Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының «Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 3 қарашадағы № 303 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
ҚР Әділет министрінің м.а. 2014 жылғы 7 наурыздағы № 95 бұйрығымен күші жойылды
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 156-бабы 4-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының «Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 3 қарашадағы № 303 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6625 тіркелген, 2010 жылғы 30 қарашада № 506-512 (26355) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін: Жоғарыда аталған бұйрықпен бекітілген жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту ережесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Келісілді» Жеке сот орындаушыларының республикалық алқасының төрағасы Г. Ким 2013 жылғы 26 қыркүйек
Әділет министрінің 2013 жылғы 2 қазандағы № 310 бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 3 қарашадағы № 303 бұйрығымен бекітілген
Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту
1. Жеке сот орындаушысында тағылымдамадан өту ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының (бұдан әрі - Заң) 156-бабы 4-тармағына сәйкес әзірленді және жеке сот орындаушылары тағылымдамадан өтушілерінің тағылымдамадан өту тәртібін, шарттары мен мерзімін анықтайды. 2. Жеке сот орындаушыларының тағылымдамадан өтушілеріне мынадай талаптар белгіленеді: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|