Қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, микроқаржы ұйымдарының, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және инвестициялық қорлардың қаржылық есептілігінің нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Осы редакция 2013 жылғы 23 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы және «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, микроқаржы ұйымдарының, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және инвестициялық қорлардың қаржылық есептілікті ұсыну тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Мына қаржылық есептілік нысандары бекітілсін: 1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес бөлінген активтер мен облигациялар бойынша бухгалтерлік баланс (арнайы қаржы компаниялары ұсынады); 2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бөлінген активтер бойынша бухгалтерлік баланс (исламдық арнайы қаржы компаниялары ұсынады); 3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес бөлінген активтер бойынша пайда мен зиян туралы есеп (исламдық арнайы қаржы компаниялары ұсынады); 4) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес бухгалтерлік баланс (жинақтаушы зейнетақы қоры ұсынады); 5) осы қаулының 5-қосымшасына сәйкес пайда мен зиян туралы есеп (жинақтаушы зейнетақы қоры ұсынады); 6) осы қаулының 6-қосымшасына сәйкес зейнетақы активтері бойынша бухгалтерлік баланс (жинақтаушы зейнетақы қоры ұсынады); 7) осы қаулының 7-қосымшасына сәйкес зейнетақы активтері бойынша пайда мен зиян туралы есеп (жинақтаушы зейнетақы қоры ұсынады); 8) осы қаулының 8-қосымшасына сәйкес бухгалтерлік баланс (сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері ұсынады); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|