Шымкент қаласы «Сансервис «Sunservis» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылу энергиясын беру және бөлу қызметтеріне тарифі мен тарифтік сметасын бекіту туралы
«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағының 1), 2) тармақшаларына, 15-1, 18-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1157 қаулысымен бекітілген «Қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін оңайлатылған мемлекеттік реттеу ережесін бекіту туралы» және Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығымен бекітілген «Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін бекіту туралы» ережелеріне сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Шымкент қаласы «Сансервис «Sunservis» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылу энергиясын беру және бөлу қызметтеріне тарифі 508,18 теңге/Гкал (ҚҚС-сыз) көлемінде бекітілсін. 2. Шымкент қаласы «Сансервис «Sunservis» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылу энергиясын беру және бөлу қызметтеріне: - осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес тариф прейскуранты; - осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес тарифтік сметасы бекітілсін. 3. Осы бұйрық қолданысқа енгізілген уақыттан бастап Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің 2011 жылғы 21 қарашадағы № 350-НҚ «Шымкент қаласы Сансервис «Sunservis» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жылу энергиясын беру және тарату қызметтеріне тарифін (бағасын, алым ставкасын) және тарифтік сметасын бекіту туралы» бұйрығының күші жойылсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|