Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу ережесін бекіту туралы (2012.08.05. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2013 жылғы 31 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 64-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу ережесі бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) «Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 678 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 25, 321-құжат); 2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 678 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 тамыздағы № 679 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 27, 317-құжат). 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚР Үкіметінің 2012.08.05. № 589 Қаулысымен ереже жаңа редакцияда(бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 1061 қаулысымен бекітілген
Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жергілікті бюджеттер жобаларын әзірлеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне сәйкес әзірленді және жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу тәртібін айқындайды. 2. Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу үдерісі: 1) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамының жобасын әзірлеуді және оны жергілікті атқарушы органның мақұлдауын; 2) атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, басым бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстарды, жоспарлы кезеңге жоспарланатын бюджет қаражатының көлемімен, бюджеттік өтінімдердің нәтижелілік және тиімділік көрсеткіштерімен стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын әзірлеуді және оларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиясының қарауын; 3) жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімінің жобасын әзірлеуді қамтиды.
2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамының жобасын әзірлеу
3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган әзірлейді. 4. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы стратегиялық және бағдарламалық құжаттар мен Қазақстан Республикасы Президентінің елдегі жағдай туралы және республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын ескере отырып, жылжымалы негізде бес жылдық кезеңге арналып жыл сайын әзірленеді және мыналарды: 1) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын, үрдістерін, басымдықтарын, нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштерін; 2) мыналарды: тиісті жергілікті бюджеттердің негізгі өлшемдерін; өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын; жергілікті басым бюджеттік инвестициялар тізбесін қамтуы тиіс үш жылға арналған бюджеттік өлшемдерді қамтиды. Нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштер сандық және сапалық нәтижелерді анықтау үшін негізгі бағыттар (салалар) бойынша белгіленеді, оларға қол жеткізуге бес жылдық кезең ішінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық саясаты бағытталуы тиіс. Жергілікті атқарушы орган әлеуметтік-экономикалық дамудың және бюджеттік параметрлердің қосымша көрсеткіштерін енгізуі мүмкін. 5. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері түсімдерінің болжамды көрсеткіштері бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін бюджет түсімдерін болжамдау әдістемесіне сәйкес анықталады. 6. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын қалыптастыру үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері үш жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамалары бойынша, оның ішінде басым бюджеттік инвестициялар тізбесіне енгізу үшін бюджеттік инвестициялар бойынша негіздемелері бар ұсыныстарды және басқа да қажетті ақпаратты ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады. Бұл ретте жаңа бастамалар бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстарды беру нысандары мен тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамалары бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстарын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және республикалық бюджет комиссиясының отырысында республиканың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің және әлеуметтік-экономикалық саясат басымдықтарының сценарийлі болжамы мақұлданған күннен бастап үш күндік мерзімде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамалары бойынша қорытынды жібереді. Осы Ереженің аталған тармағында көрсетілген құжаттарды қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын анықтайды және әлеуметтік-экономикалық даму болжамына енгізу үшін бюджеттік инвестициялық саясаттың басымдықтарын қалыптастырады. Бюджеттік инвестициялық саясаттың басымдықтары негізінде және осы Ереженің 10-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар әлеуметтік-экономикалық даму болжамының құрамында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың басым бюджеттік инвестицияларының тізбесін қалыптастырады. 7. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері шығыстарының болжамды көлемі: 1) жергілікті атқарушы органның борышына қызмет көрсетуге және өтеуге; 2) трансферттер мен қарыздарды есепке алмағанда, облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері түсімдері көлемінің 2 %-ынан аспайтын мөлшерде жергілікті атқарушы органдардың резервін қалыптастыруға байланысты шығыстарды бөле отырып айқындалады. 8. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын ағымдағы қаржы жылының 1 қазанынан кешіктірмей тиісті жергілікті атқарушы орган мақұлдайды. 9. Тиісті жергілікті атқарушы орган мақұлдаған облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға тиіс.
3. Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын әзірлеу, басым бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстарға стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын және бюджеттік өтінімдерді әзірлеу
10. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің шығыстарын жоспарлау үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік өтінімдерді, стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын әзірлейді және ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады. Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бюджеттік өтінімдерді, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және басым бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстар береді. Нәтижелерді бағалау жүргізілген жағдайда Ереженің осы тармағында көрсетілген құжаттарға бағалау нәтижелері қоса беріледі. 11. Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың стратегиялық жоспарлары әр үш жыл сайын Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамының негізінде бес жылдық кезеңге әзірленеді. 12. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері шығыстарының болжамды көлемі осы Ереженің 7-тармағында айтылған шығыстар шегеріле отырып, базалық шығыстарға және жаңа бастамаларға жұмсалатын шығыстарға бөлінеді. Тұрақты сипаттағы шығыстар, күрделі шығыстар, сондай-ақ бюджеттен бірлесіп қаржыландыру жағдайында басталған (жалғасатын) бюджеттік инвестициялық жобаларға және концессиялық жобаларға жұмсалатын шығыстар базалық шығыстар болып табылады. Мемлекеттік функцияларды, өкілеттіктерді орындауға және мемлекеттік қызметтер көрсетуге, сондай-ақ трансферттер төлеуге және жергілікті атқарушы органның басқа да міндеттемелеріне байланысты шығыстар тұрақты сипаттағы шығыстар болып табылады. Жаңа бастамаларға арналған шығыстарға: 1) кейіннен жаңа бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылатын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға сәйкес әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа басым бағыттарын іске асыруға; 2) макроэкономикалық және әлеуметтік көрсеткіштердің өзгеруіне байланысты емес және іс жүзіндегі бюджеттік бағдарламалар шеңберінде бюджет қаражатын жұмсаудың қосымша бағыттарын (орындалатын мемлекеттік функциялар, өкілеттіктер және көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көлемін кеңейтуді) көздейтін базалық шығыстарды ұлғайтуға бағытталған шығыстар жатады. 13. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттері шығыстарының көлемін базалық шығыстарға және жаңа бастамаларға облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік комиссиясы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органның ұсыныстары негізінде жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің арасында бөледі. Базалық шығыстар шығыстардың қолданыстағы құрылымы мен болжамды макроэкономикалық көрсеткіштер негізінде есептелген кезекті жоспарлы кезеңнің үшінші жылына арналған болжамды көлемдерді қоса отырып, ағымдағы жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдары шығыстарының бекітілген көлемі негізінде айқындалады. Жаңа бастамаларға арналған шығыстар жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің арасында стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда белгіленген өңірдің даму басымдықтарын, есепті қаржы жылының бюджеттік мониторинг нәтижелерін, есепті қаржы жылындағы стратегиялық жоспарды іске асыру туралы есептерді, нәтижелерді бағалауды ескере отырып бөлінуге тиіс. 14. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жаңа бастамаларға арналған шығыстарды жоспарлауы қосымша бюджет қаражатын бөлу есебінен де, алдыңғы жоспарлы кезеңде облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері туралы мәслихат шешімінде бекітілген осы бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің базалық шығыстар қаражатын қайта бөлу есебінен де жүзеге асырылады. 15. Егер жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша алдыңғы жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарының шығыстар сомасы облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері туралы мәслихат шешімінде осы бағдарламалар бойынша бекітілген сомамен салыстырғанда өзгермейтін болса, онда осы бағдарламалар (кіші бағдарламалар) шығыстарының түрлері бойынша есептеулер жасалмайды. Осы бағдарламалар шығыстарының түрлері бойынша есептеулер үшінші жылға ғана жасалады. Егер жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша алдыңғы жоспарлы кезеңнің екінші және (немесе) үшінші жылдарының шығыстар сомасы облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері туралы мәслихат шешімінде осы бағдарламалар бойынша бекітілген сомамен салыстырғанда өзгеретін болса, онда шығыстар түрлері бойынша есептер осы бағдарламаларға (кіші бағдарламаларға) жоспарланатын жоспарлы кезең жылдары бөлінісінде жасалады және ұсынылады. 16. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің стратегиялық жоспарларының жобалары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобалары, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бойынша бюджеттік бағдарламалардың жобалары мен бюджеттік өтінімдері түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде оларды қарайды және олар бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік комиссиясының қарауына енгізу үшін: 1) стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша; 2) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әлімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қорытындылар дайындайды. 17. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар: 1) стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге заңнамасына оның сәйкестігі тұрғысынан; 2) жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы табиғи нормалар мен мемлекеттік қызметтер стандарттарына сәйкестігі тұрғысынан; 3) стратегиялық жоспарлар жобаларының немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларының құрамында берілген бюджеттік бағдарламалар көрсеткіштерін стратегиялық мақсаттармен, стратегиялық бағыттардың міндеттерімен олардың өзара байланысы тұрғысынан; 4) стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларында берілген нәтиже және тиімділік көрсеткіштерін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарастырады. Бюджеттік өтінім жасалуы мен ұсынылуы жағынан Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген кезде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган оны қарамастан жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне қайтарады. 18. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жобаларын және қайтарылған жағдайда бюджеттік өтінімдерді пысықтайды және оларды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға қайтарған күннен бастап бес жұмыс күнінің ішінде ұсынады. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган арасындағы келіспеушіліктерді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік комиссиясы қарайды. 19. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе оларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын, басым бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстарды, бюджеттік өтінімдерді және стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын қарау нәтижесі бойынша олар жөнінде қорытындылар қалыптастырады және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік комиссиясының қарауына жібереді. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік комиссиясы жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің шығыстары бойынша қорытындыны қарайды және ол бойынша ұсыныстар әзірлейді. 20. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес ағымдағы қаржы жылының 1 қыркүйегіне дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға пысықталған бюджеттік өтінімдерді, стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын ұсынады.
4. Мәслихаттың облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті туралы шешімінің жобасын әзірлеу
21. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық дамуы болжамының негізінде облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің жобасын жасайды және оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджет комиссиясының қарауына енгізеді. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің жобасын қарау және айқындау ағымдағы қаржы жылының 15 қыркүйегінен кешіктірмей аяқталады. 22. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган облыстың, республикалық маңызы бар қала, астана бюджет комиссиясының облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасы бойынша ұсыныстары негізінде облыс, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын әзірлейді және оны ағымдағы қаржы жылының 1 қазанынан кешіктірмей облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының қарауына ұсынады. 23. Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері туралы мәслихат шешімінің жобасы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 13-бабында көзделген бюджет құрылымы бойынша және Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 72-бабында көзделген талаптарды ескере отырып әзірленеді. 24. Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің жобасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 75-бабының 1-тармағында көзделген тәртіппен ағымдағы қаржы жылының 15 қазанынан кешіктірмей тиісті мәслихатқа енгізеді. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің жобасымен бір мезгілде мынадай құжаттар мен материалдарды: 1) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын; 2) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарларына өзгерістер мен толықтырулар жобаларын; 3) стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын; 4) бюджеттік бағдарламалардың бюджеттік кіші бағдарламалары бөлінісінде бюджет қаражатының жұмсалу бағытын нақтылайтын ақпаратты және облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің жобасына енгізілген шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны ұсынады.
5. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік-экономикалық дамуы мен бюджеттік параметрлері болжамының жобасын әзірлеу
25. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган әзірлейді. 26. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды және еліміздегі жағдай туралы және Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын ескере отырып, жыл сайын сырғымалы негізде бес жылдық кезеңге әзірленеді және: 1) өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын, үрдістерін, басымдықтарын, нысаналы индикаторларын және көрсеткіштерін; 2) мыналарды: тиісті жергілікті бюджеттердің негізгі параметрлерін; өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдылығын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамасын; басымды жергілікті бюджеттік инвестициялар тізбесін қамтуы тиіс үш жылға арналған бюджеттік параметрлерді қамтиды. Нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштер сандық және сапалық нәтижелерді анықтау үшін түйінді бағыттар (салалар) бойынша белгіленеді, бес жылдық кезең ішіндегі өңірдің әлеуметтік-экономикалық саясаты оған қол жеткізуге бағытталуы тиіс. Жергілікті атқарушы орган әлеуметтік-экономикалық дамудың қосымша көрсеткіштерін енгізуі мүмкін. 27. Аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті түсімдерінің болжамды көрсеткіштері бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейтін және бекітетін бюджет түсімдерін болжамдау әдістемесіне сәйкес айқындалады. 28. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын қалыптастыру үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері үш жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамалары бойынша, оның ішінде басым бюджеттік инвестициялар тізбесіне енгізу үшін бюджеттік инвестициялар бойынша негіздемелері бар ұсыныстарды және басқа да қажетті ақпаратты ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейінгі мерзімде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ұсынады. Бұл ретте жаңа бастамалар бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстарды беру нысандары мен тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган анықтайды. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамалары бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстарын стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, Қазақстан Республикасының бюджеттік және өзге де заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық басымдықтарының болжамы облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттік комиссиясы отырысында мақұлданған күннен бастап үш күн мерзімде бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамалары бойынша қорытындыны жібереді. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар осы Ереженің осы тармағында көрсетілген құжаттарды қарау нәтижелері бойынша әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған шығыстардың жаңа бастамаларын анықтайды және әлеуметтік-экономикалық даму болжамына енгізу үшін бюджеттік инвестициялық саясаттың басымдықтарын қалыптастырады. Бюджеттік инвестициялық саясаттың басымдықтары негізінде және осы ереженің 32-тармағында көзделген құжаттарды қарау нәтижелері бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар әлеуметтік-экономикалық даму болжамы құрамында ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) басым бюджеттік инвестициялардың тізбесін қалыптастырады. 29. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет шығыстарының болжамды көлемі: 1) жергілікті атқарушы органның борышына қызмет көрсетуге және өтеуге; 2) жергілікті атқарушы органның резервін трансферттер мен қарыздарды есептемегенде, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджет түсімдері көлемінің 2 %-ынан аспайтын мөлшерде қалыптастыруға байланысты шығыстарды бөле отырып анықталады. 30. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік-экономикалық даму болжамының жобасын ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасынан кешіктірмей тиісті жергілікті атқарушы орган мақұлдайды. 31. Тиісті жергілікті атқарушы орган мақұлдаған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамы бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы тиіс.
6. Стратегиялық жоспарларды әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары жобаларын әзірлеу, басым бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстар әзірлеу және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бюджеттік өтінімдерін әзірлеу |