ҚР Ішкі істер министрінің 2014.29.07. № 477 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 қазандағы № 565 бұйрығымен бекітілген № 10 қосымша
1. Жедел жоспарлау департаменті (бұдан әрі - Департамент) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - ІІМ) орталық аппаратының дербес құрылымдық бөлінісі болып табылады. 2. Өз қызметінде Департамент Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де құқықтық нормативтік актілерді және осы Ережені басшылыққа алады. 3. Департаменттің құрылымы мен штаттық санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Министр бекітеді. 1) Басшылықтан; 2) Жедел басқару орталығынан; 3) Жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс басқармасынан; 4) арнайы мақсаттағы бөліністердің қызметін ұйымдастыру бөлімінен; 5) дағдарыстық жағдайларды мониторингтеу және болжау бөлімінен тұрады.
2. Мемлекеттік орган құрылымдық бөлінісінің негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
5. Міндеті: Қазақстан Республикасы ІІМ жедел басқарудың жалпы стратегиясын әзірлеу. Функциялары: 1) жедел ақпаратты үздіксіз жинауды және республиканың өңірлеріндегі криминогендік жағдайды кешенді талдауды қамтамасыз ету; 2) ауыр қылмыстар жасау, жаппай тәртіпсіздіктер, табиғи зілзала және басқа да төтенше оқиғалар кезінде күштер мен құралдарды жедел басқаруды қамтамасыз ету; 3) сұрау салуларды жедел-іздестіру, анықтамалық және аналитикалық мақсаттағы деректердің біріктірілген деректер банкі арқылы тәуліктік өңдеуді қамтамасыз ету. 6. Міндеті: қылмыстар мен оқиғалар туралы өтініштер мен хабарламаларды, шағымдар мен өзге де ақпаратты қабылдауды, тіркеуді (оның ішінде электрондық форматта) жүзеге асыру. Функциялары: 1) қылмыстар мен оқиғалар туралы өтініштер мен хабарламаларды, шағымдар мен өзге де ақпаратты қабылдауды, тіркеуді жүзеге асыруды бақылау; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|