Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулықты бекіту туралы (2006.06.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2014 жылғы 9 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 10.05.00 ж. № 696 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді
ҚР Үкіметінің 2006.06.04. № 251 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр. ред. қара) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарының қызметін ретке келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: ҚР Үкіметінің 10.05.00 ж. № 696 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы қоса беріліп отырған Нұсқаулық бекітілсін. 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 Қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру
ҚР Үкіметінің 10.05.00 ж. № 696 Қаулысымен тақырыбы өзгертілді 1. Жалпы ережелер ҚР Үкіметінің 10.05.00 ж. № 696 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді 1. Осы Нұсқаулықтың «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 26-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан құрылатын консультативтік-кеңесші органдар (бұдан әрі - комиссиялар) мен жұмыс топтарын құру, қызметі және таратылуы мәселелерін реттейді. Құрылуы заң актілерімен тікелей кез-келген комиссияларға осы Нұсқаулық тиісті заң актілеріне қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады. ҚР Үкіметінің 05.03.04 ж. № 279 (бұр. ред. қара); 2005.10.02. № 135 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгерді 2. Комиссия Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін құрылады. ҚР Үкіметінің 2005.10.02. № 135 Қаулысымен 2-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2006.06.04. № 251 Қаулысымен 2-1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2-1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi кейiннен Қазақстан Республикасының Yкіметі мүшелерiнiң алқа шешiмiн қабылдауды талап ететiн аса маңызды мәселелер бойынша комиссияларды басқарады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi басқаратын комиссиялардың құрамына мемлекеттік органдардың бiрiншi басшылары немесе алмастыру құқығынсыз олардың мiндеттерiн атқаратын тұлғалар кiредi. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi мен оның орынбасары арасындағы мiндеттердi бөлуге сәйкес оның құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша комиссияларды басқарады. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары басқаратын комиссиялардың құрамына алмастыру құқығынсыз мемлекеттік органдардың бiрiншi басшыларының орынбасарларынан төмен емес мәртебесi бар лауазымды тұлғалар кiредi. Салааралық және ведомствоаралық мәселелер бойынша ұсыныстар әзiрлеу үшiн құрылатын комиссияларды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң өзге де мүшелерi басқарады. Осындай комиссиялардың мүшелері болып табылатын мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының мәртебесі департамент директорынан төмен емес болуы тиiс. ҚР Үкіметінің 2006.06.04. № 251 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 3. Жұмыс топтары Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретіне жатқызылған нақты проблемалар мен мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін құрылады. Жұмыс топтарының қызметі, әдетте, қысқа мерзімдік сипатта (6 айдан аз) болады және тиісті проблема және/немесе мәселе бойынша бір рет шешім қабылданғаннан кейін аяқталады. Жұмыс топтарының құрамына жұмыс тобына жүктелген міндеттерді орындайтын тікелей орындаушылар енгізіледі. 4. Комиссиялар мен жұмыс топтарының шешімдері ұсыныс сипатында болады. 5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы комиссиялар, әдетте, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен құрылады және таратылады. Жұмыс топтары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен құрылады. 2. Комиссиялар мен жұмыс топтарын құрудың тәртібі 6. Комиссияның жеке құрамы және қажет болған жағдайда ол туралы ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен бекітіледі. Жұмыс тобының құрамы, оның функциялары мен міндеттері Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкімімен белгіленеді. ҚР Үкіметінің 05.03.04 ж. № 279 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 7. Мемлекеттік органдар комиссияны немесе жұмыс тобын құруға белгілі бір мәселені шешу оның құзыретінің шегінен асып, басқа мемлекеттік органдардың қызмет аясын қамтығанда не оған осы органдардың немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің көмегі қажет болғанда бастамашылық жасайды. Мұндай жағдайда, комиссияны немесе жұмыс тобын құруға бастамашылық жасаған мемлекеттік орган барлық мүдделі мемлекеттік органдардан, ұйымдардан және өзге де тұлғалардан тиісті проблема немесе мәселе бойынша олардың қызметіне қатысу ықтималдығы туралы ұсыныстарын сұратады. ҚР Үкіметінің 05.03.04 ж. № 279 (бұр. ред. қара); 2005.10.02. № 135 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 8-тармақ өзгерді 8. Комиссияны немесе жұмыс тобын құруға бастамашылық жасаған мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Үкіметіне комиссияны (жұмыс тобын) құру қажеттілігінің анықтама-негіздемесін (алдын-ала келісу сатысы) ұсынады, онда мыналар көзделеді: 1) комиссияны/жұмыс тобын құру негіздемесі; 2) комиссияға/жұмыс тобына жүктелетін міндеттер мен функциялар; 3) комиссияның жұмыс органының функциясын орындау жүктелетін министрлік не ведомство; 4) комиссияны/жұмыс тобын басқаратын лауазымды тұлға, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ұйымдардың және өзге де тұлғалардың комиссияның/жұмыс тобының құрамына кандидатуралар бойынша ұсыныстары; 5) қажет болған жағдайда - комиссияның/жұмыс тобының қызметін қаржыландыру көздері; 6) комиссия/жұмыс тобы қызметінің мерзімі; 7) комиссияны/жұмыс тобын құру қажеттілігіне байланысты өзге де мән-жайлар. 9. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі 10 күн мерзімнен кешіктірмей комиссияны/жұмыс тобын құруға бастамашылық жасаған мемлекеттік органның ұсынысын қарайды және мынадай шешімдердің бірін шығарады: 1) комиссияны/жұмыс тобын құруға бастамашылық жасаған мемлекеттік органның ұсынысымен келіседі; 2) ҚР Үкіметінің 2006.06.04. № 251 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 3) комиссияны/жұмыс тобын құру туралы ұсынысты қабылдамай, бастама көтерген органға негізді жауап жібереді. ҚР Үкіметінің 2005.10.02. № 135 (бұр. ред. қара); 2006.06.04. № 251 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 10-тармақ өзгертілді 10. Осы Нұсқаулықтың 9-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда комиссияны/жұмыс тобын құруға бастамашылық жасаған мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентіне сәйкес мүдделі министрліктермен және ведомстволармен келісілген Қазақстан Республикасының Үкіметінiң не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тиiстi актісінің жобасын әзірлеп, Үкіметке енгізеді. 11. Комиссияны не жұмыс тобын құру заңдарда көзделген жағдайларда не Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының немесе Премьер-Министр Кеңсесінің бастамасы бойынша жүзеге асырылса, осы Нұсқаулықтың 7 және 8-тармақтарында көзделген комиссия құру туралы Үкімет шешімінің жобасын Премьер-Министрдің Кеңсесімен келісу талап етілмейді. ҚР Үкіметінің 05.03.04 ж. № 279 (бұр. ред. қара); 2006.06.04. № 251 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 12-тармақ өзгертілді 12. Комиссияның/жұмыс тобының құрамына комиссияға/жұмыс тобына жүктелген міндеттерді шешу заңдарға сәйкес құзыретіне кіретін министрліктердің, ведомстволар мен ұйымдардың өкілдері енгізіледі. Жекелеген жағдайларда комиссиялардың/жұмыс топтарының құрамына ғылыми, үкiметтік емес және басқа да ұйымдардың өкiлдерi, ғалымдар, мамандар және олардың келісімi бойынша өзге де адамдар енгiзiлуi мүмкiн. Комиссиялардың/жұмыс топтарының мүшелері олардың қызметіне ауыстыру құқығынсыз қатысады.
3. Комиссияның/жұмыс тобының міндеттері мен функциялары 13. Комиссияның/жұмыс тобының міндеттері мен функциялары Үкіметтің тиісті шешімінде және Премьер-Министрдің өкімінде белгіленеді. 4. Комиссияның/жұмыс тобының органдары ҚР Үкіметінің 05.03.04 ж. № 279 Қаулысымен 14-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 14. Комиссияның/жұмыс тобының органдары: 1) жұмысшы орган (тек комиссияда жұмыс істейді); 2) төраға/жетекші; 3) төрағаның/жетекшінің орынбасары; 4) хатшы; 5) ҚР Үкіметінің 2005.10.02. № 135 Қаулысымен алынып тасталды (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 2005.10.02. № 135 Қаулысымен 15-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 15. Комиссияны құруға бастамашылық жасаған мемлекеттік орган болып табылатын оның жұмыс органы не комиссия төрағасы болып табылатын лауазымды тұлға оны құру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмiнде көрсетіледi. Комиссияның жұмыс органы комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2006.06.04. № 251 Қаулысымен 16-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 16. Комиссияның/жұмыс тобының төрағасы/жетекшісі оның қызметіне басшылық жасайды, комиссия отырыстарына төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссия/жұмыс тобы жүзеге асыратын қызмет, сондай-ақ салааралық, ведомствоаралық үйлестіру үшін және комиссия/жұмыс тобы әзірлейтін шешімдер үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес дербес жауап береді. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары атқарады. ҚР Үкіметінің 2006.06.04. № 251 Қаулысымен 17-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 17. Комиссияның/жұмыс тобының хатшысы комиссия отырысының күн тәртібі жөніндегі ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды және ол өткізілгеннен кейін хаттамаларды ресімдейді. Хатшы комиссияның/жұмыс тобының мүшесі болып табылмайды. ҚР Үкіметінің 2005.10.02. № 135 Қаулысымен 18-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 18. Егер Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің шешiмiнде өзгеше белгiленбесе, жұмыс тобының жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді оны құруға бастамашылық жасаған мемлекеттік орган жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2005.10.02. № 135 (бұр. ред. қара); 2006.06.04. № 251 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 19-тармақ өзгертілді 19. Комиссияның/жұмыс тобының шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оған комиссия/жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының басым көпшілігі дауыс берген жағдайда қабылданды деп есептеледі. Дауыстар тең болған жағдайда төраға/жетекшi дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі. Комиссия/жұмыс тобы мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, олай болған жағдайда, ол жазбаша түрде баяндалуы және осы Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген комиссияның/жұмыс тобының есеп-хатына қоса тіркелуі тиіс. Комиссияның/жұмыс тобының отырыстарын өткізудің нәтижелері бойынша хаттама жасалады, оған міндетті түрде барлық комиссия мүшелері қол қояды. 5. Комиссиялар мен жұмыс топтарының қызметін тоқтату ҚР Үкіметінің 2006.06.04. № 251 Қаулысымен 20-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 20. Комиссия/жұмыс тобы қызметін тоқтатуға: 1) комиссия/жұмыс тобы қызметі мерзімінің аяқталуы; 2) комиссияға/жұмыс тобына жүктелген міндеттердің орындалуы; 3) бұрын комиссияға/жұмыс тобына жүктелген міндеттерді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың немесе өзге комиссияның/жұмыс тобының құрылуы; 4) комиссия/жұмыс тобы міндетінің орындалуына мүмкіндік бермейтін не орның орындалуын қажет етпейтін өзге мән-жайлар негіз болады. ҚР Үкіметінің 2006.06.04. № 251 Қаулысымен 21-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 21. Комиссияның/жұмыс тобының қызметін тоқтату үшін осы Нұсқаулықтың 20-тармағында көрсетілген жағдайлар туындаған немесе комиссияның/жұмыс тобының құрамына немесе функцияларына өзгерістер енгізу қажет болған кезде комиссияның жұмыс органы болып табылатын не лауазымды адамы жұмыс тобының жетекшісі болып табылатын мемлекеттік орган белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының немесе Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімінің тиісті жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне уақтылы енгізеді. Егер Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, оның орынбасары, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы немесе оның орынбасары жұмыс тобының жетекшісі болып табылған жағдайда Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің тиісті өкімін жұмыс тобы жетекшісінің тапсырмасы бойынша осындай тапсырмада көрсетілген мемлекеттік орган енгізеді. 22. ҚР Үкіметінің 2006.06.04. № 251 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 2006.06.04. № 251 Қаулысымен 23-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 23. Комиссияның/жұмыс тобының қызметін тоқтатуға әкеп соғатын жағдай туындаған кезде Премьер-Министрдің Кеңсесіне оған сәйкес комиссия/жұмыс тобы құрылған Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулысының немесе Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі өкімінің күші жойылды деп тану туралы шешімнің жобасымен бір мезгілде оның атқарған жұмысы туралы есеп-хат жолданады. ҚР Үкіметінің 2006.06.04. № 251 Қаулысымен 24-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 24. Есеп-хат: 1) комиссия/жұмыс тобы әзірлеген қорытынды құжаттан; 2) комиссия/жұмыс тобы өз қызметін тоқтатуды қажет деп есептеуінің негіздерін қамтиды. 25. ҚР Үкіметінің 2006.06.04. № 251 Қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) ҚР Үкіметінің 10.05.00 ж. № 696 Қаулысымен 5-1-бөліммен толықтырылды 5-1. Жедел жұмыс топтары ҚР Үкіметінің 2006.06.04. № 251 Қаулысымен 25-1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 25-1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары мен Премьер-Министрдiң Кеңсесi Басшысының құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша, сондай-ақ нақты проблемалар бойынша және түрлi министрлiктер мен ведомстволардың өкiлдерiн тарта отырып кiдiрiссiз және жедел шешудi қажет ететiн мәселелер бойынша ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында жедел жұмыс топтары құрылуы мүмкiн. Жедел жұмыс топтары өздерiнiң мәртебесi бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң консультативтiк-кеңесшi органы болып табылмайды, олардың арасындағы мiндеттердiң бөлiнуiне сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары мен Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы қызметiнiң тиiстi бағыттары бойынша тиiстi ұсынымдар (ұсыныстар) әзiрлеуге арналған. 25-2. Жедел жұмыс топтарының қызметi, әдетте, қысқа мерзiмдi (3 айдан аз) сипатта болады және тиiстi проблема және/немесе мәселе бойынша бiрмәрте ұсынымдық шешiм қабылдаумен аяқталады. Жедел жұмыс топтарының құрамына әдетте, жедел жұмыс тобына жүктелген мiндеттердi тiкелей атқарушылар, сондай-ақ олардың келісімi жағдайында мемлекеттік және өзге де ұйымдардың мамандары кiредi. ҚР Үкіметінің 2006.06.04. № 251 Қаулысымен 25-3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 25-3. Жедел жұмыс топтары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарының және/немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесi Басшысының шешiмi бойынша құрылады. Жедел жұмыс тобының құрамын, оның мақсаттары мен мiндеттерiн Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары және/немесе Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Кеңсесiнiң Басшысы бекiтедi. ҚР Үкіметінің 2006.06.04. № 251 Қаулысымен 25-4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 25-4. Жедел жұмыс тобының қызметi осы Нұсқаулықтың 20-тармағында көзделген негiздемелер бойынша тоқтатылады. Жедел жұмыс тобының қызметiн тоқтатуына әкеп соқтыратын жағдайлар пайда болған кезде, жедел жұмыс тобының жетекшiсi iстелген жұмыстар туралы есеп-хат ұсынады. Премьер-Министрдiң орынбасары және/немесе Премьер-Министр Кеңсесiнiң Басшысы жедел жұмыс тобының қорытындыларына келісім бiлдiрген жағдайда, оның қызметi тоқтатылған болып есептеледi. 26. Осы Нұсқаулық төтенше жағдайлар туындаған кезде комиссия/жұмыс тобын құру туралы шешім қабылдауға қолданылмайды. |