Р/с № | Біліктілік талаптары | Өтінішті берген кезде қоса берілетін құжаттар | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Іздестіру қызметі |
1) | жеке тұлға үшін - іздестіру қызметі саласында тиісті жоғары кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша кемінде үш жыл еңбек өтілінің (еңбек қызметінің) немесе іздестіру қызметі саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімінің, лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша орындаушы (қызметкер) ретінде кемінде бес жыл еңбек өтілінің (еңбек қызметінің) болуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілігі және жұмыс өтілі туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
2) | заңды тұлға үшін - штатында іздестіру қызметі саласында тиісті жоғары кәсіптік білімі және лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша кемінде үш жыл еңбек өтілі (еңбек қызметі) немесе іздестіру қызметі саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімі, лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша кемінде бес жыл еңбек өтілі (еңбек қызметі) бар кемінде бір инженер-техник қызметкердің болуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес инженер-техник қызметкерлердің біліктілігі мен жұмыс өтілінің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
3) | меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығындағы мыналармен: 1) лицензияланатын қызмет түрінің мәлімделген жұмыс түрлерін, кіші түрін орындауға қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен немесе үй-жайлармен жарақтандырылған. Бұл ретте жұмысты жүргізген кезде еңбекті қорғау жүйесі мен қауіпсіздік техникасының талаптарына қайшы болмаса, өндірістік базаның әкімшілік, өндірістік және өзге де ғимараттары немесе үй-жайлары біріктірілуі мүмкін; 2) еңбек жағдайларына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен жарақтандырылған өндірістік базаның болуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес өндірістік база туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
4) | меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығында ең аз материалдық-техникалық жарақтандырылуының болуы: 1) лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрінің мәлімделген жұмыстарын орындау үшін қажетті техникалық талаптарға байланысты пайдаланылатын бақылау-өлшеу аспаптары, құралдары, механизмдері, құрылғылары; 2) инженерлік-геодезиялық жұмыстарды жүзеге асырған кезде есеп айырысуларды орындауға, графикалық және өзге де материалдарды жасау мен ресімдеуге қажетті орнатылған бағдарламалық жасақтамасы бар дербес компьютер | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес материалдық-техникалық жарақтандырылуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
5) | жұмыстардың тиісінше орындалуын және сапаның қамтамасыз етілуін регламенттейтін сапаны бақылау (норманы бақылау, жұмыс жүргізу сапасын бақылау) жүйесі бойынша өтініш беруші (лицензиат) бекіткен нұсқаулықтың болуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес сапаны бақылау жүйесі бойынша бекітілген нұсқаулық туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
6) | жауапты инженер-техник қызметкердің оқудан өткенін растайтын құжаттарды қоса берумен, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесі бойынша өтініш беруші (лицензиат) бекіткен қағидалардың және нұсқаулықтардың болуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесі бойынша бекітілген қағидалар мен нұсқаулықтар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
2. | Жобалау қызметі |
2.1 | жобалау қызметімен айналысу үшін ІІІ санаттағы лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптары: | | |
1) | жеке тұлға үшін - жобалау қызметі саласында тиісті жоғары кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша кемінде үш жыл еңбек өтілінің (еңбек қызметінің) немесе жобалау қызметі саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімінің, лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша орындаушы (қызметкер) ретінде кемінде бес жыл еңбек өтілінің (еңбек қызметінің), сондай-ақ сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы жұмыстар үшін рұқсатының болуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілігі және жұмыс өтілі туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
2) | заңды тұлға үшін - штатында жобалау қызметі саласында тиісті жоғары кәсіптік білімі және лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша кемінде үш жыл еңбек өтілі (еңбек қызметі) немесе жобалау қызметі саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімі, лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша кемінде бес жыл еңбек өтілі (еңбек қызметі) бар кемінде бір инженер-техник қызметкердің, сондай-ақ жауапты орындаушыларда сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы жұмыстар үшін рұқсатының болуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес инженер-техник қызметкерлердің біліктілігі мен жұмыс өтілінің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
3) | меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығындағы мыналармен: 1) лицензияланатын қызмет түрінің мәлімделген жұмыс түрлерін, кіші түрін орындауға қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен немесе үй-жайлармен жарақтандырылған. Бұл ретте жұмысты жүргізген кезде еңбекті қорғау жүйесі мен қауіпсіздік техникасының талаптарына қайшы болмаса, өндірістік базаның әкімшілік, өндірістік және өзге де ғимараттары немесе үй-жайлары біріктірілуі мүмкін; 2) еңбек жағдайларына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен жарақтандырылған өндірістік базаның болуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес өндірістік база туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
4) | меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығында лицензияланатын қызмет түрінің мәлімделген кіші түрін орындау үшін қажетті есеп айырысуларды орындауды, графикалық және өзге де материалдарды жасау мен ресімдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін орнатылған бағдарламалық жасақтамасы бар дербес компьютерлерді қамтитын ең аз материалдық-техникалық жарақтандырылуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес техникалық жарақтандырылуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
5) | жұмыстардың тиісінше орындалуын және сапаның қамтамасыз етілуін регламенттейтін сапаны бақылау (норманы бақылау, жұмыс жүргізу сапасын бақылау, жобалар мен оның бөлімдерінің сапасын бақылау) жүйесі бойынша өтініш беруші (лицензиат) бекіткен нұсқаулықтың болуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес сапаны бақылау жүйесі бойынша бекітілген нұсқаулық туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
6) | жауапты инженер-техник қызметкердің оқудан өткенін растайтын құжаттарды қоса берумен, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесі бойынша өтініш беруші (лицензиат) бекіткен қағидалардың және нұсқаулықтардың болуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесі бойынша бекітілген қағидалар мен нұсқаулықтар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
2.2 | жобалау қызметімен айналысу үшін ІІ санаттағы лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптары: | | |
1) | жеке тұлға үшін - жобалау қызметі саласында тиісті жоғары кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша кемінде сегіз жыл еңбек өтілінің (еңбек қызметінің) немесе жобалау қызметі саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімінің, лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша орындаушы (қызметкер) ретінде кемінде он жыл еңбек өтілінің (еңбек қызметінің), сондай-ақ сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы жұмыстар үшін рұқсатының болуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілігі және жұмыс өтілі туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
2) | заңды тұлға үшін - штатында жобалау қызметі саласында тиісті жоғары кәсіптік білімі және лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша кемінде бес жыл еңбек өтілі (еңбек қызметі) немесе жобалау қызметі саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімі, лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша кемінде жеті жыл еңбек өтілі (еңбек қызметі) бар кемінде бір инженер-техник қызметкердің, сондай-ақ жауапты орындаушыларда сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы жұмыстар үшін рұқсатының болуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес инженер-техник қызметкерлердің біліктілігі мен жұмыс өтілінің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
3) | меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығындағы мыналармен: 1) лицензияланатын қызмет түрінің мәлімделген жұмыс түрлерін, кіші түрін орындауға қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен немесе үй-жайлармен жарақтандырылған. Бұл ретте жұмысты жүргізген кезде еңбекті қорғау жүйесі мен қауіпсіздік техникасының талаптарына қайшы болмаса, өндірістік базаның әкімшілік, өндірістік және өзге де ғимараттары немесе үй-жайлары біріктірілуі мүмкін; 2) еңбек жағдайларына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен жарақтандырылған өндірістік базаның болуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес өндірістік база туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
4) | меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығында лицензияланатын қызмет түрінің мәлімделген кіші түрін орындау үшін қажетті есеп айырысуларды орындауды, графикалық және өзге де материалдарды жасау мен ресімдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін орнатылған бағдарламалық жасақтамасы бар дербес компьютерлерді қамтитын ең аз материалдық-техникалық жарақтандырылуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес техникалық жарақтандырылуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
5) | жұмыстардың тиісінше орындалуын және сапаның қамтамасыз етілуін регламенттейтін сапаны бақылау (норманы бақылау, жұмыс жүргізу сапасын бақылау, жобалар мен оның бөлімдерінің сапасын бақылау) жүйесі бойынша өтініш беруші (лицензиат) бекіткен нұсқаулықтың болуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес сапаны бақылау жүйесі бойынша бекітілген нұсқаулық туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
6) | жауапты инженер-техник қызметкердің оқудан өткенін растайтын құжаттарды қоса берумен, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесі бойынша өтініш беруші (лицензиат) бекіткен қағидалардың және нұсқаулықтардың болуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесі бойынша бекітілген қағидалар мен нұсқаулықтар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
7) | лицензиаттың кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі, бұл ретте жұмыс тәжірибесі жобалау қызметін (жобалау бөлігінде жобалау-іздестіру қызметін) жүзеге асыруға шетелдік тұлғалар үшін лицензия немесе өзге де тең келетін рұқсат беру құжатын алған күнінен бастап есептеледі не ІІІ санаттағы лицензиат ретінде кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі | лицензияның немесе «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиісті расталуы бар шет мемлекеттің тиісті ресми рұқсат беру құжатының көшірмесі | |
8) | бас мердігер ретінде, құжаттамалық растауды (объектіні пайдалануға беру туралы қол қойылған актілердің көшірмелерін) ұсына отырып, техникалық жағынан күрделі емес екінші және/немесе үшінші жауапкершілік деңгейінде кемінде бес іске асырылған құрылыс объектілерінің болуы не лицензиат қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыстар орындаған, құжаттамалық растауды (орындалған жұмыстардың қол қойылған актілерінің көшірмелерін) ұсына отырып, бірінші және/немесе екінші жауапкершілік деңгейіндегі кемінде он объектінің болуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес іске асырылған объектілер туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | бас мердігерлік және қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыс тәжірибесі болған жағдайда объектілерді пайдалануға беру актілерін және орындалған жұмыстардың актілерін ұсынуға рұқсат етіледі, бұл ретте актілердің жалпы саны қосалқы мердігерлік шарттар бойынша объектілердің болуын растау үшін белгіленген мөлшерде ұсынылуға тиіс. Жұмыс тәжірибесі ретінде лицензияның санатына сәйкес жұмыстарды бас мердігер ретінде орындауға рұқсат берілмейтін объектілер бойынша құжаттық растауды ұсыну 2012 жылғы 30 қаңтарға дейін күшіне енген шарттар бойынша жұмыстарды орындаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. |
9) | бас мердігер ретінде іске асырылған құрылыс объектілері бойынша тапсырыс берушілерден және/немесе пайдаланушы тұлғалардан, не тапсырыс берушілерден және/немесе пайдаланушы тұлғалардан пікірлер алу мүмкін болмаған жағдайда мүдделі жергілікті атқарушы органдардан кемінде бес оң пікірдің не қосалқы мердігерлік шарттар бойынша кемінде он оң пікірдің болуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес іске асырылған объектілер жөніндегі пікірлер туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
2.3 | жобалау қызметімен айналысу үшін І санаттағы лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптары: | | |
1) | жеке тұлға үшін - жобалау қызметі саласында тиісті жоғары кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша кемінде он үш жыл еңбек өтілінің (еңбек қызметінің) немесе жобалау қызметі саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімінің, лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша орындаушы (қызметкер) ретінде кемінде он бес жыл еңбек өтілінің (еңбек қызметінің), сондай-ақ сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы жұмыстар үшін рұқсатының болуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілігі және жұмыс өтілі туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
2) | заңды тұлға үшін - штатында жобалау қызметі саласында тиісті жоғары кәсіптік білімі және лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша кемінде бес жыл еңбек өтілі (еңбек қызметі) немесе жобалау қызметі саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімі, лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша кемінде жеті жыл еңбек өтілі (еңбек қызметі) бар кемінде бір инженер-техник қызметкердің, сондай-ақ жауапты орындаушыларда сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы жұмыстар үшін рұқсатының болуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес инженер-техник қызметкерлердің біліктілігі мен жұмыс өтілінің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
3) | меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) құқығындағы мыналармен: 1) лицензияланатын қызмет түрінің мәлімделген жұмыс түрлерін, кіші түрін орындауға қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен немесе үй-жайлармен жарақтандырылған. Бұл ретте жұмысты жүргізген кезде еңбекті қорғау жүйесі мен қауіпсіздік техникасының талаптарына қайшы болмаса, өндірістік базаның әкімшілік, өндірістік және өзге де ғимараттары немесе үй-жайлары біріктірілуі мүмкін; 2) еңбек жағдайларына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен жарақтандырылған өндірістік базаның болуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес өндірістік база туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
4) | меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығында лицензияланатын қызмет түрінің мәлімделген кіші түрін орындау үшін қажетті есеп айырысуларды орындауды, графикалық және өзге де материалдарды жасау мен ресімдеуді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін орнатылған бағдарламалық жасақтамасы бар дербес компьютерлерді қамтитын ең аз материалдық-техникалық жарақтандырылуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес техникалық жарақтандырылуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
5) | жұмыстардың тиісінше орындалуын және сапаның қамтамасыз етілуін регламенттейтін сапаны бақылау (норманы бақылау, жұмыс жүргізу сапасын бақылау, жобалар мен оның бөлімдерінің сапасын бақылау) жүйесі бойынша өтініш беруші (лицензиат) бекіткен нұсқаулықтың болуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес сапаны бақылау жүйесі бойынша бекітілген нұсқаулық туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
6) | жауапты инженер-техник қызметкердің оқудан өткенін растайтын құжаттарды қоса берумен, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесі бойынша өтініш беруші (лицензиат) бекіткен қағидалардың және нұсқаулықтардың болуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесі бойынша бекітілген қағидалар мен нұсқаулықтар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
7) | лицензиаттың кемiнде он жыл не Қазақстан Республикасының аумағында теңіз мұнай-газ жобалары үшін жобалау қызметiн (жобалау бөлiгiнде жобалау-iздестiру қызметiн) жүзеге асырған тұлғалар үшін кемінде жеті жыл жұмыс тәжiрибесi не II санаттағы лицензиат ретiнде кемiнде бес жыл жұмыс тәжiрибесi. Жұмыс тәжiрибесi лицензияны алған күннен бастап есептеледі. Шетелдiк тұлғалар үшiн жұмыс тәжiрибесi ретінде жобалау қызметiн (жобалау бөлiгiнде жобалау-iздестiру қызметiн) жүзеге асыруға тең келетiн рұқсат беру құжаты есепке алынады. | лицензияның немесе «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиісті расталуы бар шет мемлекеттің тиісті ресми рұқсат беру құжатының көшірмесі | |
8) | бас мердігер ретінде, құжаттамалық растауды (объектіні пайдалануға беру туралы қол қойылған актілердің көшірмелерін) ұсына отырып, бірінші және/немесе екінші жауапкершілік деңгейінде кемінде он іске асырылған құрылыс объектілерінің болуы не лицензиат қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыстар орындаған, құжаттамалық растауды (орындалған жұмыстардың қол қойылған актілерінің көшірмелерін) ұсына отырып, бірінші және/немесе екінші жауапкершілік деңгейіндегі кемінде жиырма объектінің болуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес іске асырылған объектілер туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | бас мердігерлік және қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыс тәжірибесі болған жағдайда объектілерді пайдалануға беру актілерін және орындалған жұмыстардың актілерін ұсынуға рұқсат етіледі, бұл ретте актілердің жалпы саны қосалқы мердігерлік шарттар бойынша объектілердің болуын растау үшін белгіленген мөлшерде ұсынылуға тиіс. Жұмыс тәжірибесі ретінде лицензияның санатына сәйкес жұмыстарды бас мердігер ретінде орындауға рұқсат берілмейтін объектілер бойынша құжаттық растауды ұсыну 2012 жылғы 30 қаңтарға дейін күшіне енген шарттар бойынша жұмыстарды орындаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. |
9) | бас мердігер ретінде іске асырылған құрылыс объектілері бойынша тапсырыс берушілерден және/немесе пайдаланушы тұлғалардан, не тапсырыс берушілерден және/немесе пайдаланушы тұлғалардан пікірлер алу мүмкін болмаған жағдайда мүдделі жергілікті атқарушы органдардан кемінде бес оң пікірдің не қосалқы мердігерлік шарттар бойынша кемінде он оң пікірдің болуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес іске асырылған объектілер жөніндегі пікірлер туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
10) | лицензиаттың қызметін қоса атқарып жүрген инженерлік-техникалық қызметкерлердің жалпы санынан 20 % артық болмауы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес инженер-техник қызметкерлердің біліктілігі мен жұмыс өтілінің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
3. | Құрылыс-монтаж жұмыстары |
3.1 | құрылыс-монтаж жұмыстарымен айналысу үшін ІІІ санаттағы лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптары: | | |
1) | жеке тұлға үшін - құрылыс-монтаждау жұмыстары саласында тиісті жоғары кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша кемінде екі жыл еңбек өтілінің (еңбек қызметінің) немесе құрылыс-монтаждау жұмыстары саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімінің, лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша орындаушы (қызметкер) ретінде кемінде үш жыл еңбек өтілінің (еңбек қызметінің), сондай-ақ сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы жұмыстар үшін рұқсатының болуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілігі және жұмыс өтілі туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
2) | заңды тұлға үшін - штатында құрылыс-монтаждау жұмыстары саласында тиісті жоғары кәсіптік білімі және лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша кемінде екі жыл еңбек өтілі (еңбек қызметі) немесе құрылыс-монтаждау жұмыстары саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімі, лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша кемінде үш жыл еңбек өтілі (еңбек қызметі) бар кемінде бір инженер-техник қызметкердің, сондай-ақ жауапты орындаушыларда сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы жұмыстар үшін рұқсатының болуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес инженер-техник қызметкерлердің біліктілігі мен жұмыс өтілінің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
3) | меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығындағы мыналармен: 1) лицензияланатын қызмет түрінің мәлімделген жұмыс түрлерін, кіші түрін орындауға қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен немесе үй-жайлармен жарақтандырылған. Бұл ретте жұмысты жүргізген кезде еңбекті қорғау жүйесі мен қауіпсіздік техникасының талаптарына қайшы болмаса, сондай-ақ әкімшілік, техникалық және өндірістік қызметкерлердің еңбек жағдайларын бұзбаса, өндірістік базаның әкімшілік, өндірістік және өзге де ғимараттары немесе үй-жайлары біріктірілуі мүмкін; 2) еңбек жағдайларына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен жарақтандырылған өндірістік базаның болуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес өндірістік база туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
4) | меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығында лицензияланатын қызмет түрі кіші түрінің мәлімделген жұмыстарына қойылатын техникалық талаптарға байланысты құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауға қойылатын техникалық талаптарға сәйкес белгіленген жабдықтардың ең аз жиынтығын, бақылау-өлшеу құралдарын, аспаптарды, машиналар мен механизмдерді қамтитын ең аз материалдық-техникалық жарақтандырылуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес техникалық жарақтандырылуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
5) | жұмыстардың тиісінше орындалуын және сапаның қамтамасыз етілуін регламенттейтін сапаны бақылау (норманы бақылау, жұмыс жүргізу сапасын бақылау) жүйесі бойынша өтініш беруші (лицензиат) бекіткен нұсқаулықтың болуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес сапаны бақылау жүйесі бойынша бекітілген нұсқаулық туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
6) | жауапты инженер-техник қызметкердің оқудан өткенін растайтын құжаттарды қоса берумен, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесі бойынша өтініш беруші (лицензиат) бекіткен қағидалардың және нұсқаулықтардың болуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесі бойынша бекітілген қағидалар мен нұсқаулықтар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
3.2 | құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысу үшін ІІ санаттағы лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптары: | | |
1) | жеке тұлға үшін - құрылыс-монтаждау жұмыстары саласында тиісті жоғары кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша кемінде сегіз жыл еңбек өтілінің (еңбек қызметінің) немесе құрылыс-монтаждау жұмыстары саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімінің, лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша орындаушы (қызметкер) ретінде кемінде он жыл еңбек өтілінің (еңбек қызметінің), сондай-ақ сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы жұмыстар үшін рұқсатының болуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілігі және жұмыс өтілі туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
2) | заңды тұлға үшін - штатында құрылыс-монтаждау жұмыстары саласында тиісті жоғары кәсіптік білімі және лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша кемінде үш жыл еңбек өтілі (еңбек қызметі) немесе құрылыс-монтаждау жұмыстары саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімі, лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша кемінде бес жыл еңбек өтілі (еңбек қызметі) бар кемінде бір инженер-техник қызметкердің, сондай-ақ жауапты орындаушыларда сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы жұмыстар үшін рұқсатының болуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес инженер-техник қызметкерлердің біліктілігі мен жұмыс өтілінің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
3) | меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығындағы мыналармен: 1) лицензияланатын қызмет түрінің мәлімделген жұмыс түрлерін, кіші түрін орындауға қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен немесе үй-жайлармен жарақтандырылған. Бұл ретте жұмысты жүргізген кезде еңбекті қорғау жүйесі мен қауіпсіздік техникасының талаптарына қайшы болмаса, өндірістік базаның әкімшілік, өндірістік және өзге де ғимараттары немесе үй-жайлары біріктірілуі мүмкін; 2) еңбек жағдайларына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен жарақтандырылған өндірістік базаның болуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес өндірістік база туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
4) | меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығында лицензияланатын қызмет түрі кіші түрінің мәлімделген жұмыстарына қойылатын техникалық талаптарға байланысты құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауға қойылатын техникалық талаптарға сәйкес белгіленген жабдықтардың ең аз жиынтығын, бақылау-өлшеу құралдарын, аспаптарды, машиналар мен механизмдерді қамтитын ең аз материалдық-техникалық жарақтандырылуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес техникалық жарақтандырылуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
5) | жұмыстардың тиісінше орындалуын және сапаның қамтамасыз етілуін регламенттейтін сапаны бақылау (норманы бақылау, жұмыс жүргізу сапасын бақылау) жүйесі бойынша өтініш беруші (лицензиат) бекіткен нұсқаулықтың болуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес сапаны бақылау жүйесі бойынша бекітілген нұсқаулық туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
6) | жауапты инженер-техник қызметкердің оқудан өткенін растайтын құжаттарды қоса берумен, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесі бойынша өтініш беруші (лицензиат) бекіткен қағидалардың және нұсқаулықтардың болуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесі бойынша бекітілген қағидалар мен нұсқаулықтар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
7) | лицензиаттың кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі, бұл ретте жұмыс тәжірибесі құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыруға лицензия немесе шетелдік тұлғалар үшін өзге де тең келетін рұқсат беру құжатын алған күнінен бастап есептеледі не ІІІ санаттағы лицензиат ретінде кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі | лицензияның немесе «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиісті расталуы бар шет мемлекеттің тиісті ресми рұқсат беру құжатының көшірмесі | |
8) | бас мердігер ретінде, құжаттамалық растауды (объектіні пайдалануға беру туралы қол қойылған актілердің көшірмелерін) ұсына отырып, техникалық жағынан күрделі емес екінші және/немесе үшінші жауапкершілік деңгейінде кемінде бес іске асырылған құрылыс объектілерінің болуы не лицензиат қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыстар орындаған, құжаттамалық растауды (орындалған жұмыстардың қол қойылған актілерінің көшірмелерін) ұсына отырып, бірінші және/немесе екінші жауапкершілік деңгейіндегі кемінде он объектінің болуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес іске асырылған объектілер туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | бас мердігерлік және қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыс тәжірибесі болған жағдайда объектілерді пайдалануға беру актілерін және орындалған жұмыстардың актілерін ұсынуға рұқсат етіледі, бұл ретте актілердің жалпы саны қосалқы мердігерлік шарттар бойынша объектілердің болуын растау үшін белгіленген мөлшерде ұсынылуға тиіс. Жұмыс тәжірибесі ретінде лицензияның санатына сәйкес жұмыстарды бас мердігер ретінде орындауға рұқсат берілмейтін объектілер бойынша құжаттық растауды ұсыну 2012 жылғы 30 қаңтарға дейін күшіне енген шарттар бойынша жұмыстарды орындаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. |
9) | бас мердігер ретінде іске асырылған құрылыс объектілері бойынша тапсырыс берушілерден және/немесе пайдаланушы тұлғалардан, не тапсырыс берушілерден және/немесе пайдаланушы тұлғалардан пікірлер алу мүмкін болмаған жағдайда мүдделі жергілікті атқарушы органдардан кемінде бес оң пікірдің не қосалқы мердігерлік шарттар бойынша кемінде он оң пікірдің болуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес іске асырылған объектілер туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
3.3 | құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысу үшін І санаттағы лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптары: | | |
1) | жеке тұлға үшін - құрылыс-монтаждау жұмыстары саласында тиісті жоғары кәсіптік білімінің және лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша кемінде он үш жыл еңбек өтілінің (еңбек қызметінің) немесе құрылыс-монтаждау жұмыстары саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімінің, лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша орындаушы (қызметкер) ретінде кемінде он бес жыл еңбек өтілінің (еңбек қызметінің), сондай-ақ сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы жұмыстар үшін рұқсатының болуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес біліктілігі және жұмыс өтілі туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
2) | заңды тұлға үшін - штатында құрылыс- монтаждау жұмыстары саласында тиісті жоғары кәсіптік білімі және лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша кемінде үш жыл еңбек өтілі (еңбек қызметі) немесе құрылыс-монтаждау жұмыстары саласында тиісті орта кәсіптік немесе техникалық және кәсіптік білімі, лицензияланатын қызмет түрінің өтініш жасалған кіші түрінің құрамына кіретін жұмыстардың бейіні бойынша кемінде бес жыл еңбек өтілі (еңбек қызметі) бар кемінде бір инженер-техник қызметкердің, сондай-ақ жауапты орындаушыларда сейсмикалық қауіптілігі жоғары аудандардағы жұмыстар үшін рұқсатының болуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес инженерлік-техникалық қызметкерлердің біліктілігі мен жұмыс өтілінің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
3) | меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) құқығындағы мыналармен: 1) лицензияланатын қызмет түрінің мәлімделген жұмыс түрлерін, кіші түрін орындауға қажетті әкімшілік-өндірістік ғимараттармен немесе үй-жайлармен жарақтандырылған. Бұл ретте жұмысты жүргізген кезде еңбекті қорғау жүйесі мен қауіпсіздік техникасының талаптарына қайшы болмаса, өндірістік базаның әкімшілік, өндірістік және өзге де ғимараттары немесе үй-жайлары біріктірілуі мүмкін; 2) еңбек жағдайларына сәйкес ұйымдастырылған жұмыс орындарымен жарақтандырылған өндірістік базаның болуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес өндірістік база туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
4) | меншік (шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару) және/немесе жалға алу құқығында лицензияланатын қызмет түрі кіші түрінің мәлімделген жұмыстарына қойылатын техникалық талаптарға байланысты құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындауға қойылатын техникалық талаптарға сәйкес белгіленген жабдықтардың ең аз жиынтығын, бақылау-өлшеу құралдарын, аспаптарды, машиналар мен механизмдерді қамтитын ең аз материалдық-техникалық жарақтандырылуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес техникалық жарақтандырылуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
5) | жұмыстардың тиісінше орындалуын және сапаның қамтамасыз етілуін регламенттейтін сапаны бақылау (норманы бақылау, жұмыс жүргізу сапасын бақылау) жүйесі бойынша өтініш беруші (лицензиат) бекіткен нұсқаулықтың болуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес сапаны бақылау жүйесі бойынша бекітілген нұсқаулық туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
6) | жауапты инженер-техник қызметкердің оқудан өткенін растайтын құжаттарды қоса берумен, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесі бойынша өтініш беруші (лицензиат) бекіткен қағидалардың және нұсқаулықтардың болуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жүйесі бойынша бекітілген қағидалар мен нұсқаулықтар туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
7) | лицензиаттың кемінде он жыл не Қазақстан Республикасының аумағында теңіз мұнай-газ жобалары үшін құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыратын тұлғалар үшін кемінде жеті жыл жұмыс тәжірибесі не ІІ санаттағы лицензиат ретінде кемінде бес жыл жұмыс тәжірибесі. Жұмыс тәжірибесі лицензия алған күннен бастап есептеледі. Шетелдік тұлғалар үшін жұмыс тәжірибесі ретінде құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыруға тең келетін рұқсат беру құжаты есепке алынады | лицензияның немесе «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиісті расталуы бар шет мемлекеттің тиісті ресми рұқсат беру құжатының көшірмесі | |
8) | бас мердігер ретінде, құжаттамалық растауды (объектіні пайдалануға беру туралы қол қойылған актілердің көшірмелерін) ұсына отырып, бірінші және/немесе екінші жауапкершілік деңгейінде кемінде он іске асырылған құрылыс объектілерінің болуы не лицензиат қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыстар орындаған, құжаттамалық растауды (орындалған жұмыстардың қол қойылған актілерінің көшірмелерін) ұсына отырып, бірінші және/немесе екінші жауапкершілік деңгейіндегі кемінде жиырма объектінің болуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес іске асырылған объектілер туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны. Мұнай-газ саласында құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысатын өтініш берушілер (лицензиаттар) оған қатысты өтініш беруші (лицензиат) еншілес ұйым болып табылатын негізгі ұйым жұмысының тәжірибесі бөлігінде ақпарат пен құжаттарды ұсына алады. | бас мердігерлік және қосалқы мердігерлік шарттар бойынша жұмыс тәжірибесі болған жағдайда объектілерді пайдалануға беру актілерін және орындалған жұмыстардың актілерін ұсынуға рұқсат етіледі, бұл ретте актілердің жалпы саны қосалқы мердігерлік шарттар бойынша объектілердің болуын растау үшін белгіленген мөлшерде ұсынылуға тиіс. Жұмыс тәжірибесі ретінде лицензияның санатына сәйкес жұмыстарды бас мердігер ретінде орындауға рұқсат берілмейтін объектілер бойынша құжаттық растауды ұсыну 2012 жылғы 30 қаңтарға дейін күшіне енген шарттар бойынша жұмыстарды орындаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. |
9) | бас мердігер ретінде іске асырылған құрылыс объектілері бойынша тапсырыс берушілерден және/немесе пайдаланушы тұлғалардан, не тапсырыс берушілерден және/немесе пайдаланушы тұлғалардан пікірлер алу мүмкін болмаған жағдайда мүдделі жергілікті атқарушы органдардан кемінде бес оң пікірдің не қосалқы мердігерлік шарттар бойынша кемінде он оң пікірдің болуы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес іске асырылған объектілер туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
10) | лицензиаттың қызметін қоса атқарып жүрген инженер-техник қызметкерлердің жалпы санынан 20 % артық болмауы | осы біліктілік талаптарына қосымшаға сәйкес инженер-техник қызметкерлердің біліктілігі мен жұмыс өтілінің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны | |
| | | | |