Осы редакция 2013 жылғы 22 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 2012.31.08. № 1128 Қаулысымен мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 7 қазандағы № 1036 қаулысымен бекітілген
(2012.04.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
1. Жалпы ережелер
1. «Жобалау қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі (бұдан әрі - уәкілетті орган), мекенжайлары және жұмыс кестесі осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның филиалдары (бұдан әрі - орталық), сондай-ақ «электрондық үкіметтің» веб-порталы: www.e.gov.kz немесе «электрондық лицензиялау» порталы (бұдан әрі - портал): www.elicense.kz арқылы көрсетіледі. 2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылмаған. 3. Мемлекеттік қызмет «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылыс және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі 32-бабының 3-тармағына, «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 33-бабының 2) тармағына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабына сәйкес көрсетіледі. 4. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат: 1) уәкілетті органның интернет-ресурсында: www.ads.gov.kz; 2) орталықтың интернет-ресурсында: www.con.gov.kz; 3) орталықтың филиалдарындағы стенділерде; 4) порталда орналастырылады. Мемлекеттік қызмет туралы ақпаратты call-орталықтың 1414 телефоны бойынша алуға да болады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|