Денисов ауданының Приречное ауылындағы «Алтай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал шаруашылығы кешенінің өндірістік объектілері үшін Аршалы-Әйет өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін, оларды шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайларын белгілеу туралы
Қостанай облысы әкімдігінің 2013 жылғы 16 қазандағы № 449 Қаулысы
(2016.14.03. берілген өзгерістермен)
Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 344 Қаулысымен күші жойылды
Қостанай облысы әкімдігінің 2016.14.03. № 115 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Уәкілетті органдармен келісілген, бекітілген жобалық құжаттама негізінде 1-қосымшаға сәйкес Денисов ауданының Приречное ауылындағы «Алтай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал шаруашылығы кешенінің өндірістік объектілері үшін Аршалы-Әйет өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуі белгіленсін.
2. Денисов ауданының Приречное ауылындағы «Алтай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мал шаруашылығы кешенінің өндірістік объектілері үшін Аршалы-Әйет өзенінің су қорғау аймағы мен белдеуін шаруашылықта пайдаланудың режимі мен ерекше жағдайлары 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | Н. Садуақасов |
КЕЛІСІЛДІ:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлігі Мемлекеттік
санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
комитетінің Қостанай облысы бойынша
департаменті» мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
_______________ С. Байменова
«Қазақстан Республикасы Қоршаған
ортаны қорғау министрлігі
Су ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай
бассейндік инспекциясы» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
________________ Г. Оспанбекова
«Қазақстан Республикасы Қоршаған