«Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 592 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ : 1. «Экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 5, 57-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген экспорттық бақылауға жататын өнімнің номенклатурасында (тізімінде): «Екі ұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар» деген бөлімде: «Тізімде пайдаланылатын терминдердің анықтамалары» деген кіші бөлімде: «Ұшу аппараты» (1, 7, 9) деген термин мынадай редакцияда жазылсын: «Ұшу аппараттары» (1, 7, 9) - жылжымайтын қанаты, бұрылмалы қанаты (тікұшақ), айналмалы қанаты, бұрылмалы тірек бұрандасы немесе қанатының оқтай қалпы өзгермелі ұшу аппараттары.»; «Композициялық материал» (1, 2, 6, 8, 9) деген термин мынадай редакцияда жазылсын: «Композициялық материал» (1, 2, 6, 8, 9) - бөлшектерден, жіптәріздес кристалдардан, талшықтардан немесе олардың кез келген комбинациясынан тұратын, белгілі бір мақсат немесе мақсаттар үшін әзірленген «матрица» және қосымша фаза немесе қосымша фазалар.»; «Оқшаулау» (9) деген термин мынадай редакцияда жазылсын: «Оқшаулау» (9) зымыран қозғалтқыштарының құрамдауыштары, яғни корпус, сопло, ауа сақтағыштары, корпустың бітеуіштері үшін қолданылады және құрамында оқшаулау және отқа төзімді материал бар вулканизацияланған немесе жартылай вулканизацияланған резеңке қоспаның пластинасын қамтиды. Сондай-ақ қорғаныш оқшаулағышты немесе кернеуді төмендетуге арналған төсемді қамтуы мүмкін.»; «Ішкі қаптау» (9) деген термин мынадай редакцияда жазылсын: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|