«Қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 шілдедегі № 594 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 17 наурыздағы № 135 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 шілдедегі № 594 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 24, 279-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу ережесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1535 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 шілдедегі № 594 қаулысымен бекітілген
Қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Қалдықтарды әкелу, әкету және транзиттеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне, 1989 жылғы 22 наурыздағы Қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды және оларды аулаққа шығаруды бақылау туралы Базель конвенциясына (бұдан әрі - Базель конвенциясы) сәйкес әзірленді және қалдықтарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, қалдықтарды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету, сондай-ақ қалдықтарды оның аумағы бойынша транзиттеу тәртібін белгілейді. 2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) қалдықтар - Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес жойылатын, жойылуға арналған немесе жойылуға тиіс заттарды немесе нәрселерді білдіреді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|