«Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін есепке алу-бақылау таңбаларымен және акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1349 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
ҚР Yкіметінің 2015 жылғы 23 шілдедегі № 573 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін есепке алу-бақылау таңбаларымен және акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1349 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 49, 560-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Шарап материалы мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі бұйымдарын акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) ережесінде: 21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «21. Субъектілерге жаңа үлгідегі таңбаларды беруді салық органы жүзеге асырады.»; 23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «23. Пайдаланылмаған ескі үлгідегі таңбаларды ескі үлгідегі таңбалары бар субъектілер және салық органдары жаңа үлгідегі таңбалар енгізілген күннен бастап үш ай ішінде ескі үлгідегі таңбаларды жою жөніндегі комиссияның қатысуымен жоюға тиіс.»; 25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «25. Ескі үлгідегі таңбаларды жою жөніндегі комиссияның құрамына салық органдарының бірінші басшылары, салық органының таңбалар үшін материалдық-жауапты адамдары және субъектінің уәкілетті өкілдері міндетті түрде енгізілуге тиіс. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|