Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау қағидаларын бекіту туралы (2015.26.02. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 28 шілдедегі № 621 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2013 жылғы 29 қарашадағы № 1271 қаулысымен бекітілген
Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйін сақтау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және жетім балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың (бұдан әрі - балалар) тұрғын үйін сақтау тәртібін айқындайды. 2. Балалардың тұрғын үйінің сақталуын бақылауды жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі - органдар) қамтамасыз етеді. 3. Балаларды қорғаншылыққа немесе қамқоршылық, патронаттық тәрбиелеуге бергенге, білім беру ұйымдарына, медициналық және басқа да ұйымдарға орналастырғанға дейін олардың тұрғын үйін сақтауды органдар қамтамасыз етеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|