Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 қарашадағы № 1279 қаулысымен бекітілген
Осы редакция 2013 жылғы 20 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру
(2012.22.11. берілген өзгерістермен)
1. Осы Тұқым сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Тұқым шаруашылығы туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының сапасына сараптама жасауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды. ҚР Үкіметінің 2012.22.11. № 1477 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымдарының сапасына сараптама жасау ұлттық стандарттар белгілеген барлық көрсеткіштер (толық талдау) бойынша немесе нормаланатын көрсеткіштердің барлықтары емес (толық емес талдау) бойынша қолданыстағы ұлттық стандарттарға сәйкес жүргізіледі. ҚР Үкіметінің 2012.22.11. № 1477 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Тұқым егістері сапасының ұлттық стандарттардың талаптарына сәйкестiгiн белгілеуді аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханалар тұқым партиясынан ұлттық стандарттарға сәйкес iрiктеп алынған орташа сынаманы зерттеу негізінде жүргізеді. Тұқымның сорттық сапасы сорттық егiстердi байқап көру актiсiмен расталады. Тек себуге ғана арналған тұқым партиясынан сынамаларды iрiктеп алуды тұқым сарапшылары тұқым өндiрушiлердiң өтiнiмдерi бойынша және (немесе) аттестатталған тұқым сапасына сараптама жасау жөнiндегi зертханаларда тиiстi даярлықтан өткен және тиiстi қорытындысы бар тұқым өндiрушiлер (олардың өкiлдерi) жүргiзедi. Сатуға арналған тұқым партиясынан сынамаларды іріктеп алуды тұқым өндірушінің өтініші бойынша тұқым өндіруші өкілінің қатысуымен тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның тұқым шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жүргізеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|