ҚР Ішкі істер министрінің 2014.29.07. № 477 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 қазандағы № 565 бұйрығымен бекітілген № 15 қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қаржымен қамтамасыз ету департаменті туралы
1. Қазақстан Республикасы ІІМ Қаржымен қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі - Департамент) Министрлік әкімшілік ететін бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік шығыстарды жоспарлау және атқару, Министрлік орталық аппаратының және ведомстволық бағынысты бөліністерінің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру, қаржыландыру, еңбек және еңбекақы төлеу, зейнетақымен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіретін және жүзеге асыратын Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) құрылымдық бөлінісі болып табылады. 2. Департамент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, Министрліктің нормативтік құқықтық актілерін және осы Ережені басшылыққа алады. 3. Департаменттің құрылымы мен штаттық саны Министрдің бұйрығымен белгіленеді және бекітіледі. 1) Басшылықтан; 2) Жоспарлау және қаржыландыру басқармасынан; 3) Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есептілік басқармасынан; 4) Еңбекақы төлеу және зейнетақы тағайындау бөлімінен тұрады.
2. Департаменттің негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері
5. Міндеті: Министрлік әкімшілік ететін республикалық бюджеттік бағдарламалар бойынша тиісті қаржы жылына арналған шығыстарды жоспарлау. Функциясы: 1) Министрлікке ведомстволық бағынысты бөліністері мен қызметтері ұсынған бюджеттік өтінімдерді тексереді және талдайды. Экономикалық талдау жүргізеді және Министрліктің тиісті қаржы жылына арналған жиынтық бюджеттік өтінімін қалыптастырады. 2) Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына енгізу үшін мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілетті органға жиынтық бюджеттік өтінімді қорғауды қамтамасыз етеді; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|