Жеке сот орындаушысының куәлігінің, жеке мөрі мен жетонының үлгілерін бекіту туралы
Осы редакция 2014 жылғы 7 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі Заңының 154-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН: 1. Мына үлгілер бекітілсін: 1) Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жеке сот орындаушысы куәлігінің үлгісі; 2) Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жеке сот орындаушысының жеке мөрінің үлгісі; 3) Осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жеке сот орындаушысы жетонының үлгісі. 2. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әділет министрінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 296 бұйрығына 1-қосымша
Жеке сот орындаушысының куәлік үлгісі
Жеке сот орындаушысының куәлік үлгісінің сипаттамасы
1. Жеке сот орындаушысының куәлігі (бұдан әрі - куәлік) мұқабасымен жапсырмасынан тұрады. 2. Мұқабасы қызыл түсті жоғары сапалы былғарыдан, былғары алмастырғыш немесе бумвинилдан жасалады, ашық түріндегі көлемі - 65 х 190 мм. Мұқабасының сыртқы бетінің ортасында алтындалған баспаханалық шрифтімен «КУӘЛІК» сөзі белгіленеді. 3. Куәліктің жапсырмасы жоғары өнімді компьютерлік техниканы, арнайы компьютерлік бағдарламаларды пайдалану арқылы баспаханалық тәсілмен жасалады, жоғары сапалы офсеттік техникада басып шығарылады, басып шығару алдында және басып шығару кезеңінде қолдан жасау және көшіруден көпдеңгейлі қорғалады. 4. Куәліктің жапсырманың негізгі түсі көгілдір. Жапсырмасы екі оң және сол бөліктен тұрады. 5. Жапсырманың сол жағы мемлекеттік тілде толтырылады. Жоғарғы жағында қызыл түсті Arial майлы қаріппен «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫЛАРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АЛҚАСЫ» жазуы және қызыл түсті Arial майлы қаріпімен өңірлік алқа атауы жазылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|