|
|
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ (2011.01.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2014 жылғы 30 қаңтарда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту және олардың қолданылуын тоқтату тәртібін айқындайды. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптерi мен нормаларына, халықаралық шарттың өзінiң ережелерiне, Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясына, осы Заңға және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілерiне сәйкес жасалады, орындалады, өзгертiледi және тоқтатылады.
2010.15.07. № 335-ІV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) дәйектеу - келіссөздерге қатысушы әрбір тараптың өкілетті өкілдерінің халықаралық шарт мәтінімен келісу белгісі ретінде келісілген халықаралық шарттың жобасына немесе оның жекелеген нормаларына аты-жөндерімен алдын ала қол қоюы не халықаралық шарт мәтінінің тең түпнұсқалығын анықтау тәсілдерінің бірі; 2) депозитарий - халықаралық шарттың түпнұсқасы сақталуға тапсырылатын және осы халықаралық шартқа қатысты халықаралық құқық нормаларында көзделген функцияларды орындайтын мемлекет, халықаралық ұйым немесе оның басты атқарушы лауазымды адамы; 3) ескертпе - көпжақты халықаралық шартқа қол қою, оны ратификациялау, бекіту, қабылдау немесе оған қосылу кезінде мемлекет немесе халықаралық ұйым кез келген тұжырыммен және кез келген атаумен біржақты жасаған мәлімдеме, бұл мәлімдеме арқылы осы мемлекет немесе осы халықаралық ұйым халықаралық шарттың белгілі бір ережелерінің заңдық күшін олардың аталған мемлекетке немесе аталған халықаралық ұйымға қолданылуына қатысты жоюды немесе өзгертуді қалайды; 4) келіссөздерге қатысушы тарап - халықаралық шарт мәтінін жасауға немесе қабылдауға қатысқан мемлекет немесе халықаралық ұйым; 5) күшін жою - Қазақстан Республикасының өзі жасасқан халықаралық шарттан тиісінше ресімдеп бас тартуы және Қазақстан Республикасы халықаралық шартының қолданылуын тоқтату тәсілдерінің бірі; 6) Қазақстан Республикасының халықаралық шарты - Қазақстан Республикасы шет мемлекетпен (шет мемлекеттермен) немесе халықаралық ұйыммен (халықаралық ұйымдармен) жазбаша нысанда жасасқан және мұндай келісімнің бір құжатта немесе өзара байланысты бірнеше құжаттарда екендігіне қарамастан, сондай-ақ оның нақты атауына қарамастан халықаралық құқықпен реттелетін халықаралық келісім; 7) Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының мемлекеттік тізілімі - халықаралық шарттардың түпнұсқалары мен депозитарий ресми куәландырған көшірмелерін, олардың деректемелерін және Сыртқы істер министрлігі айқындайтын олар туралы ақпараттық-анықтамалық сипаттағы басқа да мәліметтерді қамтитын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын тіркеудің, есепке алудың және сақтаудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі; 8) қол қою - халықаралық шартты жасасу сатысы немесе егер халықаралық шартта қол қоюдың осындай күші бар екендігі көзделген немесе Қазақстан Республикасы мен келіссөздерге қатысушы басқа да тараптардың қол қоюдың осындай күшке ие болуға тиіс екендігі туралы уағдаластығы өзге де жолмен белгіленген немесе Қазақстан Республикасының қол қоюға осындай күш беру ниеті оның өкілінің өкілеттігінен туындаған және (немесе) келіссөздер кезінде білдірілген жағдайда, халықаралық шарттың өзі үшін міндеттілігіне Қазақстан Республикасының келісім білдіру тәсілі; 9) мемлекетішілік рәсімдер - халықаралық шартты Қазақстан Республикасы Парламентінің ратификациялауы, Қазақстан Республикасы Президентінің не Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуі немесе қабылдауы; 10) өкілеттік - халықаралық шарттың мәтінін қабылдау немесе оның тең түпнұсқалығын белгілеу; халықаралық шартқа қол қою; Қазақстан Республикасының өзі үшін халықаралық шарттың міндеттілігіне келісімін білдіру; шартқа қатысты өзге де акт жасау мақсатында Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарының немесе құзыретті органының шешімдері негізінде жүзеге асырылатын және келіссөздерге қатысушы тарапқа не депозитарийге тапсырылатын өкілеттілік сертификатымен тиісінше ресімделген бір адамның немесе бірнеше адамның Қазақстан Республикасы атынан өкілдік ету құқығы; 11) ратификациялау, бекіту, қабылдау және қосылу - жағдайға байланысты осындай атауы бар, тиісті нормативтік құқықтық акт негізінде жасалатын халықаралық акт, ол арқылы Қазақстан Республикасы халықаралық шарттың өзі үшін міндеттілігіне халықаралық тұрғыдан өзінің келісімін білдіреді; 12) уағдаласушы тарап - халықаралық шарттың күшіне енгеніне немесе енбегеніне қарамастан халықаралық шарттың өздері үшін міндетті екендігіне келіскен мемлекет немесе халықаралық ұйым; 13) халықаралық ұйым - мемлекетаралық немесе үкіметаралық ұйым; 14) халықаралық шарт жасасу - Қазақстан Республикасының өзі үшін халықаралық шарттың міндетті екендігіне келісім білдіруі; 15) халықаралық шарттың тең түпнұсқа мәтіні - келіссөздерге қатысушы тараптар немесе уағдаласушы тараптар түпнұсқа (түпкілікті нұсқа) ретінде қарайтын халықаралық шарт мәтіні немесе егер ол шартта көзделсе немесе бұл жөнінде оған қатысушылар келіссе, әртүрлі тілдерде жасалған мәтіндердің арасында алшақтық болған жағдайда басымдыққа ие мәтін.
2-бап. Халықаралық шарттардың түрлері Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары: 1) Қазақстан Республикасының; 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің; 2010.15.07. № 335-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 3) Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының (бұдан әрi - Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары) атынан Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған өз құзыреті шегінде шет мемлекеттермен және (немесе) халықаралық ұйымдармен жасасылады.
2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАРЫН ЖАСАСУ
3-бап. Қазақстан Республикасының қатысушы болу ниетi бар халықаралық шарттардың, сондай-ақ халықаралық шарттар жобаларының сараптамасы 1. Қазақстан Республикасының қатысушы болу ниеті бар халықаралық шарттарға, сондай-ақ халықаралық шарттар жобаларына өз құзыретiне қатысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мүдделi орталық мемлекеттік органдарымен келісілгеннен кейін міндетті түрде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңдық сараптама жасалуға тиiс. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі заңдық сараптама жүргiзген кезде: 1) Қазақстан Республикасының қатысушы болу ниетi бар халықаралық шарттар ережелерінің, сондай-ақ халықаралық шарттар жобаларының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестілігі туралы қорытынды бередi; 2) Қазақстан Республикасының өзi үшін халықаралық шарттардың міндетті екендігіне келісім бiлдiру тәсiлдерiн айқындайды. 2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң сараптамасынан өткен Қазақстан Республикасының қатысушы болу ниеті бар халықаралық шарттар, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде келісілуге тиiс. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі: 1) халықаралық шарттарды жасасудың сыртқы саясат тұрғысынан қисындылығы туралы қорытынды бередi; 2010.15.07. № 335-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) Қазақстан Республикасының қатысушы болу ниеті бар халықаралық шарттар ережелерінің, сондай-ақ халықаралық шарттар жобаларының Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзгe де міндеттемелеріне сәйкестігі туралы және оларды жасасуға, күшіне енуіне, орындауға, өзгертуге, олардың тоқтатыла тұруына және тоқтатылуына байланысты басқа да мәселелері бойынша қорытынды береді; 3) Қазақстан Республикасы жасасатын халықаралық шарттардың түрлерін айқындайды.
2010.15.07. № 335-ІV ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 4-бап. Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларына ғылыми сараптама 2011.01.04. № 425-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша осы шарттармен реттелетін құқық қатынастарына қарай ғылыми (құқықтық, лингвистикалық, экологиялық, қаржылық және басқа да) сараптама жүргізілуі мүмкін. Міндетті ғылыми сараптама ратификациялауға жататын: халықаралық шарттардың жобалары бойынша - оларға қол қойылғанға дейін; Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша - оларды ратификациялау немесе оларға ратификациялау жолымен қосылу туралы шешім қабылданғанға дейін жүргізіледі. Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми сараптама жүргізу қағидасын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 2. Ғылыми сараптаманы Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттың жобасын әзірлеуге қатысқан немесе халықаралық шартты жасасуға бастамашы болған адамдарды қоспағанда, ғылыми ұйымдар және (немесе) тиісті бейіндегі жоғары оқу орындары, қаралатын халықаралық шарттың немесе халықаралық шарт жобасының мазмұнына қарай ғалымдар мен мамандар арасынан тартылған, оның ішінде шетелдік бір немесе бірнеше сарапшы (сараптама комиссиясы) жүргізеді. 1) Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттың немесе халықаралық шарт жобасының сапасын, негізділігін, уақтылылығын және оған қатысудың заңдылығын бағалау; 2) Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шартта немесе халықаралық шарттың жобасында адамның және азаматтың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын сақтау; 3) Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттың, сондай-ақ халықаралық шарт жобасының ықтимал тиімділігін айқындау; 4) халықаралық шарт жасасудың ықтимал теріс салдарын анықтау; 5) Қазақстан Республикасы заңнамасының Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шартқа немесе халықаралық шарттың жобасына сәйкестігін бағалау мақсатында жүргізіледі. 4. Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми сараптама жүргізу туралы шешім: 1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының тапсырмасы негізінде; 2) Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының бастамасы бойынша; 3) халықаралық шарт жасасу туралы ұсыныс берген орталық мемлекеттік органның бастамасы бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттың немесе халықаралық шарт жобасының келісілуін жүзеге асыратын басқа да орталық мемлекеттік органдардың ұсыныстары бойынша қабылдануы мүмкін.
5-бап. Халықаралық шарттарға қол қою, оларды ратификациялау, бекіту, қабылдау туралы және оларға қосылу туралы ұсыныстар 1. Қазақстан Республикасының Президентіне тiкелей бағынатын және есеп беретін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары өз құзыретіндегі мәселелер бойынша: 2010.15.07. № 335-ІV ҚР Заңымен 1) және 2) тармақшалар жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) Қазақстан Республикасының Президентіне - халықаралық шарттарға қол қойылатын күнге дейін күнтізбелік он төрт күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасының атынан оларға қол қою, оларды ратификациялау, бекіту, қабылдау туралы және оларға қосылу туралы, оның ішінде қол қою туралы ұсыныстар; 2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне - халықаралық шарттарға қол қойылатын күнге дейін күнтізбелік он төрт күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан оларға қол қою, оларды ратификациялау, бекіту, қабылдау туралы және оларға қосылу туралы, оның ішінде қол қою туралы ұсыныстар береді. 2010.15.07. № 335-ІV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан халықаралық шарттарға қол қою, оларды ратификациялау, бекіту, қабылдау туралы және оларға қосылу туралы, оның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қол қою туралы - оларға қол қойылатын күнге дейін күнтізбелік он төрт күннен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының атынан оларға қол қойылатын күнге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар береді. 2010.15.07. № 335-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Қазақстан Республикасының Yкіметі осы баптың 2-тармағында көрсетiлген ұсыныстарды қарайды және қаулы қабылдап, Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының атынан халықаралық шарттарға қол қойылатын күнге дейін күнтізбелік он төрт күннен кешіктірмей оларға қол қою, оларды ратификациялау, бекіту, қабылдау туралы және оларға қосылу туралы, оның ішінде қол қою туралы ұсыныстар енгiзедi. 4. Халықаралық шарттарға қол қою, оларды ратификациялау, бекіту, қабылдау туралы және оларға Қазақстан Республикасының қосылуы туралы ұсыныстар оларды Қазақстан Республикасының Президентiне немесе Қазақстан Республикасының Үкiметіне бергенге дейін өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының мүдделі орталық мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігімен келiсіледi. 5. Халықаралық шарттарға қол қою, оларды ратификациялау, бекіту, қабылдау туралы және оларға қосылу туралы ұсыныстар осы Заңның 8, 13-17-баптарында көзделген тәртiппен iске асырылады. 6. Халықаралық шарттарға қол қою, оларды ратификациялау, бекіту, қабылдау туралы және оларға қосылу туралы ұсыныстарда: 1) жағдайға байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң тиісті актілерінің жобалары; 2) халықаралық шарттар жобаларының Қазақстан Республикасының заңнамасы мен халықаралық шарттарына сәйкестігiн анықтауды қоса алғанда, оларға қол қою, оларды ратификациялау, бекіту, қабылдау және оларға қосылу қисындылығының негіздемесі; 3) халықаралық шарттарды жасасудың ықтимал саяси, құқықтық, қаржы-экономикалық және өзге де салдарына берілген баға; 4) халықаралық шарттарды орындауға уәкілеттi тиiстi органдардың атауы; 5) қажет болған жағдайда, халықаралық шарттар жасасу жоспарланған келiссөздерге қатысушы тараптардың халықаралық құқық субъектiлігі туралы ақпарат; 2010.15.07. № 335-ІV ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6) шартты жасасу тәсіліне қарай - қазақ және орыс тілдеріндегі, сондай-ақ басқа да жасасу тілдеріндегі халықаралық шарттардың жобалары; 2010.15.07. № 335-ІV ҚР Заңымен 6-1) және 6-2) тармақшалармен толықтырылды 6-1) халықаралық шарттардың жасалу тілдерінде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі ресми куәландырған олардың (депозитарий ресми куәландырған халықаралық шарттардың) көшірмелері; 6-2) халықаралық шарттардың жасалуына жауапты Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органы ресми куәландырған олардың қазақ және орыс тілдеріне, егер олар жасалу тілі болып табылмаған жағдайда, аудармалары; 7) көпжақты халықаралық шарттарға қатысушы мемлекеттердің тiзбесi; 8) көпжақты халықаралық шарттарға Қазақстан Республикасының ықтимал ескертпелерiнің жобалары мен негіздемелерi; 9) көпжақты халықаралық шарттарға басқа мемлекеттер жасаған ескертпелердiң мәтiндерi, сондай-ақ басқа уағдаласушы тараптардың ескертпелерiне қарсы Қазақстан Республикасының ықтимал қарсылықтарының жобалары мен негiздемелерi қамтылуға тиiс. 2010.15.07. № 335-ІV ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды 7. Халықаралық шарттардың тең түпнұсқа мәтіндерінің біріне қазақ және орыс тілдеріндегі аудармаларының сәйкес болуын оны жасауға жауапты Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органы қамтамасыз етеді.
2010.15.07. № 335-ІV ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (бұр.ред.қара) 6-бап. Шет мемлекеттермен немесе халықаралық ұйымдармен қатынастар Халықаралық шарттарды жасасу, олардың күшіне енуі, оларды орындау, өзгерту, тоқтата тұру және тоқтату мәселелерi бойынша шет мемлекеттермен немесе халықаралық ұйымдармен қатынастар Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігі арқылы жүзеге асырылады.
7-бап. Халықаралық шарттардың тілі 1. Екіжақты халықаралық шарттар, әдетте, келiссөздерге қатысушы тараптардың мемлекеттік тілінде жасалады. Тараптардың келiсуi бойынша халықаралық шарттардың тілі ретiнде өзге тiл таңдап алынуы мүмкiн. 2. Көпжақты халықаралық шарттар келіссөздерге қатысушы тараптардың келiсуi бойынша белгiленетiн тiлдерде жасалады. 2010.15.07. № 335-ІV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды 3. Халықаралық шарттарға өзгерістер мен толықтырулар олар жасалған тілдерде ресімделеді.
8-бап. Халықаралық шарттарды дәйектеу, олардың мәтінін қабылдау және қол қою туралы, сондай-ақ осы актілердi жасасуға өкілеттiк беру туралы шешімдер Халықаралық шарттарды дәйектеу, олардың мәтiнiн қабылдау, сондай-ақ қол қою туралы және осы актілердi жасасуға өкілеттiк беру туралы шешiмдердi тиiстi актi түрiнде: 1) Қазақстан Республикасының атынан жасалатын халықаралық шарттарға қатысты Қазақстан Республикасының Президентi қабылдайды. Халықаралық шартқа қол қою туралы тиiстi актi, егер мұндай халықаралық шартқа Қазақстан Республикасының Президентi қол қоятын немесе бұл халықаралық шартқа қол қою құқығын Қазақстан Республикасының Президентi шартқа тiкелей қол қояр алдында, басқа лауазымды адамға табыстаған, соның iшiнде ауызша табыстаған жағдайда, қабылданбайды; 2) Қазақстан Республикасы Үкіметінiң атынан жасалатын халықаралық шарттарға қатысты, соның iшінде өз атынан осы актiлердi жасасу өкiлеттігін Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдардың басшыларына немесе олардың орынбасарларына беру туралы шешiмдердi - Қазақстан Республикасының Үкіметі; 3) Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары атынан жасалатын халықаралық шарттарға қатысты Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарының бірiншi басшылары немесе оларды алмастыратын адамдар қабылдайды.
9-бап. Халықаралық шарттарды жасасуға қатысты актiлердi жасасуға өкілеттiктер 1. Осы Заңның 8-бабына сәйкес қабылданған шешiмдердiң негiзiнде халықаралық шарттарды жасасуға қатысты актiлердi жасасуға өкiлеттiктердi өкілеттiк сертификатын ресiмдеу арқылы Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігі растайды. 2. Егер осы Заңның 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес халықаралық шартқа қол қою құқығын Қазақстан Республикасының Президенті оған тiкелей қол қояр алдында басқа лауазымды адамға табыстаса, мұндай лауазымды адамның өкілеттігін осы Заңның 8-бабында көзделген шешімді қабылдамастан, өкілеттік сертификатын ресімдеу арқылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі растайды.
10-бап. Халықаралық шарттарды жасасуға қатысты актілерді өкілеттіктерсіз жасасу 1. Қазақстан Республикасының Президенті халықаралық шарттарды жасасуға қатысты барлық актілерді өкілеттіктерсіз жасасуға құқылы. 2. Осы Заңның 8-бабына сәйкес қабылданған шешімдердің негізінде мыналар: 1) халықаралық шарттарды жасасуға қатысты барлық актілерді жасасу мақсатында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі; 2) Қазақстан Республикасы мен өздерi тiркелген мемлекет арасындағы халықаралық шарттардың мәтiндерiн қабылдау мақсатында шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдiктерiнiң басшылары; 3) халықаралық конференцияда немесе халықаралық ұйымда немесе оның органдарының бірiнде халықаралық шарттың мәтінiн қабылдау мақсатында осындай конференцияда, осындай ұйымда немесе осындай органда Қазақстан Республикасы өз атынан өкілдiк етуге уәкілдiк берген өкілдер, Қазақстан Республикасының атынан өкiлеттіктерсiз өкілдiк етедi деп саналады.
11-бап. Ратификациялауға жататын халықаралық шарттар Мынадай: 1) нысанасы адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары болып табылатын; 2) орындалуы қолданыстағы заңдарды өзгертудi немесе жаңа заңдарды қабылдауды талап ететін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгеннен өзге ережелердi белгілейтiн; 3) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасының өтуi туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ерекше экономикалық аймағын және құрлықтық қайраңын межелеп бөлу туралы халықаралық шарттарды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен аумақтық межелеп бөлiнуi туралы; 4) мемлекетаралық қатынастардың негіздерi туралы, қарусыздану немесе қару-жараққа халықаралық бақылау жасау, халықаралық бейбiтшiлiк пен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөніндегі мәселелер бойынша, сондай-ақ бітімгершілік халықаралық шарттар мен ұжымдық қауiпсiздiк туралы халықаралық шарттар; 5) Қазақстан Республикасының мемлекетаралық бірлестiктер мен халықаралық ұйымдарға қатысуы туралы, егер мұндай халықаралық шарттар Қазақстан Республикасының егемендiк құқықтарының бір бөлігін жүзеге асыруды оларға берудi көздейтiн болса немесе олардың органдары шешiмдерiнің Қазақстан Республикасы үшiн заңдық тұрғыдан мiндеттілігін белгiлесе; 6) мемлекеттік қарыздар туралы; 7) гуманитарлық көмектi қоспағанда, Қазақстан Республикасының экономикалық және өзге де көмектер көрсетуi туралы; 8) қол қою кезiнде келiссөздерге қатысушы тараптардың кейiннен оларды ратификациялау туралы келiскен; 9) егер халықаралық шарттарда мұндай келісім ратификациялау арқылы бiлдiрiлетiнi көзделсе, халықаралық шарттар ратификациялауға жатады.
12-бап. Халықаралық шарттарды ратификациялағанға дейiн олардың Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау 1. Конституциялық Кеңес Қазақстан Республикасы Президентінің, Сенат Төрағасының, Мәжілiс Төрағасының, Парламент депутаттарының жалпы санының кем дегенде бестен бір бөлiгінiң, Премьер-Министрдің өтініштерi бойынша халықаралық шарттарды ратификациялағанға дейiн олардың Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігiн қарайды. 2. Конституциялық Кеңеске өтiнiш жасалған жағдайда халықаралық шарттарды ратификациялау мерзiмiнің өту уақыты тоқтатыла тұрады. 3. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейдi деп танылған халықаралық шарттарды ратификациялауға болмайды.
13-бап. Халықаралық шарттарды ратификациялау туралы ұсыныстар енгізу тәртібі 1. Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары осы Заңның 5-бабында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне өз құзыретіндегi мәселелер бойынша халықаралық шарттарды ратификациялау туралы ұсыныстар жасайды. 2. Халықаралық шарттарды ратификациялау туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізеді.
14-бап. Халықаралық шарттарды ратификациялау туралы заңдар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын ратификациялау туралы заңдарды Қазақстан Республикасы Конституциясының 62-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Парламентi қабылдайды.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |