Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 620 Қаулысымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1558 қаулысымен бекітілген
«Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өткізу»
1. «Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті аумақтық әділет органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. «Адвокаттық қызметпен айналысуға аттестаттаудан өткізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап: аттестаттаудан өту қажеттілікке қарай, алайда, тоқсанына бір реттен сиретпей жүзеге асырылады; 2) құжаттар топтамасын тапсыру кезінде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут; 3) қызмет көрсетілуін күтудің ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз нысанында. 6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі: адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) аттестаттау не аттестаттамау туралы шешімі. Комиссияның шешімі қағаз нысанында беріледі. Комиссияның аттестаттаудан өткені не өтпегені туралы шешімі осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1, 2-қосымшаларда белгіленген нысандар бойынша аттестаттау өткеннен кейінгі келесі күннен кешіктірілмей беріледі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|