Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) техникалық пайдалану, тексеру және жөндеу қағидаларын бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 1063 Қаулысымен күші жойылды
«Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) техникалық пайдалану, зерттеп-қарау және жөндеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 550 бұйрығын қараңыз
«Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 28-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) техникалық пайдалану, тексеру және жөндеу қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің 2014 жылғы 17 ақпандағы № 95 қаулысымен бекітілген
Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) техникалық пайдалану, тексеру және жөндеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 28-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) техникалық пайдалану, тексеру және жөндеу тәртібін айқындайды. 2. Осы Қағидаларда мынадай айқындамалар пайдаланылады: 1) авария - технологиялық процестің бұзылуы, тетіктердің, жабдықтар мен құрылыстардың зақымдануы; 2) бақыланатын көрсеткіштер - техникалық құралдардың көмегімен өлшенген немесе құрылыс өлшемдері негізінде есептелген гидротехникалық құрылыстардың жай-күйінің сандық және сапалық параметрлері; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|