«Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 726 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 726 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 44, 582-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Кеме экипажының ең аз құрамына қойылатын талаптарда: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Талаптар Қазақстан Республикасының Теңіз кемелерінің мемлекеттік кеме тізілімінде, бербоут-чартер тізілімінде және халықаралық кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеуге жататын өздігінен жүретін кемелерге қолданылады.»; 5), 7) тармақшалар алынып тасталсын; 8), 9) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын: «8) палубалық команданың қатардағы құрамы; 9) машиналық команданың қатардағы құрамы.»; 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «5. Кеме экипажының саны кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлікте көрсетілгеннен кем болған кезде, мынадай мән-жайлардың бірінің болуын қоспағанда, кеменің теңізге шығуына жол берілмейді: 1) кеме экипажы мүшесінің қайтыс болуы; 2) кеме экипажы мүшесінің кемеден тыс емдеуді талап ететін ауруы немесе жарақаты; 3) «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 1-тармағында көрсетілген жағдайларда кеме экипажы мүшесінің репатриациясы; 4) экипаж мүшесінің рейске шығуға объективті мүмкіндігінің болмауы (құқық қорғау органдарының ұстауы, хабар-ошарсыз жоғалып кетуі, кеменің рейске тағайындалған шығу уақытына қарай кемеге оралмауы, құжаттарды жоғалтуы).»; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|