Осы редакция 2013 жылғы 7 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 қарашадағы № 1449 қаулысымен бекітілген
Бағдарлама шеңберінде жаңа өндірістерді құруға арналған мемлекеттік гранттар ұсыну қағидалары
1. Осы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 мамырдағы № 683 қаулысымен бекітілген Моноқалаларды дамытудың 2012 - 2020 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберінде Жаңа өндірістерді құруға арналған мемлекеттік гранттар ұсыну қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және моноқалаларда жаңа өндірістерді құру үшін кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар ұсыну тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар: 1) кәсіпкерлер - кәсіпкерлік қызметпен байланысты кредиттік тарихы жоқ шағын кәсіпкерлік субъектісі; 2) жаңа өндіріс - моноқалада тауарлар шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстар орындауды көздейтін нақты жобаны іске асыруға бағытталған кәсіпкерлердің кәсіпкерлік бастамасы; 3) моноқала - бұл өнеркәсіп өндірісінің және еңбекке жарамды халықтың негізгі бөлігі (20% және одан жоғары) бір немесе бірнеше қала құраушы кәсіпорындарда шоғырланған, әдетте, бір бейіндегі және шикізаттық бағыттағы (мономамандану), бұл ретте қалада өтетін барлық экономикалық және әлеуметтік үдерістерді айқындайтын қала; 4) мемлекеттік грант ұсыну туралы шарт - жергілікті деңгейдегі Бағдарламаның үйлестірушісі, қаржы агенті және кәсіпкер арасында осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жасалатын, үшжақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша кәсіпкерге нысаналы грант ұсынылады; 5) жергілікті деңгейдегі бағдарламаның үйлестірушісі - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, облыс әкімі айқындайтын, жергілікті жерлерде Бағдарламаны іске асыруға жауапты атқарушы орган (бұдан әрі - бағдарламаның үйлестірушісі); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|