Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 622 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 наурыздағы № 173 қаулысымен бекітілген
«Кеме (жасалып жатқан кеме) ипотекасын мемлекеттік тіркеу» «Кеме (жасалып жатқан кеме) ипотекасын мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
1. «Кеме (жасалып жатқан кеме) ипотекасын мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің аумақтық бөлімшесі болып табылатын Порттың теңіз әкімшілігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібi
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап жүгінген күні жүзеге асырылады; 2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезекті күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 20 минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 30 минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - кеме (жасалып жатқан кеме) ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті беру немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздемелер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжделген жауап. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|