Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы (2013.02.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2013 жылғы 29 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 958 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі - Жоспар) бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда, Индустрия және жаңа технологиялар министрліктері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, екі ай мерзімде Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның (бұдан әрі - Бағдарлама) іске асырылу барысының мониторингі әдістемесі мен нысанын әзірлесін және бекітсін. 3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық холдингтер, компаниялар мен ұйымдар (келісім бойынша) жарты жылдықтың қорытындылары бойынша жылына екі рет 5 қаңтарға және 5 шілдеге қарай Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне бекітілген нысандар бойынша Бағдарлама мен Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін. 4. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жарты жылдықтың қорытындылары бойынша жылына екі рет 15 қаңтарға және 15 шілдеге қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарлама мен Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|