Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу туралы (2009.25.11. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2014 жылғы 27 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су Кодексінің 116 бабының 2 тармағына және «Су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу Ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 қаңтардағы № 42 қаулысына сәйкес, сондай-ақ жер үсті су көздерінің ластанып бүлінуіне, бітелуіне және тартылуына жол бермеу, су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарын санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға сай ұстау мақсатында, бекітілген жобалау құжаттамасының негізінде, Жамбыл облысының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Облыстың су айдындарына іргелес жатқан су қорғау аймақтары мен белдеулері № 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін. 2. Жамбыл облысы әкімдігінің 2009.25.11. № 385 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден кейін күшіне енеді және бірінші ресми жарияланғанынан он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Е.Ө. Үсенбаевқа жүктелсін.
2008 жылғы 25 сәуірдегі № 113 қаулысына № 1 қосымша
Жамбыл облысындағы Шу, Талас, Аса өзендерінің, Билікөл көлінің және Тасөткел су қоймасының су қорғау аймақтары мен белдеулері
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|