Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 622 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 наурыздағы № 173 қаулысымен бекітілген
«Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелердің каботажды жүзеге асыруына рұқсат беру» «Шет мемлекеттiң туын көтерiп жүзетiн кемелердiң каботажды жүзеге асыруына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
1. «Шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелердің каботажды жүзеге асыруына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру, сондай-ақ «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібi
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап - күнтізбелік 20 (жиырма) күннен аспайды; 2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 20 минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты - 30 минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|