2002 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Ресей Федерациясының Yкіметі
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 31 наурыздағы № 169 Қаулысымен бекітілді 2016 жылғы 8 сәуірде күшіне енді
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi 2002 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Ресей Федерациясының Yкiметi арасындағы мұнай транзитi туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 18-бабын басшылыққа ала отырып, төмендегілер туралы келісті:
Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін: 1) 7-бап мынадай редакцияда жазылсын: «7-бап Қазақстан тарапы қолда бар және жаңадан құрылатын магистральдық мұнай құбырлары жүйелерімен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ресейлік мұнайдың транзитін жылына 10 млн. тоннаға дейін арттыру мүмкіндігімен жылына 7 млн. тонна көлемінде, Ресей Федерациясының шекарасы - Қазақстан Республикасының шекарасы (Ертіс) - Атасу (Қазақстан Республикасы) - Алашанькоу (Қытай Халық Республикасы) бағыты бойынша жүзеге асыру мүмкіндігін кепілді түрде береді. Ресей тарапы транзит режимінде жылына 7 млн. тонна көлемінде ресейлік мұнайды жеткізу мүмкіндігін кепілді түрде қамтамасыз етеді. Мұнай жеткізуді жылына 10 млн. тоннаға дейін ұлғайтқан жағдайда, Тараптар өз мемлекеттері аумағында орналасқан мұнай құбыры жүйелерін уақтылы жаңарту және қуатын арттыру үшін жағдай жасайды. Ресей тарапының құзыретті органы мәлімдеген ресейлік мұнайдың транзит көлемі Қазақстан тарапы бекіткен, экспортқа арналған мұнайды тасымалдау кестесіне енгізіледі.»; 2) 8-бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Омбы (Ресей Федерациясы) - Ертіс (Қазақстан Республикасы) - Атасу (Қазақстан Республикасы) - Алашанькоу (Қытай Халық Республикасы) бағыты бойынша ресейлік мұнайдың транзиті халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|