ҚР Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 9 ақпандағы № 94 бұйрығымен күші жойылды Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 қазандағы № 565 бұйрығымен бекітілген № 7 қосымша
Қайта ұйымдастырылды - ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 855 Қаулысын қараңыз
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөлінісі болып табылады. 2. Комитет өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті және Үкіметі актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ, осы Ережені басшылыққа алады. 3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде атауы жазылған мөрлер мен мөртабандар, белгіленген үлгідегі бланкілері бар, сондай-ақ, заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық органдарында есеп шоттары болуы мүмкін. Комитет өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түсуге құқылы. Егер комитетке заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілсе, ол мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастарда тарап болуға құқылы. 4. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша белгіленген заңнамалық тәртіппен бұйрықтар нысанында құқықтық актілер шығарады. 5. Комитеттің құрылымы мен штаттық санын Ішкі істер министрі келісім бергеннен соң жауапты хатшы немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен Министрліктің штаттық саны лимиті шегіндегі жауапты хатшының уәкілеттігін жүргізуді жүзеге асыратын лауазымды адам бекітеді. 6. Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Ш. Айманов көшесі, 4. 7. Комитеттің толық атауы - «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті» мемлекеттік мекемесі. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|