Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 145 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 14 Қаулысымен күші жойылды
«Консулдық заңдастыру» «Консулдық заңдастыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін қараңыз
1. «Консулдық заңдастыру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Министрлік және Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібi
4. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезінен бастап - 3 (үш) жұмыс күнінен аспайды; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 60 минут; 3) көрсетілетін қызмет алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 10 минут. 5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде. 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - тапсырылған құжаттарды консулдық заңдастыру. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде. 7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет 2008 жылы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген консулдық алым мөлшерлемелері бойынша ақылы негізде көрсетіледі: 1) Қазақстан Республикасының аумағында - консулдық алымды төлеу күніне белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 500 пайызы; 2) шетелде - осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|