|
Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлігі мен Түркия Республикасының Ұлттық білім министрлігі арасындағы
ҚР Үкіметінiң 1997 жылғы 16 маусымдағы № 974 Қаулысымен бекітілді
2024 ж. 10 мамырда қолданысын тоқтатты
Бұл Хаттама 1992 жылғы 1-шi мамырда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркия Республикасының Үкіметі арасындағы қол қойылған білім, мәдениет, ғылым және спорт салаларындағы ынтымақтастық Келісімiн басшылыққа ала отырып жасалынды. Бұдан әрi Хаттамада Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлігі «Қазақстан Тарапы», Түркия Республикасының Ұлттық білім министрлігі «Түркия Тарапы» деп аталынады. Тараптар, білім беру мен ғылым саласындағы ынтымақтастықтың нығайғанын атап өтiп, мына төмендегiлер жайында келiстi.
а. Тараптар жыл сайын екi жақты негiзде таңдаған мамандығы бойынша жоғары білім алу үшiн шәкiртақы алушылар тобын өзара тиiмдiлiктi ескере отырып анықтайды. б. Тараптар сонымен қатар шәкiртақы бөлiнетiн мамандықтар түрлерiн анықтайды, олардың санын және жоғары білім бағдарламасы бойынша бөлу жағын қарастырады, анықталған қажеттi мәлiметтердi екiншi Тарапқа хабарлап отырады. Оқушылардың таңдаған мамандықтарын ауыстыруына рұқсат етiлмейдi.
Түркия Республикасы жоғары оқу орындарында мемлекеттік стипендиат есебiнде оқу үшiн Қазақстаннан таңдалынып қабылданатын оқушылар түркi тiлдес мемлекеттер және туысқан қауымдастықтарға арналған емтихандар сынағынан өткiзiледi. Жоғарыда аталған емтихандар екi мемлекеттiң Бiлiм министрлiктерiнiң, Түркия Республикасы Жоғары білім беру кеңесi төрағалығы мен Түркия Республикасы тест орталығы өкiлдерiнiң қатысуымен өткiзiледi.
Тараптар Түркия Республикасында жоғары білім алып жатқан/алатын Қазақстандық студенттер үшiн қойылатын келесi талаптардың орындалуын қамтамасыз етедi: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 800 тг
|