<< Назад
Далее >>
0
0
Два документа рядом (откл)
Распечатать
Копировать в Word
Скрыть комментарии системы
Информация о документе
Справка документа
Поставить на контроль
В избранное
Посмотреть мои закладки
Скрыть мои комментарии
Посмотреть мои комментарии
Сравнение редакций
Русский
Казахский и русский
Увеличить шрифт
Уменьшить шрифт
Корреспонденты
Респонденты
Сообщить об ошибке

«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V Заңы (2025.25.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 
Оглавление
Перемещение в другую часть документа >>
  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения
  • Показать изменения

Қазақстан Республикасының
 Заңы

  • Показать изменения

Рұқсаттар және хабарламалар туралы

(2025.25.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы Заңға өзгерістер енгізу туралы:

2024.08.07. № 121-VІІІ ҚР Заңын қараңыз (2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

2024.03.10. № 130-VІІІ ҚР Заңын қараңыз (2025 ж. 5 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі);

2024.22.11. № 138-VIII ҚР Заңын қараңыз (2025 ж. 25 мамырдан бастап қолданысқа енгізіледі);

2024.30.12. № 148-VIII ҚР Заңын қараңыз (2025 ж. 2 наурыздан, 2027 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

2024.30.12. № 149-VIII ҚР Заңын қараңыз (2026 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі);

2025.10.01. № 153-VIII ҚР Заңын қараңыз (2025 ж. 13 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі);

2025.13.01. № 157-VIII ҚР Заңын қараңыз (2025 ж. 16 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі)

 

 

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

2-бап. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасы

3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы

4-бап. Рұқсаттар және хабарламалар саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары

5-бап. Тұтынушылар, кәсіпкерлер және мемлекет мүдделерінің теңгерімі

6-бап. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізудің негізділігі және тиімділігі

7-бап. Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы және ақпараттың қолжетімділігі

8-бап. Өзара жауаптылық

9-бап. Сыбайлас жемқорлықтан азат болу

9-1-бап. Заңдылық

2-тарау. РҰҚСАТТАР ЖӘНЕ ХАБАРЛАМАЛАР САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІ

10-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

11-бап. Рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органның құзыреті

12-бап. Реттеуші мемлекеттік органдардың құзыреті

13-бап. Рұқсат беру органдарының құзыреті

14-бап. Хабарламалар қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың құзыреті

15-бап. Ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның құзыреті

3-тарау. ҚЫЗМЕТТІ НЕМЕСЕ ӘРЕКЕТТЕРДІ (ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ) ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ РҰҚСАТ БЕРУ ЖӘНЕ ХАБАРЛАМА ЖАСАУ ТӘРТІБІ

16-бап. Реттелетін қызметтің немесе әрекеттердің (операциялардың) қауіптілік деңгейлері

17-бап. Рұқсат беру және хабарлама жасау тәртіптері туралы жалпы ережелер

18-бап. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізу және оның күшін жою тәртібі

19-бап. Алып тасталды

20-бап. Өтініш берушілердің құқықтары

21-бап. Рұқсат беру органдарының құқықтары мен міндеттері

4-тарау. РҰҚСАТТАР

22-бап. Рұқсаттардың қолданысы

23-бап. Рұқсаттардың сыныптары

24-бап. Рұқсаттардың және (немесе) оларға қосымшалардың нысандары

25-бап. Рұқсаттарды алуға арналған өтініштерді қараудың жалпы тәртібі

26-бап. Рұқсат беру мерзімін өткізіп алу салдары

27-бап. Рұқсатты және (немесе) оған қосымшаны беру үшін шетелдік заңды тұлғалардың құжаттарды ұсыну ерекшеліктері

5-тарау. ЛИЦЕНЗИЯЛАУ

28-бап. Лицензиялау салалары

29-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру шарттары

30-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру туралы өтініштерді қарау мерзімдері

31-бап. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым

32-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беруден бас тарту

33-бап. Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу

34-бап. Заңды тұлға-лицензиат қайта ұйымдастырылған жағдайда лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысы

35-бап. Лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның қолданысын тоқтату

36-бап. Жекелеген қызмет түрлерін лицензиялаудың ерекше шарттары

37-бап. Экспорт және импорт кезіндегі рұқсат беру құжаттары туралы жалпы ережелер

 

6-тарау. РҰҚСАТ БЕРУ РӘСІМДЕРІ

38-бап. Екінші санаттағы рұқсатты беру ерекшеліктері

39-бап. Екінші санаттағы рұқсатты беру туралы өтініштерді қарау мерзімдері

40-бап. Рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру кезінде алынатын алымдар немесе төлемдер

41-бап. Екінші санаттағы рұқсатты беруден бас тарту

42-бап. Екінші санаттағы рұқсаттың қолданысын тоқтату

7-тарау. РҰҚСАТТЫҢ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) РҰҚСАТҚА ҚОСЫМШАНЫҢ ТЕЛНҰСҚАЛАРЫН БЕРУ, ҚАТЕЛЕРІН ТҮЗЕТУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСЫН ТОҚТАТА ТҰРУ, ҚАЙТА БАСТАУ ЖӘНЕ ОДАН АЙЫРУ (ОНЫ ҚАЙТАРЫП АЛУ)

43-бап. Рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның телнұсқаларын беру, сондай-ақ электрондық форматқа көшіру

44-бап. Берілген рұқсаттардағы және (немесе) рұқсаттарға қосымшалардағы қателерді түзету

45-бап. Рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын тоқтата тұру, қайта бастау, одан айыру (оны қайтарып алу)

8-тарау. ХАБАРЛАМА ЖАСАУ ТӘРТІБІ

46-бап. Хабарлама жасау тәртібі

47-бап. Хабарлама жіберілгенін растау

48-бап. Лицензиялауды, рұқсат беру рәсімдерін және хабарламалар жасауды электрондық нысанда жүзеге асыру

9-тарау. ЛИЦЕНЗИЯЛАУДЫ, РҰҚСАТ БЕРУ РӘСІМДЕРІН ЖӘНЕ ХАБАРЛАМАЛАР ЖАСАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕЗІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

48-бап. Лицензиялауды, рұқсат беру рәсімдерін және хабарламалар жасауды электрондық нысанда жүзеге асыру

49-бап. Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі

10-тарау. ЖАУАПТЫЛЫҚ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ

50-бап. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

51-бап. Хабарламалар бойынша бақылау және рұқсаттық бақылау

11-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР

52-бап. Өтпелі ережелер

53-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

1-ҚОСЫМША

2-ҚОСЫМША

3-ҚОСЫМША

 

 

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

Осы Заң жеке кәсіпкерлік субъектілерінің және осы Заңда көзделген басқа да тұлғалардың жекелеген қызмет түрлерін немесе әрекеттерді жүзеге асыруына рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізуге және іске асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.

 

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.24.11. № 419-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2023.23.12. № 50-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 24 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) тармақша жаңа редакцияда

  • Показать изменения

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды

1-1) ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган - ақпараттандыру және «электрондық үкiмет» саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 1-2) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

1-2) берілген рұқсаттар бойынша біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына, жіберілген хабарламалар бойынша талаптарға сəйкестігі тұрғысынан жүргізілетін рұқсаттық бақылау - мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі рұқсат беру органдарының лицензиялар немесе екінші санаттағы рұқсаттар берілгеннен кейін лицензиаттар мен екінші санаттағы рұқсаттар иелерінің, сондай-ақ хабарлама жіберген өтініш берушілердің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарын сақтауын, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізіліміне енгізуді қамтамасыз етуге бағытталған қызметі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) біліктілік талаптары - өтініш берушінің және лицензиаттың жекелеген лицензияланатын қызмет түрімен және (немесе) лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрімен айналысу қабілетін сипаттайтын, лицензия және (немесе) лицензияға қосымша беру кезінде де, оның жарамдылығы уақытының бүкіл кезеңінде де қойылатын сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткіштер жиынтығы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) екінші санаттағы рұқсатты беруге уәкілетті орган - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыретіне рұқсат беру рәсімін жүзеге асыру жөніндегі функциялар жатқызылған мемлекеттік орган немесе лауазымды тұлға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) екінші санаттағы рұқсатты иеленуші - екінші санаттағы жарамды рұқсаты бар жеке немесе заңды тұлға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5) лицензияланатын қызмет түрі - айналысу үшін осы Заңға сәйкес лицензия алу талап етілетін қызмет түрі (белгілі бір әрекет (операция, сақтандыру сыныптары);

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

6) лицензия - лицензиар жеке немесе заңды тұлғаға, сондай-ақ қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлғаның филиалына қауіптіліктің жоғары деңгейімен байланысты лицензияланатын қызмет түрін не лицензияланатын қызметтің кіші түрін жүзеге асыруға беретін бірінші санаттағы рұқсат;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7) лицензиар - осы Заңға сәйкес лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

8) лицензиат - лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлғаның филиалы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

9) лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі - бір лицензия аясында тиісті лицензияланатын қызмет түрін нақтылау;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

10) лицензиялау - лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаларды және лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшалардың телнұсқасын беруге және қайта ресімдеуге, рұқсаттық бақылауды жүзеге асыруға, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшалардың қолданысын тоқтата тұруға, қайта бастауға және тоқтатуға байланысты іс-шаралар кешені;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

11) лицензияның иеліктен шығарылатындығы - басқа жеке немесе заңды тұлғаның біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру рәсімдерін жүргізбей, оған лицензияны қайта ресімдеу мүмкіндігі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

12) жарамды рұқсат - берілген, ұзартылған немесе қайта ресімделген, қолданысы осы Заңға сәйкес тоқтатыла тұрмаған немесе тоқтатылмаған рұқсат;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

13) өтініш беруші - лицензиялаудан немесе рұқсат беру рәсімінен өту үшін тиісті рұқсат беру органына жүгінген немесе хабарлама жіберген жеке немесе заңды тұлға, заңды тұлғаның филиалы немесе өкілдігі, лицензиат, екінші санаттағы рұқсатты иеленуші;

2022.14.07. № 141-VІІ ҚР Заңымен 13-1) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

13-1) өтініш берушіні тексерудің және рұқсат берудің автоматты режимі - рұқсат беру органының жауапты адамының қатысуынсыз өтінішті қарау және рұқсатты беру жүргізілетін режим;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

14) реттеуші мемлекеттік органдар - рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібі енгізілген немесе енгізу жоспарланып жатқан нақты салада кәсіпкерлік қызметті реттеуге жауапты мемлекеттік органдар;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 15) тармақша жаңа редакцияда (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

15) рұқсат - рұқсат беру органдары лицензиялау немесе рұқсат беру рәсімі арқылы жүзеге асыратын, жеке немесе заңды тұлғаның, сондай-ақ қызметінің нысанасы қаржылық қызметтер көрсету болып табылатын шетелдік заңды тұлға филиалының қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру құқығын растау;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

16) 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен алып тасталды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

17) рұқсат беру органдары - лицензиарлар және екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органдар;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

18) рұқсат беру тәртібі - қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру басталғанға дейін тұлғаның осы Заңда көзделген жарамды рұқсатқа ие болу міндетін белгілеу;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

19) рұқсат беру рәсімі - екінші санаттағы рұқсатты беруге және оған қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де әрекеттерді жасауға, сондай-ақ рұқсаттық бақылауды жүзеге асыруға байланысты іс-шаралар кешені;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

20) рұқсат беру талаптары - өтініш берушінің және екінші санаттағы рұқсатты иеленушінің рұқсат беру тәртібі енгізілген жекелеген қызмет түрін немесе әрекетті (операцияны) жүзеге асыру қабілетін сипаттайтын, екінші санаттағы рұқсатты беру кезінде де, оның жарамдылығы уақытының бүкіл кезеңінде де қойылатын сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткіштердің жиынтығы;

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 20-1) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

20-1) рұқсат жəне (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейінгі, сондай-ақ жіберілген хабарлама бойынша рұқсаттық бақылау (бұдан əрі - рұқсаттық бақылау) - рұқсат беру органдарының рұқсат жəне (немесе) рұқсатқа қосымша берілгенге дейінгі, сондай-ақ жіберілген хабарлама бойынша өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сəйкестігін анықтауға бағытталған қызметі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

21) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімі - берілген, қайта ресімделген, тоқтатыла тұрған, күші жойылған, ұзартылған, қайта басталған және қолданысы тоқтатылған рұқсаттар және олардың телнұсқалары туралы, сондай-ақ алынған хабарламалар туралы мәліметтер қамтылған рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің құрауышы;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

22) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган - рұқсаттар мен хабарламалар саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2015.12.11. № 391-V ҚР Заңымен 23) тармақша жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

23) рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібінің реттеушілік әсерін талдау (бұдан әрі - реттеушілік әсерді талдау) - кейіннен мемлекеттік реттеу, сондай-ақ кәсіптік немесе кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің өзін-өзі реттеуі мақсаттарына қол жеткізуді бағалауға мүмкіндік беретін, енгізілетін рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібінің пайдасы мен шығындарын салыстырудың талдамалық рәсімі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

24) рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін қатаңдату - өтініш берушілерге, лицензиаттарға немесе екінші санаттағы рұқсаттарды иеленушілерге қосымша талаптар, міндеттер белгілеу немесе жүктемені өзгеше ұлғайту;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

25) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі - лицензиялауды, сәйкестендіру нөмірін бере отырып, рұқсат алу бөлігінде рұқсат беру рәсімдерін электрондық түрде жүзеге асыруға, өтініш берушінің хабарлама жіберуіне және осы процестерді қамтамасыз етуге арналған, «электрондық үкіметтің» құрауышы болып табылатын ақпараттық жүйе;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

26) рұқсаттың электрондық нысаны - рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесін пайдалана отырып ресімделетін және алынатын, қағаз жеткізгіштегі рұқсатпен мәні бірдей электрондық құжат нысанындағы рұқсат;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

27) тарихи деректер - хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын рұқсат беру органдары мен мемлекеттік органдарда рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу мүмкіндігі уақытша немесе ұдайы болмаған кезеңде берілген немесе жіберілген рұқсаттар мен хабарламалар туралы ақпарат;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

27-1) 2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 28) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 28) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

28) хабарлама - рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті орган, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган бекiткен нысан бойынша өтiнiш берушi жасаған, қызметтiң немесе әрекеттiң жүзеге асырылуының басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы ақпарат беретiн құжат;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

29) хабарлама жасау тәртібі - қызметті немесе әрекеттерді жүзеге асыру басталғанға дейін жеке немесе заңды тұлғаның бұл туралы осы Заңда белгіленген тәртіппен хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органды хабардар ету міндетін белгілеу;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

30) ілеспе рұқсат - өтініш берушіге басқа рұқсатты беру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті шарт болып табылатын екінші санаттағы рұқсат;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий
  • Показать изменения

31) 2020.30.12. № 397-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2021 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2-бап. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасы

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгіленген болса, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Осы Заңның күші Қазақстан Республикасындағы бір мезгілде мынадай белгілерге сәйкес келетін барлық рұқсаттар мен хабарламаларға қолданылады:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) жеке немесе заңды тұлға қызметті немесе әрекетті (операцияны) жүзеге асыруды бастау үшін - рұқсатты алған, ал хабарламаны жіберген болуға тиіс;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес рұқсат (ілеспе рұқсаттан басқа) алу және хабарлама жіберу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тұлғалар тобы үшін міндетті болып табылады, ал оларды алмай қызметті немесе әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асыру қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) рұқсатты беруді және хабарламаны қабылдауды уәкілетті мемлекеттік органдар немесе уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары жүзеге асырады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) рұқсат алу, хабарлама жіберу жөніндегі міндет: жеке және заңды тұлғаларға - жекеше кәсіпкерлік субъектілеріне; реттелетін кәсіби қызметпен айналысуға құқық алатын жеке тұлғаларға; жекеше кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын, бірақ өзінің қызметін немесе әрекеттерін (операцияларын) жүзеге асыру үшін жекеше кәсіпкерлік субъектілері сияқты сондай рұқсаттарды алуға міндетті жеке және заңды тұлғаларға жүктеледі;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

5) рұқсат берудi жүзеге асыратын органдар нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн тексерудi жүргiзуге және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда рұқсат беруден бас тартуға уәкiлеттi болады;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2016.29.03. № 479-V ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

6) жеке кәсіпкерлік субъектілері алатын рұқсаттар оларға кейіннен жеңілдіктер (жеңілдік шарттарын) беру үшін негіздеме болып табылмайды.

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Осы Заңның күші:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) осы Заңға 1 және 2-қосымшаларда көзделмеген, «Техникалық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген рұқсаттарға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуге және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуге, заңды тұлғалар қызметінің тоқтатылуын мемлекеттік тіркеуге, филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуден шығаруға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

3) валюталық шарттарды есептік тіркеуге, жүргізілген валюталық операциялар туралы хабарлама жасауға, шетелдік банктердегі шоттар туралы хабарлама жасауға жəне «Валюталық реттеу жəне валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес жүзеге асырылатын осындай шоттарды есептік тіркеуге;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2022.12.07. № 138-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша жаңа редакцияда (2022 ж. 12 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

4) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілетін эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын, хабарламаларды, ақпарат пен есептерді мемлекеттік тіркеуге;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

5) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қаржы саласындағы қызметті және қаржы ресурстарын шоғырландыруға байланысты қызметті жүзеге асыру процесінде бағалы қағаздар эмитенттері мен қаржы ұйымдары жіберетін хабарламаларға (мәліметтерге);

  • Показать изменения

5-1) 2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен алып тасталды (2020 ж. 16 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген, осы Заңға 2-қосымшада көзделмеген рұқсаттарға;

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

7) табиғи монополиялар салаларында және реттелетін нарықтарда табиғи монополиялар субъектілерінің тариф белгілеуді реттеу және реттелетін нарық субъектілерінің баға белгілеу бөлігінде басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті органның әрекеттеріне;

2019.18.03. № 237-VІ ҚР Заңымен 7-1) тармақшамен толықтырылды (2019 ж. 10 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді)

  • Показать изменения

7-1) Қазақстан Республикасында экспорттауға лицензия алған кезде қару-жарақ пен әскери техника түріндегі пайдаланылмайтын мүлікті өздері резиденті болып табылатын елдің не сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар ретінде тіркелген басқа елдің лицензиары берген рұқсаты бар шетелдік заңды тұлғалардың сатып алуына;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

  • Показать изменения

8) «Мемлекеттік құпиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген рұқсаттарға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды; 2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 9) тармақша өзгертілді

  • Показать изменения

9) ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік жөніндегі талаптарды орындауға жатқызылатын және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жеке және заңды тұлғаларға беретін рұқсаттарға;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2018.02.07. № 168-VІ ҚР Заңымен 10) тармақшамен толықтырылды; 2019.03.07. № 262-VІ ҚР Заңымен (2020 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 10) тармақша өзгертілді

  • Показать изменения

10) қаржы ұйымдарының, сондай-ақ өзге де заңды тұлғалардың «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен және шарттарда ерекше реттеу режимі шеңберінде жүзеге асырылатын қызметіне;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2024.06.04. № 71-VIII ҚР Заңымен 11) тармақшамен толықтырылды (2024 ж. 8 маусымнан бастап қолданысқа енгізілді)

11) төлем балансын қорғау жөніндегі шаралар шеңберінде белгіленетін, «Валюталық реттеу жəне валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес енгізілетін рұқсаттарға жəне хабарламаларға қолданылмайды.

 

  • Корреспонденты на фрагмент
  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4-бап. Рұқсаттар және хабарламалар саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары

Рұқсаттар және хабарламалар саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1) тұтынушылар, кәсіпкерлер және мемлекет мүдделерінің теңгерімі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2) рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізудің негізділігі және тиімділігі;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3) мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы және ақпаратқа қолжетімділік;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

4) өзара жауаптылық;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5) сыбайлас жемқорлықтан азат болу;

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2021.30.12. № 95-VII ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды

  • Показать изменения

6) заңдылық.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

5-бап. Тұтынушылар, кәсіпкерлер және мемлекет мүдделерінің теңгерімі

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізу қызмет немесе әрекеттер (операциялар) қауіпсіздігінің жеткілікті деңгейін, кәсіпкерлерге объективті түрде қажетті ең аз жүктеме кезінде тұтынушылардың құқықтарын барынша тиімді қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

2. Біліктілік және рұқсат беру талаптары өтініш берушіге, лицензиатқа немесе екінші санаттағы рұқсатты иеленушіге алдағы қызмет және әрекет (операция) немесе объект қауіпсіздігінің талап етілетін деңгейін қамтамасыз ету үшін жеткілікті сандық және сапалық нормативтер мен көрсеткіштердің ең аз қажетті жиынтығын қамтамасыз етуге тиіс.

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

3. Рұқсат беру органдарының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде тікелей көзделмеген құжаттарды беруді талап етуге құқығы жоқ.

 

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

6-бап. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізудің негізділігі және тиімділігі

  • Поставить закладку
  • Посмотреть закладки
  • Добавить комментарий

1. Рұқсат беру немесе хабарлама жасау тәртібін енгізудің негізділігі және тиімділігі мемлекеттік реттеу мақсатына қол жеткізуде негіздеудің, келісудің және олардың тиімділігіне мониторинг жүргізудің міндетті рәсімдерін енгізу арқылы қамтамасыз етіледі.


Содержание
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР2-тарау. РҰҚСАТТАР ЖӘНЕ ХАБАРЛАМАЛАР САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ ЖҮЙЕСІ3-тарау. ҚЫЗМЕТТІ НЕМЕСЕ ӘРЕКЕТТЕРДІ (ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ) ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ РҰҚСАТ БЕРУ ЖӘНЕ ХАБАРЛАМА ЖАСАУ ТӘРТІБІ4-тарау. РҰҚСАТТАР5-тарау. ЛИЦЕНЗИЯЛАУ6-тарау. РҰҚСАТ БЕРУ РӘСІМДЕРІ7-тарау. РҰҚСАТТЫҢ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) РҰҚСАТҚА ҚОСЫМШАНЫҢ ТЕЛНҰСҚАЛАРЫН БЕРУ, ҚАТЕЛЕРІН ТҮЗЕТУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСЫН ТОҚТАТА ТҰРУ, ҚАЙТА БАСТАУ ЖӘНЕ ОДАН АЙЫРУ (ОНЫ ҚАЙТАРЫП АЛУ)8-тарау. ХАБАРЛАМА ЖАСАУ ТӘРТІБІ9-тарау. ЛИЦЕНЗИЯЛАУДЫ, РҰҚСАТ БЕРУ РӘСІМДЕРІН ЖӘНЕ ХАБАРЛАМАЛАР ЖАСАУДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕЗІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР10-тарау. ЖАУАПТЫЛЫҚ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ11-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР1-ҚОСЫМША2-ҚОСЫМША3-ҚОСЫМША