Қазақстан Республикасының (2013.03.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 15 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) жеке сот орындаушысы - жеке сот орындаушысының уәкілетті орган берген лицензиясы негізінде, заңды тұлға құрмай атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі жеке практикамен айналысатын Қазақстан Республикасының азаматы; 2) мемлекеттік сот орындаушысы - мемлекеттік қызметтегі және атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі өзіне заңмен жүктелген функцияларды орындайтын лауазымды тұлға; 3) сот орындаушысы - атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі өздеріне заңмен жүктелген функцияларды атқаратын және осы Заңда көзделген ерекшеліктерді қоспағанда, тең құқықтары мен міндеттері бар мемлекеттік сот орындаушысы және жеке сот орындаушысы; 4) толық мәжбүрлеп орындау - сот орындаушысы борышкерге ерікті түрде орындау үшін ұсынған мерзімді қоспағанда, атқарушылық құжат сот орындаушысының іс жүргізуінде болған кезеңде оны толық көлемде орындау; 5) уәкілетті орган - атқарушылық құжаттарды орындау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды және осы саладағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2-бап. Атқарушылық iс жүргiзу мiндеттерi Атқарушылық iс жүргiзу мiндеттерi азаматтық және әкiмшiлiк iстер бойынша сот шешiмдерiнің, ұйғарымдары мен қаулыларының, мүлiктi өндiрiп алу бөлiгiнде қылмыстық iстер бойынша үкiмдері мен қаулыларының, сондай-ақ өзге де органдар қаулыларының негізінде осы Заңға сәйкес берілетін атқарушылық құжаттарды мiндеттi түрде және уақтылы орындау болып табылады.
3-бап. Атқарушылық iс жүргiзудің негізгі принциптері Атқарушылық iс жүргiзу: 2) атқарушылық іс-әрекеттерді жүргізу мен мәжбүрлеп орындату шараларын қолданудың уақтылы және айқын болуы; 3) адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу; 4) борышкер мен оның отбасы мүшелерінің өмір сүруіне қажетті мүліктің ең аз мөлшеріне қол сұғылмаушылық; 5) өндіріп алушы талаптарының көлемі мен мәжбүрлеп орындату шаралары арақатынасының салыстырмалылығы; 6) өндіріп алынған сомалар кезектің барлық талаптарын толық қанағаттандыруға жеткіліксіз болған кезде оларды бір кезектегі өндіріп алушылар арасында бөлудің барабарлығы; 7) атқарушылық құжатты мәжбүрлеп орындату жөніндегі шығыстарды борышкердің есебінен өтеу; 8) сот орындаушысының іс жүргізу әрекеттері мен қаулыларына сотқа шағымдануға еркіндік принциптері бойынша жүзеге асырылады.
4-бап. Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу туралы заңнамасы 1. Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда жазылғаннан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
5-бап. Халықаралық, шетелдік соттар мен төрелік соттардың шешімдерін орындау 1. Қазақстан Республикасында халықаралық және шетелдік соттардың, сондай-ақ төрелік соттардың шешімдерін орындау тәртібі Қазақстан Республикасы ратификациялаған тиісті халықаралық шарттарда және осы Заңда айқындалады. 2. Шетелдік сот шешімінің негізінде Қазақстан Республикасының соты берген атқарушылық парақ шешімнің заңды күшіне енген кезінен бастап үш жыл ішінде мәжбүрлеп орындатуға берілуі мүмкін.
6-бап. Қазақстан Республикасының атқарушылық iс жүргiзу туралы заңнамасының қолданылу тәртібі 1. Атқарушылық iс жүргiзу атқарушылық әрекеттердi жасау кезiнде қолданылып жүрген нормаларға сәйкес жүзеге асырылады. 2. Бюджетке төленетiн салық және өзге де мiндеттi төлемдердiң берешегiн, айыппұлдар төлеудi кешiктiргенi үшiн өсiмпұлдарды және Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзғаны үшiн өзге де санкцияларды өндiрiп алу жөніндегі атқарушылық iс жүргiзу осы Заңда белгiленген тәртiппен және Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасына сәйкес жүргiзiледi. 3. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін белгіленген тәртіппен жауапты деп танылған, таратылатын заңды тұлғаның мүлкі жоқ немесе жеткіліксіз болған жағдайда, осы зиянды өтеу жөніндегі тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру сомасын мемлекеттен өндіріп алу жөніндегі атқарушылық іс жүргізу Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген қағидалар сақтала отырып, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады. 4. Шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдар мен шетелдік ұйымдарға қатысты соттың және өзге де органдардың актілерін орындау осы Заңға сәйкес жүргізіледі. 5. Қазақстан Республикасының аумағында басқа мемлекеттердiң атқарушылық құжаттары бойынша атқарушылық iс жүргiзу, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардан өзгеше жағдай туындамаса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
7-бап. Атқарушылық iс жүргiзуді жүзеге асыратын тұлғалар 1. Осы Заңның 9-бабында тізбеленген атқарушылық құжаттарды орындау сот орындаушыларына жүктеледі. 2. Заңмен көзделген жағдайларда атқарушылық құжаттарды орындау сот приставтарының жәрдемдесуімен жүзеге асырылады. 3. Сот орындаушысының қызметтік іс-әрекетіне заңдарда тiкелей уәкiлеттiк берiлген тұлғалардан басқа, ешкiм де араласуға құқылы емес. Сот орындаушысының қызметіне заңсыз араласу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
8-бап. Атқарушылық iс жүргiзу тілі Атқарушылық іс жүргізу және оны жүргізумен байланысты іс-қағаздарын жүргізу тілі сот шешімінің немесе орындауға жататын өзге де құжаттың тілі ескеріле отырып белгіленеді.
9-бап. Атқарушылық құжаттардың тiзбесi 1. Мыналар атқарушылық құжаттар болып табылады: 1) сот актілерінiң негiзiнде берiлетiн атқарушылық парақтар; 2) Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасына сәйкес берiлетiн сот бұйрықтары; 3) Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық, шетелдiк соттардың және төрелiк соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындату туралы сот актілерінiң негiзiнде берiлетiн атқарушылық парақтар; 4) аралық соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындату туралы соттың ұйғарымы негiзiнде берiлетiн атқарушылық парақтар; 5) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша шығарылған сот қаулылары; 6) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде көзделген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды тұлғаның) қаулылары; 7) талаптарын мәжбүрлеп орындату туралы прокурордың қаулылары; 8) атқару санкциясын өндіріп алу туралы сот орындаушысының қаулылары. 2. Атқарушылық құжат жоғалған жағдайда атқарушылық құжатты берген орган Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртiппен беретiн оның телнұсқасы өндiрiп алу үшiн негiз болып табылады. 3. Ол бойынша атқарушылық iс жүргiзу қозғалған атқарушылық құжат атқарушылық iс жүргiзу материалдарында болады. Сот орындаушысы атқарушылық iс жүргiзудің қозғалғаны туралы қаулыны аталған атқарушылық құжаттың көшірмесімен қоса орындау үшін жібереді.
10-бап. Сот орындаушысының қаулысы 1. Атқарушылық құжат орындауға берілген күннен бастап атқарушылық iс жүргiзу мәселелері бойынша сот орындаушысының қабылдаған шешімдері қаулылармен ресімделеді. 2. Сот орындаушысының қаулысында: 1) мемлекеттік сот орындаушылары аумақтық бөлімінің атауы немесе жеке сот орындаушысы қызметінің аумағы және олардың мекенжайы; 3) қаулыны шығарған адамның лауазымы, тегі және аты-жөні; 4) қаулы шығарылатын атқарушылық iс жүргiзудің атауы мен нөмірі көрсетілуге тиіс. Атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы қаулыда атқарушылық құжаттың атауы мен нөмірі; 6) қабылданатын шешімнің заңдарға және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сілтемесі бар негіздемесі; 7) мәселенің мәні бойынша қабылданған шешімді көрсететін қаулының қарар жазылған бөлігі; 8) қаулыға шағым жасау тәртібі көрсетіледі. 3. Сот орындаушысы қаулыда өзі жіберіп алған жаңылыс жазуларды немесе көрінеу арифметикалық қателерді өз бастамасы бойынша немесе атқарушылық iс жүргiзуге қатысушы адамдардың өтініші бойынша түзетуге құқылы. Аталған түзетулер бұрын шығарылған қаулыға өзгерістер енгізу туралы қаулымен енгізіледі. 4. Мемлекеттік сот орындаушысы қаулысының күшін жою аумақтық бөлім басшысының тиісті қаулысымен жүргізіледі. Жеке сот орындаушысы қаулысының күшін жоюды жеке сот орындаушысының өзі, оның ішінде сот актісінің немесе прокурор наразылығының негізінде жүргізеді. 5. Сот орындаушысының қаулысы міндетті түрде орындалуға тиіс және оған Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес сотқа шағым жасалуы мүмкін. 6. Сот орындаушылары қаулыларының үлгі нысандарын уәкілетті орган бекітеді.
2-тарау. АТҚАРУШЫЛЫҚ IС ЖҮРГIЗУДЕГІ МЕРЗІМДЕР
11-бап. Атқарушылық құжаттарды орындауға беру мерзiмдерi 1. Атқарушылық құжаттар мәжбүрлеп орындатуға мынадай мерзiмдерде: 1) сот актілері негiзiнде берiлетiн сот бұйрықтары мен атқарушылық парақтар, - үш жыл iшiнде; 2013.03.07. № 125-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) төрелiктiң немесе аралық соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындату туралы соттың ұйғарымы негiзiнде берiлетiн атқарушылық парақтар - үш жыл iшiнде; 3) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы ic бойынша шығарылған сот қаулылары, - егер заңмен өзге мерзiмдер белгiленбесе, үш жыл iшiнде; 4) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) қаулылары, - үш жыл iшiнде; 5) прокурордың қаулылары - үш ай iшiнде берiлуi мүмкiн. 1) сот актілерінің негiзiнде берiлген атқарушылық парақтарды мүлiктi өндiрiп алу бөлiгiнде орындау кезiнде - сот актiсi заңды күшiне енген не сот актiсiн орындаудың мерзiмiн кейінге қалдыру немесе ұзарту кезiнде белгiленген мерзiм аяқталғаннан кейiнгi күннен бастап, ал сот актiсi дереу орындалуға тиiс болған жағдайларда - ол шығарылғаннан кейiнгi күннен бастап; 2013.03.07. № 125-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2) төрелiктiң немесе аралық соттардың шешiмдерiн мәжбүрлеп орындату туралы соттың ұйғарымы негiзiнде берiлген атқарушылық парақтарды орындау кезiнде - шешiм күшiне енгеннен кейiнгi күннен бастап; 3) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша шығарылған сот қаулыларын орындау кезiнде, - қаулы шығарылған күннен бастап; 4) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) қаулысын орындау кезiнде, - мәжбүрлеп орындату туралы шешiм қабылданғаннан кейiнгi күннен бастап; 5) қалған барлық атқарушылық құжаттар бойынша - олар берiлгеннен кейiнгi күннен бастап есептеледi. 3. Мерзімдік төлемдерді өндіріп алу туралы (алименттер өндіріп алу туралы, жарақат алумен немесе денсаулығын өзгедей зақымдаумен және басқадай келтірілген зиянды өтеу туралы істер бойынша) шешімдердің негізінде жазылған атқарушылық құжаттар төлем жасауға берілген барлық уақытта күшін жоймайды. Мұндай жағдайларда мерзім әрбір төлем үшін жеке есептеледі.
12-бап. Атқарушылық құжатты беру кезiндегi мерзiм үзiлісі 1. Атқарушылық құжатты орындауға беруге арналған мерзiм: 1) атқарушылық құжат орындауға берілгенде; 2) атқарушылық құжатты борышкер iшiнара орындағанда; 3) борышкердi iздестiру кезеңiнде үзiледi. 2. Үзiлiстен кейін мерзiмнiң өтуi қайтадан басталады, бұл ретте үзiлiске дейiнгi өткен уақыт жаңа мерзiмге есептелмейдi. 3. Үзiлiстен кейiнгi жаңа мерзiм атқарушылық құжат бойынша өндiрiп алу толық немесе iшiнара жүргiзiлмей, ол өндiрiп алушыға қайтарылған күннен бастап есептеледi.
13-бап. Атқарушылық құжатты орындауға беру үшiн өткiзiп алынған мерзiмдi қалпына келтiру 1. Атқарушылық құжатты орындауға беруге арналған мерзiмдi өткiзiп алған өндiрiп алушы сот актiсiн шығарған сотқа немесе оның орындалатын орны бойынша сотқа өтiп кеткен мерзiмдi қалпына келтiру туралы өтiнiш жасауға құқылы. 2. Атқарушылық парағының, сот бұйрығының орындауға берiлген мерзiмін өткiзiп алу себептерiн сот дәлелдi деп таныған жағдайда мерзiм қалпына келтiрiлуi мүмкiн.
3-тарау. АТҚАРУШЫЛЫҚ IС ЖҮРГIЗУГЕ ҚАТЫСУШЫЛАР
14-бап. Атқарушылық iс жүргiзуге қатысушылардың құрамы Мыналар: 1) атқарушылық іс жүргізудің тараптары (өндіріп алушы және борышкер); 2) атқарушылық іс жүргізу тараптарының өкілдері; 3) сот приставы; 4) атқарушылық құжатта көрсетілген талаптарды орындауға жәрдемдесетін өзге де адамдар (оның ішінде ішкі істер органдарының қызметкерлері, аудармашы, куәгерлер, маман, сот орындаушысы тыйым салынған мүлікті күзетуге немесе сақтауға берген адам) атқарушылық іс жүргізуге қатысушылар болып танылады.
15-бап. Атқарушылық iс жүргiзу тараптары 1. Өндiрiп алушы мен борышкер атқарушылық iс жүргiзу тараптары болып табылады. 2. Өз пайдасына немесе мүдделерiне атқарушылық құжат берiлген жеке немесе заңды тұлға өндiрiп алушы болып табылады. 3. Атқарушылық құжатта көзделген талаптарды орындауға мiндеттi жеке немесе заңды тұлға борышкер болып табылады. 4. Атқарушылық iс жүргiзуге бірнеше өндiрiп алушы немесе борышкер (бірге қатысушылар) қатыса алады. Олардың әрқайсысы атқарушылық iс жүргiзуге дербес қатысады. Атқарушылық құжат бойынша борышкерге оның өзi ғана орындай алатын мiндеттер (жеке мiндеттер) жүктелген жағдайларды қоспағанда, бірге қатысушы атқарушылық іс жүргізуде өз мүдделерін қорғауды, басқа бірге қатысушыға оның келісімімен тапсыруы мүмкін.
16-бап. Атқарушылық iс жүргiзу тараптарының құқықтары мен мiндеттерi 1. Атқарушылық iс жүргiзу тараптары атқарушылық iс жүргiзу материалдарымен танысуға, олардан үзiндiлер жасауға, көшiрмелерiн алуға, қосымша материалдар беруге, өтiнiш бiлдiруге, атқарушылық әрекеттер жасауға қатысуға, атқарушылық әрекеттер процесiнде ауызша және жазбаша түсiнiктер беруге, атқарушылық iс жүргiзу барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдерi мен пiкiрлерiн айтуға, атқарушылық iс жүргiзуге қатысушы басқа адамдардың дәлелдерi мен өтiнiштерiне қарсылық бiлдiруге, бас тартатынын мәлiмдеуге, атқарушылық iс жүргiзу мәселелерi бойынша сот орындаушысының әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) немесе шешiмдерiне шағым жасауға, бітімгершілік келісімді бекіту туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы. 2. Атқарушылық iс жүргiзу тараптары өздерiне берiлген барлық құқықтарды адал пайдалануға, сондай-ақ осы Заңның талаптарын орындауға мiндеттi. Борышкер сот орындаушысына атқарушылық iс жүргiзу кезеңінде жұмыс орнының өзгергені туралы, сондай-ақ жаңа кіріс көздерінің пайда болғаны туралы хабарлауға міндетті.
17-бап. Атқарушылық iс жүргiзудегi құқықтық мирасқорлық Борышкер қатардан шыққан (азамат қайтыс болған, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, борыш ауысқан) жағдайда сот орындаушысы шешім шығарған сотқа борышкерді оның құқықтық мирасқорымен алмастыру туралы ұйғарым шығару жөнінде ұсыныс жібереді. Ұсыныс сот орындаушысына борышкердің құқықтық мирасқорлығы туралы мәлім болған кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жіберіледі. Құқықтық мирасқор үшін ол атқарушылық іс жүргізуге кіріскенге дейін жасалған барлық іс-әрекет үшін борышкер қалай міндетті болса, сондай дәрежеде міндетті болады.
18-бап. Атқарушылық iс жүргiзуге тараптар өкiлдерiнiң қатысуы 1. Жеке тұлғалар атқарушылық iс жүргiзуге дербес немесе өкiлдерi арқылы қатыса алады. Атқарушылық iс жүргiзуге жеке тұлғаның өзiнiң қатысуы оны өз өкiлi болуы құқығынан айырмайды. Егер атқарушылық құжат бойынша борышкерге оның өзi ғана орындай алатын мiндеттер жүктелсе, онда борышкер оларды орындау кезiнде өкiлі арқылы әрекет етуге құқылы емес. 2. Ұйымдардың атқарушылық iс жүргiзуге қатысуы олардың өздерiне заңдармен, өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен және құрылтай құжаттарымен берiлген өкiлеттiктер шегiнде әрекет ететiн органдары не аталған органдардың өкілдерi арқылы жүзеге асырылады. Ұйым атынан өкiлдiк ететiн адамдардың өздерінің лауазымдық жағдайлары мен өкiлеттiктерiн растайтын құжаттары болуға міндетті. 3. Өкiлдiң өкiлеттiктерi Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берiлген және ресiмделген сенімхатпен куәландырылады.
1. Атқарушылық іс жүргізудегі өкіл өкілдік берушінің атынан сенімхат бойынша берілген өкілеттіктері шегінде атқарушылық іс жүргізумен байланысты барлық іс-әрекеттерді жасайды. 2. Өкiлдiк берушiнің беретiн сенімхатында өкiлдiң мынадай iс-әрекеттер жасауға: 1) атқарушылық құжатты ұсынуға және керi қайтарып алуға; 2) өкiлеттiктерін басқа тұлғаға беруге (қайта сенім бiлдiруге); 3) сот орындаушысының әрекеттерiне (әрекетсіздігіне) немесе шешімдеріне шағым жасауға; 4) берілген мүлiктi (соның iшiнде ақшаны) алуға; 5) бітімгершілік келiсiм жасасуға өкiлеттiктерi арнайы ескертiлуге тиiс.
20-бап. Өкiл бола алмайтын тұлғалар 1. Он сегiз жасқа толмаған немесе қорғаншылықта не қамқоршылықта тұратын адамдар атқарушылық iс жүргiзуде өкiл бола алмайды. 2. Судьялар, прокурорлар, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, өкілді органдардың депутаттары, уәкілетті органның және оның аумақтық бөлімшелерінің, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратының қызметкерлері, олардың тиісті ұйымдардың уәкілдері немесе заңды өкілдері ретінде атқарушылық іс жүргізуге қатысу жағдайларын қоспағанда, атқарушылық іс жүргізуде өкіл бола алмайды. Егер мүдделері өкілдік берушінің мүдделеріне қайшы келетін адамдарға осы іс бойынша заң көмегін көрсетіп жатса немесе бұрын көрсеткен болса, сондай-ақ егер ол сот орындаушысының жақын туысқандары немесе жұбайы (зайыбы) болып табылса, ол адам өкіл бола алмайды. Ескертпе. Ата-аналар, балалар, асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек ағалы-інілер мен апалы-сіңлілер, аталар, әжелер, немерелер осы Заңда жақын туыстар деп танылады.
1. Атқарушылық iс жүргiзуде кәмелетке толмаған адамдардың, сондай-ақ сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп таныған адамдардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн, өкiлеттiктерi тиісті құжаттармен расталатын заңды өкiлдерi қорғайды. Заңды өкiлдер іс-әрекет жасау құқығына заңда көзделген шектеулерi бар өкiлдiк берушiге тиесiлi барлық іс-әрекеттердi өкiлдiк берушiлердің атынан жасайды. 2. Сот хабарсыз кеттi деп таныған адам қатысатын атқарушылық iс жүргiзуге оның өкiлi ретiнде, хабарсыз кеткеннiң мүлкi басқаруға берiлген, Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен өкiл ретiнде тағайындалған адамдар қатысады. 3. Қайтыс болған немесе қайтыс болды деп белгіленген тәртіппен жарияланған адамның мирасқоры қатысуға тиісті атқарушылық іс жүргізу бойынша, егер мұраны әлі ешкім қабылдамаған болса, мирасқордың өкілі ретінде өсиетті орындаушы немесе мұраны сенімгерлікпен басқарушы қатысады. 4. Заңды өкiлдер атқарушылық iс жүргiзуге қатысуды өздерi өкiл ретiнде таңдап алған басқа адамға тапсыруы мүмкiн.
22-бап. Атқарушылық iс жүргiзуге аудармашының қатысуы 1. Атқарушылық iс жүргiзуге қатысушылар атқарушылық әрекеттер жасау кезiнде, егер олар атқарушылық іс жүргізілетін тілді білмесе, өз бастамасы бойынша немесе сот орындаушысының ұсынысы бойынша аудармашы шақыра алады. Кәмелетке толған, әрекетке қабiлеттi, iске мүдделi емес, атқарушылық әрекеттерді жүргiзу үшiн білуі қажеттi тiлді меңгерген кез келген тұлға аудармашы бола алады. 2. Аудармашының өз еңбегi үшiн сыйақы алуға құқығы бар. Оған төленген сыйақы атқарушылық әрекеттер жасау жөніндегі шығыстарға жатқызылады. 3. Көрінеу дұрыс аударма жасамаған жағдайда аудармашы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады, бұл туралы оған сот орындаушысы ескертеді.
23-бап. Атқарушылық iс жүргiзуге куәгерлердің қатысуы 1. Атқарушылық әрекеттер кемiнде екi куәгердің қатысуымен жасалуы мүмкiн. 1) өндiрiп алушының немесе борышкердiң талабы бойынша; 2) үйге орналастыру және үйден шығару туралы шешiмдердi, борышкердiң мүлкiн пайдалануға тыйым салуға, алып қоюға және беруге, оның тұрғын үйiн, үй-жайлары мен қоймаларын ашуға, тексеру жүргiзуге байланысты әрекеттердi орындау кезiнде куәгерлердің қатысуы мiндеттi. Өзге жағдайларда куәгерлер сот орындаушысының бастамасы бойынша қатысуы мүмкiн. 3. Кәмелетке толған, іс-әрекетке қабiлеттi, атқарушылық әрекеттердiң нәтижесiне мүдделi емес кез келген азаматтар куәгерлер ретiнде шақырылуы мүмкiн. |