жылдарға арналған қаражат есебінен және шегінде республикалық бюджеттен көзделген субсидиялар беру тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады: 1) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі; 2) қаржы институттары - екінші деңгейдегі банктер, банк қызметін жүзеге асыру құқығына тиісті лицензиясы бар кредиттік ұйымдар, лизингтік компаниялар; 3) қарыз алушы - меншік нысанына қарамастан, шаруа (фермер) қожалықтарын қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеумен, азық-түлік тауарларын өндірумен айналысатын жеке, заңды тұлға, меншігінде сервистік дайындау орталығы бар заңды тұлға және ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау, сақтау, тасымалдау және өткізу қызметтерін көрсететін селолық тұтыну кооперативі; 4) кредит (лизинг) - қаржы институты қарыз алушыға кредиттік келісім негізінде ұсынатын ақша сомасы (лизинг нысанасы); 5) кредиттік келісім - қаржы институты мен қарыз алушы арасында жасалған қарыз (қаржы лизингі) шарты; 6) сыйақы ставкасы - қаржы институты мен қарыз алушы арасындағы кредиттік келісімде кредитті (лизингті) пайдаланғаны үшін белгіленген сыйақы мөлшері.
2. Субсидия берілетін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретін (қайта өңдейтін) кіші салалар және шығындардың түрлері
3. Қаржылық қолдау көрсету мақсатында субсидия республикалық бюджет қаражаты есебінен мынадай басым бағыттар бойынша беріледі: 1) «А» тобы: жемістерді, жидектерді, көкөністерді қайта өңдеумен және жеміс-көкөніс консервілерін өндірумен; құс етін, жұмыртқа және жұмыртқа ұнтағын өндірумен; балықты және балық өнімдерін қайта өңдеумен; сүтті қайта өңдеумен және сүт өнімдерін өндірумен; майлы дақылдарды қайта өңдеумен және май-тоң май өнімдерін өндірумен; етті қайта өңдеумен және ет өнімдерін өндірумен; ақ қант өндірумен; жүгеріні қайта өңдеумен айналысатын қарыз алушылар; 2) «Б» тобы: былғары шикізаты мен жүнді қайта өңдеумен; жарма өндірумен; құрама жем өндірумен айналысатын қарыз алушылар; 3) «В» тобы - ауыл шаруашылығы өнімдерін: жеміс, жидек, көкөніс; сүт; ет; былғары, жүн дайындаумен, сақтаумен, тасымалдаумен және өткізумен айналасатын селолық тұтыну кооперативтері мен меншік құқығында сервистік дайындау орталығы бар заңды тұлғалар. 1) мыналарға: бастапқы және өнеркәсіптік қайта өңдеу үшін, ауыл шаруашылығы шикізатын, дайын өнімді өндіру үшін қажетті қосалқы шикізат пен материалдар сатып алуға; жанар-жағар май материалдарын, ауыл шаруашылығы техникасын, машиналарын, сорғы станцияларын жөндеуге арналған қосалқы бөлшектер мен материалдарды, минералды тыңайтқыштарды, өсімдіктерді қорғау құралдарын, жем-шөп, ветеринариялық препараттарды және маусымдық жұмыстарды жүргізуге арналған басқа да материалдық ресурстарды сатып алуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдерінің жеке меншік өндірісінің көлемі туралы анықтама бар болса, ауыл шаруашылығы малдарының төлдерін сатып алуға (өз өндірісінің ауыл шаруашылығы шикізатын пайдаланған жағдайда); ауыл шаруашылығы өнімдерінің жеке меншік өндірісінің көлемі туралы анықтама бар болса, ауыл шаруашылығы техникасын, арнайы техниканы, ауыл шаруашылығы өнімін тоңазытып өңдеуді және сақтауды қоса алғанда, ауыл шаруашылығы шикізатын бастапқы қайта өңдеу және (немесе) қабылдау пункттерін сатып алуға (өз өндірісінің ауыл шаруашылығы шикізатын пайдаланған жағдайда); дайын өнім өндіру үшін қажетті технологиялық жабдықты, автоматты және күш беретін машиналарды (автоматты ағынды желілер, электрлі қозғалтқыштар, бу машиналары және т.б.) сатып алуға алынған кредиттер бойынша; 2) мыналарға: ауыл шаруашылығы өнімдерінің жеке меншік өндірісінің көлемі туралы анықтама бар болса, ауыл шаруашылығы өнімін тоңазытып өңдеуді және сақтауды қоса алғанда, ауыл шаруашылығы шикізатын бастапқы қайта өңдеу және (немесе) қабылдау пункттерін жарақтандыруға қажетті ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға (өз өндірісінің ауыл шаруашылығы шикізатын пайдаланған жағдайда); дайын өнім өндіру үшін қажетті технологиялық жабдықты, автоматты және күш беретін машиналарды (автоматты ағынды желілер, электрліқозғалтқыштар, бу машиналары және т.б.) сатып алуға алынған лизинг бойынша; 3) осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген кредиттерді (лизингті) қайта қаржыландыруға алынған кредиттер (лизинг) бойынша қарыз алушылар шығындардың бір бөлігін өтеуге байланысты шығыстық міндеттемелерді орындаған кезде беріледі.
5. Қаржы институттары меншікті және (немесе) тартылған қаражат есебінен берген кредиттер (лизинг) субсидиялауға жатады, бұл ретте сыйақы ставкасы ұлттық валютада берілген кредит (лизинг) бойынша жылдық 8%-дан, шетелдік валютада - 6,5%-дан төмен болмауға тиіс. Сыйақы ставкасын субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттер (лизинг) сомасы ұлттық валютада бір қарыз алушыға 3000000000 (үш миллиард) теңгеден аспауға тиіс. Шетелдік валютадағы кредиттер (лизинг) сомасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кредит беретін күнгі қолданыстағы ресми бағамына сәйкес ұлттық валютада жоғарыда көрсетілген сомаға барабар болуға тиіс. Субсидиялауға жататын кредиттік лимит сомасы тиісті қаржы жылының ішінде мерзімінен бұрын немесе уақтылы өтелген кредиттерге (лизингке) де қолданылады. 6. Субсидиялау мерзімі 12 (он екі) айды құрайды. Бұл ретте қолданыстағы кредит (лизинг) бойынша субсидиялау бойынша есеп беру мерзімі өткен жылғы субсидияларды игеру аяқталған сәттен немесе тиісті қаржы жылының 1 қаңтарынан басталады. Қарыз алушы тиісті қаржы жылының 1 қаңтарынан кейін алған кредит (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау кредит берілген күннен бастап және/немесе жабдық лизингке берілген күннен бастап он екі ай үшін жүргізіледі. Қаржы институты шетелдік валютада берген кредит (лизинг) бойынша субсидиялар қаржы институттарын айқындау жүргізілген күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолданыстағы бағамы бойынша есептеледі. 7. Республикалық бюджеттен субсидиялар мынадай мөлшерлерде беріледі: 1) ұлттық валютада алған кредит (лизинг) бойынша: жылдық 8,0%-дан 12,0%-ға дейінгі ставка бойынша сыйақы ставкасының 80% мөлшерінде; жылдық 12,1%-дан 14,0%-ға дейінгі ставка бойынша сыйақы ставкасының 70% мөлшерінде; жылдық 14,1%-дан 16,0%-ға дейінгі ставка бойынша сыйақы ставкасының 60% мөлшеріде; жылдық 16,1%-дан және одан жоғары ставка бойынша сыйақы ставкасының 50% мөлшерінде; 2) шетелдік валютада алған кредит (лизинг) бойынша: жылдық 6,5%-дан және 8,0%-ға дейінгі ставка бойынша сыйақы ставкасының 80% мөлшерінде; жылдық 8,1%-дан және 10,0%-ға дейінгі ставка бойынша сыйақы ставкасының 70% мөлшерінде; жылдық 10,1%-дан және 12,0%-ға дейінгі ставка бойынша сыйақы ставкасының 60% мөлшерінде; жылдық 12,1%-дан және одан жоғары ставка бойынша сыйақы ставкасының 50% мөлшерінде. 8. Басқа бюджеттік бағдарламалар шеңберінде субсидия алатын қарыз алушылардың кредиттері (лизингі), сондай-ақ арнайы аккредитивтік қызмет көрсету бойынша кредиттер субсидиялауға жатпайды.
4. Қаржы институттарын айқындау және субсидияларды бөлу жөнінде комиссия құру
9. Қаржы институттарын айқындау және субсидияларды бөлу үшін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі құрамында комиссия төрағасы, төрағаның орынбасары, комиссияның мүшелері мен хатшысы бар қаржы институттарын айқындау және субсидияларды бөлу жөнінде комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрады. Комиссияның құрамы бюджеттік бағдарлама әкімшісінің жауапты хатшысының бұйрығымен бекітіледі. Комиссияның құрамына бюджеттік бағдарлама әкімшісінің мүдделі құрылымдық бөлімшілерінің өкілдері, сондай-ақ келісім бойынша қоғамдық ұйымдардың өкілдері кіреді, бұл ретте комиссияның сандық құрамы тақ және кемінде бес адам болуы тиіс. Комиссия хатшысы комиссияның мүшесі болып табылмайды. 10. Комиссияның отырысы тиісті қаржы жылының сәуір айының бірінші бейсенбісінде өтеді. Тиісті қаржы жылы көзделген субсидиялар толығымен бөлінбеген және (немесе) өткізілген алдыңғы айқындаудың қорытындылары бойынша қаражат үнемделген жағдайда, комиссияның келесі отырысы тиісті қаржы жылының шілде және қазан айларының бірінші сейсенбісінде өтеді. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі қаржы институттарын айқындау және субсидияларды бөлу басталардан бір ай бұрын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Интернет-ресурсына тиісті ақпараттық хабарлама орналастырады.
5. Кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын өтеуге республикалық бюджеттен қаражат беру тәртібі
11. Ауыл шаруашылығын қолдауға берілетін кредиттер (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын субсидиялауға республикалық бюджеттен қаражат беру процесі мынадай кезеңдерден тұрады: 1) қаржы институттарын айқындау (осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген жағдайда қосымша айқындау жүргізіледі); 2) тиісті қаржы жылына арналған субсидиялау бағдарламасына қатысу үшін қаржы институттарының өтінім беруі; 3) бюджеттік бағдарламаның әкімшісі мен қаржы институттары арасында субсидиялау шартын жасасу. 12. Осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген топтар бойынша қарыз алушыларға республикалық бюджеттен берілетін субсидиялардың көлемі мынадай формула бойынша айқындалады:
W1 = 0,7W1а + 0,2W1б + 0,1W1в,
мұнда: W1 - бюджеттен бөлінетін қаражаттың көлемі, теңге; W1а - «А» тобының қарыз алушыларына берілетін қаражаттың көлемі, теңге; W1б - «Б» тобының қарыз алушыларына берілетін қаражаттың көлемі, теңге; W1в - «В» тобының қарыз алушыларына берілетін қаражаттың көлемі, теңге. 13. Комиссия осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген мөлшерлерге сәйкес, осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес айқындалған топ ішіндегі кезектілік тәртібімен қарыз алушыларға субсидиялар бөледі. Қаржы институттары ұсынған өтінімдерге сәйкес бір топ ішінде субсидияларға деген барлық қажеттілік қанағаттандырылған және онда бөлінбеген қаражат қалдығы түзілген жағдайда комиссия аталған қаражат қалдығын басқа топтың қарыз алушыларына бөледі. Егер бірінші айқындау қорытындылары бойынша бөлінбеген қаражаттың қалдығы түзілсе, онда комиссия осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген топтар бойынша субсидиялар көлемін мынадай формула бойынша айқындайды:
Wо = 0,7W1а + 0,2W1б + 0,1W1в,
мұнда: Wо - бюджеттен бөлінген қаражаттың пайдаланылмаған қалдығы, теңге; Wоа - «А» тобының қарыз алушыларына берілетін қаражат көлемі, теңге; Wоб - «Б» тобының қарыз алушыларына берілетін қаражат көлемі, теңге; Wов - «В» тобының қарыз алушыларына берілетін қаражат көлемі, теңге. Егер қалған қаражат осы немесе басқа топтағы субсидияларға деген қажеттілікті қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз болса, онда комиссия қалған қаражатты бір топ ішінде тең үлестермен кредит (лизинг) бойынша сыйақы сомасына тікелей барабар түрде дербес бөледі.
6. Бағдарламаға қатысу үшін қаржы институттарын айқындау
14. Қаржы институттарын айқындауға қатысуға ниет білдірген қаржы институттары бюджеттік бағдарлама әкімшісіне мынадай құжаттарды ұсынады: 1) бизнес-сәйкестендіру нөмірін (БСН) көрсете отырып, заңды тұлғаны (қаржы институтын) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі; 2) банктік қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі (лизингтік компаниялардан басқа). 15. Қаржы институттары осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген құжаттарды мөрленген конвертте ұсынады, онда: 1) қаржы институтының толық атауы және мекенжайы; 2) бюджеттік бағдарлама әкімшісінің мекенжайы: 010000, Астана қ., Кенесары көшесі, 36, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, 1402 кабинет; 3) мынадай: «Ауыл шаруашылығын қолдауға арналған кредит (лизинг) бойынша сыйақы ставкасын өтеу бағдарламасы бойынша қаржы институттарын айқындау»; «Қаржы институттарын айқындау жүргізілгенге дейін ашылмасын» деген сөздер көрсетіледі. Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі - қаржы институттарын айқындау жүргізілетін күні 12 сағат 00 минутқа дейін. 16. Комиссия хатшысы айқындауға қатысуға арналған қаржы институттарының құжаттарын нөмірленуге, тігілуге және бюджеттік бағдарлама әкімшісінің мөрімен бекітілуге тиіс арнайы журналда тіркейді. Комиссия осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттар негізінде қаржы институттарын айқындауды жүзеге асырады және айқындау жүргізілген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде айқындаудан өткен қаржы институттарының тізбесін қалыптастырады. Қаржы институты айқындаудан өткендігі туралы комиссияның оң қорытындысын алған жағдайда тиісті қаржы жыл ішінде қосымша айқындау талап етілмейді.
7. Қаржы институттарының тиісті қаржы жылына арналған бағдарламаға қатысуға өтінім беруі
17. Қаржы институттары қаржы институттарын айқындауға қатысуға арналған құжаттарды тапсыра отырып, бір мезетте осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім береді. Өтінімге қаржы институтының басшысы немесе өтінімге қол қою құқығына сенімхаты бар тұлға қол қоюға тиіс және ол қаржы институтының мөрімен бекітіледі. Бұл ретте қаржы институтының филиалдарынан (өкілдіктерінен) жеке өтінімдер қабылданбайды. Комиссия хатшысы қаржы институттарының өтінімдерін арнайы журналда жеке тіркейді, ол нөмірленуге, тігілуге және бюджеттік бағдарлама әкімшісінің мөрімен бекітілуге тиіс. 18. Өтінімге оның ажырамас бөлігі ретінде мыналар қоса беріледі: 1) кредитті (лизингі) өтеу және олар бойынша пайыздарды төлеу кестесі қоса берілген қаржы институты мен қарыз алушының арасында жасалған кредиттік келісімнің және (немесе) алдын ала кредиттік келісімінің қаржы институты куәландырған көшірмесі; 2) қаржы институты куәландырған кредиттің (лизингтің) мақсатты пайдаланылуын растайтын қарыз алушының тиісті құжаттарының (шарттар, келісімшарттар, актілер) көшірмелері; 3) ауыл шаруашылығы өнімінің жеке меншік өндіріс көлемі туралы қарыз алушының анықтамасы (қажет болған жағдайда); 4) кредит (лизинг) алғаны туралы қарыз алушының несие шотынан алынған үзіндінің қаржы институты куәландырған көшірмесі немесе қарыз, лизинг затын алғанын растайтын құжат; 5) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарыз алушының қысқаша сипаттамасы; 6) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарыз алушы жобасының қысқаша сипаттамасы; 7) осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша осы Қағидалардың 6-тармағына сәйкес қарыз алушының әрбір кредиті (лизингі) бойынша сыйақы есебі; 8) қарыз алушының салықтық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екендігі туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының көшірмесі. Анықтаманы беру күні айқындау жүргізілген күннің алдындағы үш айдан артық болмауы, оған салық органының мөрімен бірге, бірінші басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылуы тиіс; 9) осы Қағидалардың 27-тармағына сәйкес комиссия отырысының қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде қарыз алушылармен кредиттік келісімдер жасасу және қарыз алушыларға кредит беру туралы қаржы институтының жазбаша міндеттемесі; 10) егер өтінімге қаржы институтының бірінші басшысының қолы қойылмаған жағдайда, басқа тұлғаға қол қою құқығына сенімхаттың немесе бұйрықтың көшірмесі. 19. Қаржы институттары осы Қағидаларда қойылған талаптарға сәйкестігі және үш айдан артық есепте тұрған салық, басқа міндетті төлемдер, әлеуметтік аударымдар бойынша мерзімі өткен берешектің жоқтығы негізінде қарыз алушыларды дербес анықтайды. 20. Қарыз алушының қысқаша сипаттамасына, жобаның қысқаша сипаттамасына, қарыз алушының анықтамасына қарыз алушының бірінші басшысының қолы қойылады және оның мөрімен куәландырылады. Мәліметтерді қарыз алушыға қызмет көрсететін қаржы институты (немесе оның филиалы) растайды (лауазымды тұлғаның қолы және қаржы институтының мөрі). Қарыз алушының қысқаша сипаттамасының, жобаның қысқаша сипаттамасының, сыйақы есебінің қарыз алушы анықтамасының ксерокс көшірмелері немесе сканерленген көшірмелері ұсынылған жағдайда, олар қаржы институтының түпнұсқа мөрімен және соған уәкілеттік берілген тұлғаның қолымен куәландырылады. 21. Өтінім мен барлық қоса берілетін құжаттар бір пакетке тігілуі, беттері нөмірленуі тиіс, соңғы бетінің артқы жағына жіптің ұшына «__ парақ тігілді және нөмірленді. Күні 20__ жылғы «___» ______» деген сөздер жазылған қағаз жапсырылып, лауазымды тұлғаның қолы қойылуы және қаржы институтының мөрімен бекітілуі тиіс. Конвертте тігілмеген, жеке құжаттардың болуына рұқсат етілмейді, мұндай құжаттарды комиссия қарамайды және қаржы институтына қайтарады. Қаржы институты бірден артық өтінім берген жағдайда барлық өтінімдер ретімен нөмірленуге жатады. 22. Қаржы институты бір уақытта бірнеше өтінім ұсынған жағдайда, қаржы институты бір уақытта басқа өтінімдерге көрсетілген құжаттардың тиісті өтінімге салынғандығы туралы қаржы институтының құжатын қоса бере отырып, өтінімдердің біріне осы Қағидалардың 18-тармағының 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса береді. 23. Осы Қағидалардың ережелеріне түсініктеме алу қажет болған жағдайда қаржы институты бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне қаржы институттарын айқындауға қатысу үшін қажетті құжаттарды ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша сұраумен жүгінеді.
8. Қаржы институттарының бағдарламаға қатысуға өтінімдерін комиссияның қарау тәртібі
24. Қаржы институттарын айқындауды жүргізу жөніндегі комиссия отырысымен бір уақытта қаржы институттарының өтінімдері салынған конверттерді ашу рәсімі өтеді, содан соң конверттерді ашқан күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ұсынылған құжаттардың бәрін көрсете отырып, өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасы жасалады, оған комиссия төрағасы, оның орынбасары, комиссия мүшелері және комиссия хатшысы қол қояды. 25. Комиссия конверттерді ашу хаттамасына қол қойылғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарыз алушыларды (кредиттік келісімдерді) субсидиялау немесе субсидиялаудан бас тарту және оларға субсидиялау сомасын бөлу туралы комиссияның отырысын өткізеді. Қарыз алушыға және (немесе) қарыз алушылардың кредиттік келісімдері бойынша субсидияларды беруден бас тартуға мыналар негіз болып табылады: 1) осы Қағидалардың 18-тармағында көзделген құжаттар пакетін толық ұсынбау; 2) салық органы анықтама берген күні қарыз алушыда мерзімі өткен салықтық берешектің, міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешектің (3 айдан аса) болуы; 3) осы Қағидалардың 3, 4 және 5-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі; 4) осы Қағидалардың 18-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 9) және 10) тармақшаларында көзделген құжаттарда қарыз алушының, қаржы институтының мөрінің және (немесе) қолының болмауы. 26. Комиссияда қаржы институты ұсынған құжаттарды қарастыру барысында сұрақтар туындаған жағдайда, комиссия түсіндірме алу үшін тиісті қаржы институттарына және (немесе) мамандандырылған ұйымдарға сұраныс жіберуге құқылы, олар 3 (үш) жұмыс күні ішінде жауап беруге тиіс. 27. Комиссия отырысының қорытындысы бойынша 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарыз алушыларды (кредиттік келісімдерді) субсидиялау немесе субсидиялаудан бас тарту және оларға субсидиялар сомасын бөлу туралы хаттама жасалады, оған комиссия төрағасы, оның орынбасары, комиссия мүшелері және комиссия хатшысы қол қояды. Хаттамада қаржы институтының атауы, қарыз алушылардың тізбесі, субсидиялар көлемі, сондай-ақ бас тарту себептерін көрсете отырып, белгіленген талаптарға жауап бермейтін қарыз алушының атауы көрсетіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |