Концессиялық міндеттемелерді қабылдаудың қаржылық шектері мен басымдықтарын белгілеу тәртібін бекіту туралы
«Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 10-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған концессиялық міндеттемелерді қабылдаудың қаржылық шектері мен басымдықтарын белгілеу тәртібі бекітілсін. 2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қаржы министрінің 2013 жылғы 25 шілдедегі № 366 бұйрығымен бекітілген
Концессиялық міндеттемелерді қабылдаудың қаржылық шектері мен тәртібі
1. Жалпы ережелер
1. Осы концессиялық міндеттемелерді қабылдаудың қаржылық шектері мен басымдықтарын белгілеу тәртібі (бұдан әрі - Тәртіп) лимиттерді есептеудің тетіктері және концессиялық міндеттемелер бойынша қабылдаудың басымдығын анықтау мақсатында «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 10-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес орнатылған. 2. Концессиялық міндеттемелерді қабылдаудың қаржылық шектері және басымдығы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың концессиялық міндеттемелерінің шамадан тыс өсуін болдырмау; мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту мақсатында белгіленеді. 3. Концессиялық міндеттемелер - концессияның жасалған шарттары бойынша белгілі күнге қабылданған және орындалмаған қаржы міндеттемелерінің сомасы бойынша тараптардың құқықтары мен міндеттемелерінің жиынтығы. 4. Концессиялық міндеттемелерінің қаржы шектері - тиісті қаржы жылына арналған мән, оның шеңберінде концессиялық міндеттемелерді қабылдау бойынша лимиттер өтелмеген концессиялық міндеттемелердің жыл сайынғы төлемдерін есепке ала отырып, белгіленеді. 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің концессиялық міндеттемелерді орындауы республикалық бюджеттің қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|